Пәлей! Мақұл-ақ! Ал ендеше мен нені айттым!? (М.Әуезов). Еhe! Сен өзің
біздің қақпанға бұрын да түскен кәрі қасқыр екенсің ғой (А.С.Пушкин).
Одағай тәріздес бәсе, жә, қош, қой, құп (болады), жай, бәлем,
жарайды (осы мағынадағы жақсы), мақұл, болды, дұрыс, бәрекелді
сияқты сөздер сөйлем ішінде жұмсалған орны мен мағынасына қарай
оқшауланып келсе, өзге сөздерден үтірмен бөлінеді. Мысалы: Қой, не де
болса қалмайық енді. Жә, тоқтат, ақсақал! Бәсе, Белқара ғой... Бәлем,
Бөжей де осыны сезген болар (М.Әуезов).
Иә, (я), жоқ, мә, мәңіз сөздері де сөйлем ішінде үтірмен
ажыратылады: Мысалы: Ақтағаны ма? Жоқ, жай шошығаны ма? Иә,
бетің ыстық, ауырған жерің бар ма? (М.Әуезов).
Одағайлар көбінесе қаратпа сөзбен қатар қойылады: Ей, аққу,
сәлем деші жолыққанда (С.Сейфуллин). Пай-пай, бала-ай, сабырың-ақ
соңымнан қалмады-ау (Ғ.Мұстафин). Сыналар, ей, жігіттер, келді кезің
(Абай).
Ә деген одағай мен ә дегенше, ә дегенмен тіркестерін, әй, әу деген
одағайлар мен әй (ай) дер ажа, әудем жер деген сияқты тіркестерді
(олардағы ә, әй, әу деген форматтары) шатастырмау керек: тіркес
құрамындағы ә, әй, әу дегендер өзінен кейінгі сөзден үтірмен бөлінбейді:
Ә дегенше жетіп келді. Оның даусы әудем жерге естіліп тұрды. Мен
оны ә дегеннен тани кеттім.
Айқындауыш
мүшелердің
тыныс
белгілері.
Оңашаланған
айқындауыш мүшелер сөйлемнің басқа мүшелерінен көбінесе үтірмен
бөлінеді. Мысалы: Абай былтыр бақырауда, күзем үстінде, қалаға оқуға
кеткенде, дәл осы қоныстан, Есенбайдан, кеткен болатын. Ұлжан енесіне
бағана, Абай ұйықтап жатқанда, бар жайды айтқан (М.Әуезов).
Оңашаланған айқындауыш мүше болатындар:
Өзінен бұрынғы сөздің мәнін айқындап, дәлдеп беретін және
117
сонымен септік жалғаулары жағынан тұлғалас келетін бір сөз не сөз
тіркесі:
Осы үйдің ер жетіп қалған екі баласын, Нұржан мен Нұрланды, жұрт
көп мақтайды. Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің,
Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады (М.Әуезов).
Яғни, әсіресе, мысалы, яки, немесе, болмаса, басқаша айтқанда,
«әсіресе» деген мағынадағы көбінесе, оның ішінде, тіпті деген сөздермен
басталатын тіркестер өзінің алдындағы сөздің мағынасын дәлелдеп түрса
оңашаланған мүше болады. Үтір тұтас тіркестің екі жағынан қойылады:
Ылғалды жерлерде, көбінесе өзен бойларында, шөп қалың өседі. Реакцияға
түскен заттардың салмағына әрдайым тең болады; бұл заңды заттар
сақталу заңы, немесе Ломонов заңы, деп атайды.
Қарамастан, қоспағанда, есептемегенде деген сөздерге
аяқталатын тіркестер де үтірмен бөлінеді: Аяғының ауырғанына
қарамастан, ол шапшаң жүріп отырды. Кешігіп қалған екеуді қоспағанда,
жорыққа аттанатын шаңғышылар саны он алты. Жорыққа аттанатын
шаңғышылар саны, кешігіп қалған екеуді қоспағанда, он алты.
Оңашаланған мүше инверсияланып (әдеттегі орны ауысып) келуі
мүмкін, ол күнде де сөйлем ішінде үтірмен ажыратылады: Мұқанның
баласы ғой, менің былтыр өлген ағамның (С.Мұқанов). Бұл сөйлемнің
әдеттегі орын тәртібі: Мұқанның, менің былтыр өлген ағамның, баласы ғой
болу керек.
Оңашаланған айқындауыш мүше өзінің алдындағы айқындайтын
сөзімен септік, тәуелдік жалғаулары жағынан қиыспай тұрса, яғни
айқындалушы сөз атау тұлғада келсе, араларына сызықша қойылады да,
айқындауыштан кейін ешқандай тыныс белгісі қойылмайды: Күлкіні иесі –
қызды біз енді жақсылап көрдік (С.Ерубаев). Осы сөйлемдегі айқындауыш
пен айқындалушы сөздер бірдей тұлғада (екеуі де табыс септікте) берілсе,
тыныс белгісі басқаша қойылады: Күлкінің иесі – қызды біз енді жақсылап
көрдік (С.Ерубаев). Осы сөйлемдегі айқындауыш пен айқындалушы сөздер
бірдей тұлғада (екеуі де табыс септікте) берілсе, тыныс белгісі басқаша
қойылады: Күлкінің иесін, қызды, біз енді жақсылап көрдік.
Ал айқындалатын сөзімен морфологиялық тұлға жағынан қиыспай
(бірдей болмай) тұрса, не екеуі де атау тұлғада келсе, жалқы есімнен
болған айқындауыш ешқандай тыныс белгісімен ажыратылмайды: Менің
інім Марат биыл мектеп бітіреді. Оның бұл тұрған қалпын ағасы
Балтабектің әйелі Айбаладан басқа ешкім көрген жоқ (С.Мұқанов).
Шойын кеуделі, аю жоталы... қара кісі Игілік би паң да, тәкәппәр да емес
(Ғ.Мүсірепов). Бұл сөйлемдердегі Марат, Балтабай, Игілік би, Айбала
деген жалқы есімдер өздерінен бұрынғы інім, ағасы, қара кісі, әйелі деген
сөздерді дәлдеп атап айтып айқындап тұр.
Бірыңғай мүшелер мен жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері.
Тыныс белгілері қоюға келгенде, бірыңғай мүшелерді үш топқа бөліп
қарауға болады: а) араларында жалғаулық жоқ бірыңғай мүшелер,
118
араларында жалғаулық бар бірыңғай мүшелер және б) жалпылауыш сөзбен
қатар келетін бірыңғай мүшелер.
Жалғаулықсыз келген дара бірыңғай мүшелердің араларына үтір
қойылады. Бірыңғай мүшелердің санынан үтір санының біреуі кем болады:
Әр ел тұс-тұсындағы Ақбайтал, Көлденең, Жігітек, Шатқалаң, Бөкенші
сияқты асу-асуларға қарай беттеді. Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана
ынтыға тыңдайтын (М.Әуезов).
Жалғаулықсыз келген дара бірыңғай мүшелердің араларына үтір
қойылады: Боржабай орта ғана бойлы, жуантық денелі, дөңгелек бетті,
қалың ерінді, жасаураған кішірек қоңыр көзді, ұйысқан қысқа қара жирен
сақалды, таңқита басқан сирек мұртты, домалақтау мұрынды, қоңыр өңді
кісі еді (С.Мұқанов).
Жайылма (күрделі) бірыңғай мүшелердің әрқайсысының (немесе
бірқатарының) өз іштерінде үтір кездесетін болса, бірыңғай мүшелердің
жігіне нүктелі үтір қойылады. Мысалы: Қала деген аты ғана болмаса, Н...
қаласы екі қабат үлкен үйлер көшелерінде ғана бірен-саран кездесетін; өзге
үйлерінің көбі бір қабат қана қарағай үйлер болатын; шет жақтарында ағаш
үйден шым үй көп кездесетін; азғана жаңбыр себелеп өтсе, көшелерінен
адам батпақтап жүре алмайтын; бірақ етек жеңі мол; таусымақтау жерге
жалпая салынған; Сібірде көп кездесетін үлкен бір деревня еді
(С.Мұқанов).
Достарыңызбен бөлісу: |