119
жапа-жалғыз қалыппын. Кімім қалды, нем қалды!?– деп өзімен өзі
сыбырлай күбірлеп сөйлеп кетеді.
– ... Ей сорлы заман, менен аяған қай қастығың қалды.... Мен ішпеген
у бар ма!.. Жүрегімді көрші міне, жарадан сау қалды ма? Мұнша ғазап
шеккендей не жазық, не айыбым бар? Көп көргенің шер кеуденің әлсіреген
тынысы ма?.. – деп біраз отырып барып, тағы да бір ауық оймен
оянғандай болады (М.Әуезов).
2-тапсырма.
Сөйлемдердің айтылу мақсатын өзгертіп, жазыңыз.
Отаншылдық – әрбір азаматқа керек ұлы қасиет. Өз Отанын, өз
халқын сүймейтін адамдар елінің қорғаны, патриоты бола алмайды.
Отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде-кім ата-анасын
ардақтаса, бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл,
қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады.
Өз әке-шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді.
Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді.
Намыс – азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана
намыс болады. Ер жігіттің елі – ата-анасы. Отаны – өз үйі. Елді,
Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде (Бауыржан Момышұлы).
Достарыңызбен бөлісу: