Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет103/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

Базар сөзінің этимологиясын зерттеуші Н.Қарашева оны парсы түбірінен 
өрбітеді: баз парсыша «қақпа», ар – ар жағында, артында деген дербес сөздерден 
құралған дегенді айтады. Бұған бұрын базардың орны қаланың сыртында, қақпа 
артында болғанын дәлелге келтіреді. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. - 
Алматы, 1966. - 53-54-б.


213
манағы қорғанда жәрмеңке реуішті базар болады» (Алтын-
сарин, 1879. 38); «Сатып алған базардан» (Дулат, 60); «Бұл 
дүние жұртты алдаған бейне базар» (Ақан сері, 261). Абайдың: 
«Базарға қарап тұрсам әркім барар, Іздегені не болса сол та-
былар. Біреу астық алады, біреу маржан, Әркімге бірдей нәрсе 
бермес базар» (I, 43) деген жолдарынан базар атауының сол 
кездегі басым мағынасын тануға болады.
Өткен ғасырдағы әдеби тілгс базар сөзімен қағар жәрмеңке 
сөзі де кіреді. Бірақ бұл атау көркем әдебиетте базар сөзіндей 
актив қолданылмаған. Абайда да жоқ.
Жоғарыдағы айтылған ұсақ кезбе саудаға қатысты сөздер де 
Абай тілінен де, тұстастары тілінен де орын алған. Ел аралап 
жүргізген ұсақ сауда болғанын айттық. Сол кезде ұсақ сауданы 
жүргізетін агенттер Қазақстанның әр жерінде әртүрлі аталған. 
Олар: арбашы – арбамен жүріп, қазақ ауылдарын аралап, ұсақ-
түйек бұйымдармен сауда жасаушы. Сара мен Біржанның 
айтысында Сара: «Бұлындай берекесіз арбашының»,– дейді. 
Оңтүстік өлкені (Сыр бойын) мекен еткен ақын Майлықожа: 
«Аттершіден алғаны Айна-тарақ, рең боп» (213) деп жыр-
лайды. Абай бұларды бақалшік деп атайды (II, 158): «Ол 
бақалейщик дегеннен алынғаны болу керек». Сірә, бұл 
саудагерлерді қазақша бақалшы деп атау да кең тараған болса 
керек. Өйткені бақал сөзі қазақ тіліне орысша бакалея деген-
нен емес, араб, парсы тілдеріндегідей бақалүл – «овощ сату-
шы» деген сөзінен алынып, ертеректе енген сөз деп ойлаймыз. 
Бірақ қазақ тілінде бұл сөздің тума тілдердегі мағынасы жылы-
сып, оның «бақша өнімдерін, овощ сатушы» (сөздің түбірінің 
өзі бақал – арабша өсімдік, көк шөп, овощ) деген о бастағы 
мағынасы «ұсақ нәрселерді сатушы» (шөп-салам, овощ – ірі та-
уар емес қой) дегенге ауысқан болу керек. Бақал сөзінің түркі 
тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне шығыс тілдерінен ертерек-
те енген болу керек дегенді өзге зерттеушілер де (Ж.Болатов) 
айтады
171
.
Жылжымалы ұсақ сауданың жалпы атауы да тілден орын 
алуға тиісті. Зерттеушілер Абайдың мәліш сауда дегенін орыс-
ша «мелочь» («мелочная торговля» немесе «торговля мелоча-
171
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. - Алматы, 1966. - 55-б.


214
ми») дегеннен алынған деп есептейді
172
. Абай «мал деп туып, 
бірақ оны еңбекпен терін сатып түздеп жимай, мәліш сауда 
сықылды күлкі сатып» жимақ болғандар туралы айтқанында, 
шынында да, ел кезіп, бір күн анаған, бір күн мынаған дос, 
жақын болғансып жүргендердің күйкі қылығын ауыл аралап, 
айна-тарақ сатушылардың ұсақ әрекетіне ұқсастырады. Мәліш 
сауда тіркесі осылайша ақынның өз салыстыруынан туған 
образды атау болуы да мүмкін, сондай-ақ оны өз тұсындағы 
сөйлеу тілінен алуы да мүмкін. Өйткені орыстар өсіретін 
құйрығы жоқ ұсақ қойларды қазақтар мәліш деп атайтын 
болған. Орысша мелочь сөзінен жаңа сөз тудырып алу – өткен 
ғасырдағы қазақ тіліндегі сөйлеу тәжірибесінде бар құбылыс. 
Сондықтан «мелочная торговля» дегенді де ауызекі сөйлеуде 
мәліш сауда деп «қазақшалай» салған болар деп жорамалда-
уымыз қисынсыз да болмас. Қайткенде де Абайдан өзгелерде 
кездеспейтін мәліш сауда тіркесі – қазақ даласында келген 
жаңа сауда операциясының біреуінің жалпы атауын білдіреді.
XIX ғасырда саудаға байланысты актив қолданылған 
сөздердің бірқатарының сол кездегі мағынасы осы күнгі 
мағынасынан біраз өзгеше. Мысалы, саудагер – қазіргі күнде 
саудамен пайда табушы, қоғамға жағымсыз қылықты адамның 
атауы, яғни орысша «спекулянт» дегеннің баламасы. Ал 
өткенде, әсіресе XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бас, орта 
кезінде саудагер – «саудамен шұғылданушы, соны кәсіп еткен 
адам», яғни «торговец». Өйткені сауданың өзі – бұл кезде қоғам 
үшін пайдалы кәсіптің бірі. Абай оны («сауда қылмақты») егін 
салмақ секілді шаруа (яғни кәсіп) деп қарайды (II, 222). Абай-
да саудагер сөзінің осы мағынада («торговец») қолданылғаны 
бар: «Жаңа бұлмен жамырап саудагерлер, Диханшылар жер 
жыртып, егін егер» (I, 123); «Саудагер тыныштық сауда қыла 
алмай жүр (I, 33)»; «Сарттық... саудагерінің жүрмеген жері 
жоқ» (II, 158).
Өткен ғасыр сөздіктері де бұл сөздің орысша балама-
сын «торговец» деп береді. Сонымен қатар XIX ғасырдың II 
жартысында-ақ бұл сөздің екінші мағынасы туа бастайды, 
172


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет