223
білуші ем, үйретер ем» (I, 271); «
Ғылым сөзін сөйлесер»
(II, 157). Лермонтовтағы: Мы иссушили ум
наукою бесплод-
ной деген жолды «Пайдасыз
ғылымменен ми кептірер» (ІІ, 103)
деп аударады.
Білім, ғылым деген екі сөз Абайдың өлеңдерінде де, про-
засында да соншама жиі қолданылған; бұл – ұлы суреткер
шығармаларының тікелей мазмұнына байланысты ерекшелік.
Сөйтіп,
білім мен
ғылым сөздерінің терминдік мәнге ие болып,
екіге ажырап дифференциациялануы – соңғы кездердің жемісі.
Абай жиі қолданған
ғалым сөзі осы күнгідей «ученый» де-
ген тар (бір) мағынадағы термин ретінде де, «білімді адам» де-
ген жалпы мағынадағы сөз ретінде де қолданылады да соңғы
ұғымда
надан сөзінің антонимі ретінде келеді: «
Ғалымнан на-
дан артпас ұққанменен» (I, 252). Ал таза «ученый» мағынасын
Ыбырай
әлім сөзімен береді: «
Әлім кісі (ученый человек)» (Ал-
тынсарин, 1879, X). Бір
әлім адам жапанда келе жатып...» (Сон-
да. 26). Кейде «білімді адам» деген мағынаны Ыбырай
оқымыс
деп те алады: «
Оқымыстың байлығы күннен-күнге көп болар»
(Сонда. XIII). Абай бұл екі сөздің екеуін де қолданбаған. Соңғы
сөз
(оқымыс), сірә, Қазақстанның батыс өлкесіне тән болған
болу керек (кейін бұл сөзді
ученый дегеннің баламасы ретінде
проф. Құдайберген Жұбановтың еңбектерінен кездестірдік).
Басқа ақындар бұл мағыналарда жоғарғы сөздерді көп
қолданбаған: Дулатта
оқымалды, молда (
66) дегенді оқимыз.
Абай жиі қолданған
хаким (хакім) сөзі
ғалым деген сөзден
бөлек, «данышпан, дана адам» мағынасында келеді: «Әрбір
Достарыңызбен бөлісу: