Р. Сыздык 1-том indd


-лы+лық аффикстер қосындысының антонимі – -сыз +



Pdf көрінісі
бет114/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   180
-лы+лық аффикстер қосындысының антонимі – -сыз + 
дық құрамасы. Бұл да активтенуі жағынан да, жаңа туынды-
лар жасау жағынан да Абайда -лы+лық жұрнағымен қатар 
тұрады: білімсіздік, талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, 
қайратсыздық, қайғысыздық, тиянақсыздық т.т.
-лық жұрнағының бұлардан басқа есімше жұрнақтарымен 
(-ар, -ған) және етістіктің -мақ жұрнағымен қабаттаса қолда- 
нылғандары Абай тілінде орын алады. -мақ+тық тұлғалы 
сөздер -мақ жалғанған қимыл есімінен дерексіз ұғым ата-
уын жасайды: табылмақтық, танымақтық, айырмақтық, 
инанбақтық, сүймектік, қызықпақтық. Бірақ бұларда өзбек 
тіліндегідей қимылдың орындалу мүмкіндігін білдіретін от-
тенок
182
жоқ. Бұл туынды сөз мағынасы жағынан -мақ не-
182
 Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного языка. - М.-
Л., 1960. - С. 113.


235
месе жұрнақты және - у+шы+лық жұрнақты тұлғаларға 
сай келеді: сүймектік ~ сүймек ~ сүю ~ сүюшілік. -мақ пен 
 жұрнақтарының өзі сөзге абстракциялық мән береді: жүру 
немесе жүрмек – жүру қимылының жалпы атауы (орысша 
хождение дегенді білдіреді). Мұның үстіне -лық жұрнағы 
тіркескенде абстракция одан әрі күшейеді. Абай осы күнгі  
жұрнақты қимыл есімінің орнына көбінесе -мақ жұрнақты 
тұлғаны қолданғандықтан, оның етістік негіздерінен дерексіз 
ұғымдағы есім жасауда -мақ+тық қосындысын жиі пай-
далануы түсінікті болып шығады. Әсіресе бұл тәсіл оның 
прозасының тіліне тән. Қазірде -мақ+тық түріндегі аффикстер 
қосындысынан туынды сөз жасау – өнімді тәсіл емес.
Есімшенің -ған жұрнақты түріне -лық аффиксін жалғап 
жасалған тұлғалар да Абай текстеріне жат емес: білгендік, 
үйден шыкпағандық қылып, зор болғандық әсері, арызы 
жеткендік, сыйы өткендік, заман өзгергендікпен ескіріп,
жан кеудеден шыкпағандық, адам жауланғандық т.б.
Қазіргі қазақ тілінің нормативтік-ғылыми грамматика-
ларында мұндай тұлғаның (-ған+дық) бар екендігі туралы 
ауызға да алынбайды, ал, шындығында, бұл – қазіргі норма-
мызда өнімді тәсіл болмаса да, тіл тәжірибесінде мүлде жоқ 
тұлға емес. Абай туынды сөздің бұл түрін өте актив қолданған, 
өткен шақтық есімшелерге -лық жұрнағын жалғау – есімшені 
субстантивтеудің, ал кей жерде адъективтеудің (зор болғандық 
әсері) грамматикалық тәсілі болып табылады.
Келер шақ есімшеге (-ар жұрнақты) -лық жұрнағын тіркеу 
арқылы, жасалған тұлғалардың қызметі мен мағынасы 
бұдан гөрі өзгеше: біріншіден -ған+дық тұлғасы -ар + лық 
тұлғасына қарағанда, Абайда сан жағынан сиректеу ұшы- 
райды, ал -ар+лық жұрнақты сөздер өнімділігі (жиілігі) жағы- 
нан екінші орын алады, бірінші орынды, біздіңше, -лық 
жұрнағы тікелей түбір сөзге жалғанып жасалған туындылар 
алады. Екіншіден, -ған+дық тұлғасы, көбінесе, субстантив-
тенген есімдер (зат есім) болса, -ар +лық тұлғасы адъектив-
тенген есімдер (сын есім) ретінде қолданылады: сыйласарлық 
кісі, өлерлік жан, ұяларлық нәрсе, мақтанарлық орын
көндірерлік күш, ұқтырарлық тіл т.б. Бірақ -лық жалғанған 


236
есімшенің екі түрі де өздерінің етістік белгісінен мүлде айы-
рылып қалмайды, сондықтан көпшілігі өзге есімдерді белгілі 
бір септікте меңгеріп, солармен тіркесте қолданылады: жатқа 
мақтанарлық мақтан, соғысқа жарарлық кісі, ата-ананы 
тұзақтан құтқарарлық бала, сөзді ұғарлық жан, еңбегіңді 
білерлік еш адам жоқ, қуанарлық қыз емес жылтырауық тақ- 
қанға.
Абайдағы -ар+лық жұрнақты сөздер семантикасы жағы- 
нан - а+тын жұрнақты ауыспалы шақтың есімше тұлғасына 
бірқыдыру жақын келеді: соғысқа жарарлық кісі – соғысқа 
жарайтын кісі; тұзақтан құтқарарлық бала – тұзақтан құтқа- 
ратын бала. Бұл сәйкестік әсіресе -ар+лық тұлғасы етістік- 
пен тіркесіп келген жерлерде айқын сезіледі: ол бала сені 
асырарлық (~асырайтын) болып туа ма; баланың мал табарлық 
(~ табатын) болары т.б. Дегенмен -ар+лық тұлғасында адъ-
ективтену мағынасы күшті, сонымен қатар мұнда көрсетілген 
қимыл-сынды жүзеге асыру потенциясы (ұғымы) бар. Сон- 
дықтан автор сол кезде де, қазірде де өнімсіз бұл тәсілді осы 
оттеноктерді беру үшін әдейі қалап қолданғанға ұқсайды.
Некен-саяқ жағдайда Абай -ар+лық тұлғасын таза субстан-
тив ретінде қолданып, зат есімдерше септік, көптік, тәуелдік 
жалғауларын жалғайды: [айтарыңды] ана сөзді ұғарлықтарға 
айт (II, 166), Маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін
(II, 189). Енді елді түзерлігі-ақ қалған (II, 165). Бұл қолда- 
ныстардың мотиві Абайдың сын есімдерді жиі субстантивтен- 
діру әдетіне байланысты, бұл жерде -ар+лық тұлғасын Абай 
сын есім ретінде алып отыр. Келер шақ есімшенің болымсыз 
түрі де -лық жұрнағын жалғап келе береді (рас, бұл әлдеқайда 
сиректеу): білместік, үміт үзбестік, ұмытпастық.
Қазіргі тілімізде -ар (-мақ) жұрнақты келер шақтық есім- 
шеден -лық арқылы жаңа тұлға жасау – нормалық өнімді тәсіл 
емес. -лық жұрнағы Абайда сын есім жасайтын -шақ, -кер, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет