307
тілінде (прозасында) құрмалас сөйлемдер компоненттерінің
орналасуы жағынан дұрыс құрылған
деген тұжырымды баса
айтамыз. Бұл – Абайдың өз тұсындағы өзге нұсқалар тілі-
нен ажыратылатын үлкен бір ерекшелігі. Бұл ерекшелігі –
Абайдың қазақ әдеби тілін нормалаудағы еңбегі. Өйткені
Абайға қарағанда, тіпті тілі (прозада)
өте жатық, конструк-
циялары түзу Ыбырайдың өзінде де, баспасөз тілін былай
қойғанда, бағыныңқы мен басыңқысы «төңкеріліп» жүрген
сөйлемдер едәуір жиі ұшырасады. Бұл –
тағы да ауызекі
сөйлеу тілінің нормасы, содан ұзап кете алмаушылықтың
нәтижесі. Әрине, бұл – ауызекі сөйлеу тілінің де негізгі тәсілі
емес. «Төңкерілген» құрмаластар,
жоғарыда деп-пен келген
конструкцияға байланысты айтқанымыздай, ауызекі сөйлеуде
белгілі бір компонентке ой екпінін түсіру үшін қолданылатын
болу керек. Әйтпесе қазақтың сөйлеу тілі тәртібінде детәуелді
(анықтаушы) компоненттің басым (анықталушы) компо-
ненттен бұрын орналасуы – анықтауыш пен анықталушы,
пысықтауыш пен пысықталушы, объект (толықтауыш) пен ба-
яндауыш мүшелердің, бағыныңқы мен басыңқы сөйлемдердің
позициясында өте ертеден қалыптасқан жалпы тілдік система
екені белгілі. Бұл тәртіпті бұзу экспрессивтік мағына беру, ой
екпінін түсіру, өлеңдерде ұйқас, өлшем жасау т.т. сияқты тілден
тыс мотивтерге негізделеді де кейде әдеби тіл нормасы дамып,
қалыптасқан кезінде де қолданылады.
Бірақ ауызекі сөйлеу
тілінде мотивтері әлсіз болса да, кейде тіпті ешбір мотивсіз
де сөйлем компоненттері өз орындарын сақтамай келе беруі
де әбден мүмкін. Ал жазба әдебиет, әсіресе құрмалас сөйлем
екі емес, одан да көп компоненттен тұрғанда, тіл табиғатын,
тәртібін
сақтауға тырысады, бірақ бұл да қаламгерлердің
сөйлем құру тәсіліне, жалпы дәстүрге байланысты болады.
Абайдың прозалық тілінде бірден-ақ бұл жөнінде жазба стиль-
ге тән дұрыс тәртіп ұсталғанын көреміз.
Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібінде
Абайда өз қаламына ғана тән ерекше бір конструкция бар, ол
– толықтауыш бағыныңқының орнындағы сөйлемнің баянда-
уышы табыс септігінде тұрмай, ашық райда келуі немесе жай
сөйлемдердің
деп дәнекері арқылы байланыспауы. Мысалы:
«һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған:
308
әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз
тартады» (II, 155) деген
сөйлемнің бір варианты: «Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз
тартатынын... байқаған болар еді». Шынында, мұнда екінші
компонент алғашқы сөйлемдегі ойдың объектісін білдіреді:
нені данышпандар байқаған? Келесі мысалдар да осы іспеттес:
«Ақыры
ойладым: осы ойыма келгеннәрселерді
қағазға жаза
Достарыңызбен бөлісу: