Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет146/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   180
Кенесбаев С. Абай – основоположник казахского литературного языка //
Советский Казахстан. - 1955. - № 9. - С. 128.
244
Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер және олардын даму жолдары 
// Қазақ ССР ҒА Хабарлары. - Лингвистика сериясы. - 1945. - № 1.


305
ғасырлар бойы
245
қатаң сақталып келгеніне қарағанда, оның 
тіл мен ойлаудың (мышление) қатынасынан туған үлкен бір 
заңдылыққа сүйенгені байқалады. Ол – проф. Н.Сауранбаев 
көрсеткендей, ой екпіні түскен компоненттің бұрын айтылуы 
тәрізді тәртіпке немесе одан да басқа бір мотивтерге байланы-
сты екендігі даусыз. Мүмкін, Н.К.Дмитриев айтқандай
246
деп, 
депті, деді дәнекерлері сол сөйлем ішіндегі айтты, ойлады 
деген сияқты мәнді етістіктердің мағынасын қайталап, сөйлем 
аяғында тағы бір рет келуі екі ортадағы конструкцияның төл 
сөз екенін таныстыратын белгі ретінде де қызмет атқаруы 
мүмкін. Бұл тәсіл о баста ауызекі сөйлеу тілінде пайда болып, 
түркі тілдерінде (мысалы, қазақ тілінде) көпке дейін жазба 
үлгілерден орын алып келуі ешбір тыныс белгісі жоқ араб жа-
зуына да байланысты болуы әбден ықтимал. Ал қазіргі әдеби 
тілімізде деп дәнекерінің дәнекерленуші компоненттердің 
ортасында, яғни сөйлем ортасында келетін тәртібі әбден 
қалыптасқан норма екені аян. Бұл норманың соңғы 40-50 жыл-
да тез орын теуіп кетуіне, біріншіден, әдеби тіліміздің сан алу-
ан прозалық стильдерінің шапшаң және мол көлемде жазба 
түрде дамуы себепкер болса, екіншіден, нормалаушы грам-
матика құралдарының да рөлі жоқ емес, үшіншіден, барлық 
тыныс белгілерді пайдалануға мүмкіндік алған кезеңнің де 
(жазуда тыныс белгілерін пайдалану тенденциясы үстіміздегі 
ғасырда араб грамматикасы тұсында-ақ басталып, латын мен 
орыс жазуына көшкенде әбден сіңіскені аян) әсер ықпалы 
жоқ емес тәрізді. Өйткені енді төл сөзді екі жағынан біреуін 
айтады (ойлайды), біреуін дейді тәрізді verba-dicendilerdi-
лерді (сөйлеу етістіктерін) қабат келтіріп танытудың орны-
на, екі жағынан тырнақшаға алып, сұрау, леп белгілері мен 
сызықша тәрізді белгілерді және қойып, ол бөліктің төл сөз 
245
Бұл тәртіп беретіндігі (XVIII-XIX ғасырлардағы) жалғыз қазақ тілі емес, 
ертеректен бастап өзге түркі тілдеріне де, оның ішінде, айталық, көне өзбек тіліне 
де тән екенін көреміз: Дархал Іабра іл кэііп аЗтті ]а муса асаңны даріаға ургіл дэп. 
Бұл мысал А.М.Щербактың «Грамматика староузбекского языка» (М.-Л., 1962. - 
С. 220) деген кітабынан алынды. Осы типтес сөйлемдерді XIII ғасыр ескерткіші 
– «Тефсирдің» тілінен де молынан табамыз (қара: Боровков А.Н.Из материалов для 
истории узбекского языка //Тюркологический сборник. - 1951. - Т. 1. - С. 75): Коічі 
анліір Қаащі сізлар кімлар сізлар, кдйғару барур сізлар теб.
246
Дмитриев Н.К. Грамматика кумыкского языка. - М.-Л., 1910. - С.194.


306
екенін көрмеге (зрительно, графически) әбден бадырайтып 
көрсетіп қоямыз. Әрине, жоғарыда да айттық, деп-пен келген 
конструкциялардың осы күнгі тәртібі де бастамасын өткен 
кездерден алады. Некен-саяқ болса да, бұл тәртіп Абай, Ыбы-
рай текстерінде де, өзгелерде де кездеседі. Әсіресе Абай-
да бағыныңқы сөйлемдерді басыңқылармен жалғастырып 
тұрған деп элементі екеуінің ортасында, «өз орнында», жиірек 
кездеседі: «Бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, ...түзден өнер 
іздемейді» (II, 189); «Оларды мұсылман деп, қалайша иманы 
бар ғой дейміз» (II, 190); «Осындай қастарға сөзім өтімді бол-
сын... деп, қызметке, болыстық билікке таластық» (II, 159).
Құрмалас сөйлем компоненттерінің арасында келетін, де-
мек, сөйлемнің аяғында емес, ортасында келетін деп-ті осы 
сөздің қимыл-сын пысықтауышын жасап, сөйлем ішінде 
келгенімен шатастырмау керек. Абайда соңғы категория 
әрдайым дерлік осы күнгідей дұрыс құрылған. Мысалы: «Жә, 
олай болса, біз Құдай тағаланы ғайыбы жоқ, міні жоқ, өзі әділ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет