261
Қайғы
шығар ілімнен.
Ыза
шығар білімнен.
Қайғы мен ыза қысқан соң,
Зар
шығады тілімнен (I, 148).
Сөйтіп, Абай
-ар жұрнақты есімше тұлғасын шақ кате-
гориясына
қатысы жоқ, қимыл-әрекеттің статикалық күйін
білдіретін
-а + ды қосымшалы етістік тұлғасының дублеті
ретінде актив пайдаланған. Бұл – осы тұлғаның Абайдағы бір
ерекшелігі.
Екінші,
-ар жұрнақты есімшені Абай атрибуттық қызметте
жиі жұмсайды. Бұл құбылыс өлеңдерінде де,
прозалық
шығармаларында да молынан табылады: «Ішіп-жеу арасында
сөйлер сөз көп» (II, 274); «
Сыналар,ей жігіттер, келді
жерің»
(I, 144); «Ғылым сөзін
сөйлесер адам жоқ» (II, 157); «Мына мен
айтқан жол
мал аяр жол емес» (II, 180); «Және
ұялмас нәрседен
ұялады» (II, 181).
Қазіргі әдеби нормамызда бұл тұлғаның атрибуттық қызмет
атқарып, анықтауыш болып келуі өте өнімсіз, жоққа тән
200
.
«Қазіргі қазақ тілі» ғылыми
курсының баяндауы бойынша,
бұл тұлғада қазірде «есімшеліктен гөрі ашық райдың келер
шағының мағынасы басым, ол атрибут болудан гөрі көбінесе
баяндауыш болады»
201
.
Ал өткендегі қазақ әдеби тілі нормасында
-ар жұрнақты
тұлғаның анықтауыштық қызметте жұмсалуы кең орын алған.
Ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап Абай тұсындағы (Абай-
ды қоса) қаламгерлерге дейін
сөз етіп отырған форманың
атрибуттық мәнде еркін қолданылғанын көреміз: «
Өсер елдің
жігіті бірін бірі батыр дер.
Өшер елдің жігіті бірін-бірі қатын
дер»; «Қайта
кірер есікті қатты серіппе» (Мақал); «Жабыдан
айғыр салсаңыз, Жауға
мінер ат тумас. Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер ұл тумас» (Бұқар, 40); «Айналайын Ақ Жайық, Ат
салмай
өтер күн қайда? Еңсесі биік Ақ орда, Еңкеймей
кірер
күн қайда? Орама мылтық тарс ұрып, Жауға
аттанар күн
қайда!» (Махамбет, 107).
200
Современный казахский язык. - Алма-Ата, 1962. - С. 323.
201
Қазіргі қазақ тілі.
- Алматы, 1954. - 327-б.