198
Қазақтың әдет-ғұрып правосына байланысты сөздің бірі
–
барымта. Этимологтардың талдауына қарағанда, монғол
төркінді
160
бұл атау – қазақ тілінде өте ертеден келе жатқан
сөз. Тәуке хан қазақтың әдет-ғұрып правосын жинақтаған
кезде (XVIII ғасыр)
барымта актісі – бидің шешімін күшпен
орындатудың тәсілі болған. Ол кезде
барымта сөзінде
«ұрлық» мағынасы болмаған
161
. Кейін келе, әсіресе өткен
ғасырдың Абай өмір сүрген тұсында барымта үстем таптардың
зорлық көрсету, қиянат істеп, мал айдап әкету, тіпті мал ұрлау
тәрізді озбырлық әрекетіне айналады. Сондықтан да
барым-
та, барымташы сөздері Абай тілінде және тұстастарында,
ұрлық, ұры сөздерімен қатаржүреді де көбінесе соңғы, сол
өз заманындағы жағымсыз іс («талау, зорлықпен мал айдап
әкету, ұрлау») мағынасын білдіреді:
...Барымта алалық,
ұрлық
қылалық десе... (II, 212).
Бұралқылар сандалды, Жуандарға сыя
алмай. Сыйымсыз болды алашқа,
Барымтасын тыя алмай (I,
65). Батырдан
барымташы туар
даңғой (I, 96).
Кісі өлтірген айыпкерлерге берілетін жазаның бірі – «жанға
жан, қанға қан» принципіндегі
қан жуар Абай тұсынан көп
бұрын-ақ, тіпті Тәуке заманының кезінде-ақ қазақ қоғамында
қолданылудан қалып, оның орнын басқа актілер басқандықтан,
бұл сөздің өзі де тіл нормасынан шығып қалғанға ұқсайды.
Өйткені Абай, Ыбырайлардан да, өткен ғасырдың II жарты-
сындағы қазақ көркем әдебиетінің өзге уәкілдері тілдерінен де
Достарыңызбен бөлісу: