Р. Сыздык 6-том indd


таңдауы, сөз қолданысы, сөз әрлеуі



Pdf көрінісі
бет12/154
Дата21.12.2023
өлшемі1,64 Mb.
#141972
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   154
Байланысты:
Рәбиға Сыздық (1)

таңдауы, сөз қолданысы, сөз әрлеуі
сияқты шебер-
лік сәттері болса, екінші арқауы – көркем прозадағы 
автор 
тілі мен кейіпкер тілі, төл сөз бен авторлық ремарканың 
ұштасуы
(қиюласуы), сөз 
тіркестіру, сөйлем құрастыру,
абзац, период
тәрізді синтаксистік құрылым ерекшеліктерін 
сөз ету болмақ.


24
Сөз таңдауы 
дегенде өз баяндауына (автор тіліне), сондай-
ақ кейіпкер тіліне қажет лексика топтарын д ұ р ы с , 
орынды, 
шебер
қолдануына назар аударылады. Бұл ретте жазушының 
этнографизмдерді, тұрмыстық сездерді, жергілікті немесе 
кәсіби сездерді, көне және сирек жұмсалатын сөздерді алғашқы 
проза жанрында қалайша таңдағаны, жұмсағаны айтылмақ.
Сөз
қолданысы 
деген мәселе – көркем шығарма тілін 
танытудың ең бір өзекті тұсы, мұнда стильдік-шеберлік жайт-
тары сөз болмақ (мысалы, сөздердің бір 
тақырыптылығы, 
модальдық бояуларының біркелкілігі,
бір сөздің 
қайта- 
лануы,
белгілі бір тұлғалардың жиі (актив), не 
сирек
(пассив) 
қолданылуы, 
синонимдердің
қолданысы дегендерге 
барып 
тіреледі).
Ал сөз
 
әрлеу
 
дегенде жазушының көріктеу 
құралдарын 
жұмсауы,яғни поэтикалық-көркем
тілі сөз болмақ.
Бұлардың барлығы тіркеу (регистрация), түгендеу (фик-
сация) мақсатымен емес, көркем әдебиет стилінің алғашқы 
прозалық үлгілеріндегі сипатты белгілерінің көрінісі тұрғы-
сынан зерделенбек.
Жазушының сөз таңдауын немесе жазушы әңгімелерінің 
лексика-фразеологиялық бітімін 
талдағанда, алдымен, су-
реткер шеберлігіне, даралық (өзіндік) мәнеріне тән сипаттар-
ға назар аударылады. Жазушы табиғат суретін беруде (М.Әуе-
зовтің 20-жылдардағы әңгімелерінің дені жаз, қыс, көктем, күз, 
ертеңгілік, кешкілік кездеріндегі табиғатты әсем суреттеуден 
басталады), кейіпкерлер портретін көрсетуде, оқиға барысын 
баяндауда, қысқасы, осылардың баршасы үшін қазақ тілінің 
сөздік қоймасын кеңінен ақтарады. Кез келген қазақтың аузы-
на түсе бермейтін сөздерді түсінікті етіп (контекст арқылы), 
орнымен жұмсайды. Мысалы, 
қадаулы
қоналқылық... бие 
байлау 
науқаны...
тау ішінің 
ықтыртыны 
жоқ, 
ысқаяқ...
қа-
лың қарағайды 
құндыздап
жүру... Көксеректің сайды 
жал-
былап
қашуы... тәрізді сөздерді жазушы қолдан жасамаған, 
олар тіліміздің мол сөздік қазынасының «бұйымдары» екені 
даусыз, соларды 20-дан жаңа асқан жас жазушы жалықпай 
ізденіп, таңдап, талғап жұмсаған. «Қолдан жасаған» демекші, 
көркем сөз шебері суреттеп отырған құбылысты, оқиғаны, 


25
адамдарды дәл атау үшін кей-кейде өзі де «сөз жасампаз» 
болып кетуі мүмкін. Мысалы, қазақ бұрын қолдан отырғызыл-
ған қалалық бақ (парк) дегендерді білмеген, сондықтан сол 
бақта жүретіндердің орныққан атаулары да жоқ. Мұхаң 
бұларды «Кінәмшіл, бойжеткен» әңгімесінде 
сейілшілер
деп 
атайды.
Сол сияқты жазылғанның үстіне өз пікірін білдіре салатын 
қысқаша жазудың (орысша приписка) да қазақша бұрын ар-
найы аталуы болмаған, осыны Мұхаң 
түртінді 
(түрте салған, 
жаза салған) деп береді: 
[Мейірхан] Жұмағұлдың 
кішкене хатының
(бұл да 
за писка 
дегеннің баламасы ретінде әр тұста әртүрлі аталып келген 
варианттардың бірі) үстіне «Бармаймын, тойың құрысын!» деп 
қысқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет