262
өмірдің кәнігі, қалыптағы суреті де беріледі, ол үшін алдымен
ешбір стильдік бояусыз бейтарап сөздер қолданылады. Со-
нымен қатар бейтарап емес, стильдік ассоциациямен келетін
лексикалық топтардың: поэтизмдердің, қарапайым сөйлеу
тілі элементтерінің, тосын сөздер мен көнерген сөздердің т.т.
көркем тексте еркін қолданылуы қазақ прозасы тіліне тән бо-
лып келеді. Мысалы, М.Әуезов:
Бұрын Ырғызбай ішін кер-
неп жүретін қаукөрік сөздер, ұркөппе желіктер де саябыр
(М.Әуезов. Шығ., 1-том, 349-бет) деген сөйлемде
жалған
өсек
деген бейтарап сөздің орнына
қаукөрік
сөзін,
көпшілікті
еліктірген
деудің орнына
ұр-көппе
сөзін қолданғанда, олардың
экспрессивтік бояуын пайдаланып, стильдік жүкпен жұмсап
тұр. Немесе: ..
Жуандардың өздері... ұғыса алмай, енді бірінен-
бірі қызғанысып, қырбайласып қалып жүр
(сонда, 228-бет)
дегенінде
қызғанысып
деген бейтарап мәнді сөздің эмоциялық
әсерін
қырбайласып
деген сирек қолданылатын (мүмкін тіпті
жазушының өз қаламынан туған) сөзді қатар келтіру арқылы
күшейтіп тұр. Сондай-ақ:
Сен тілмен айтсаң, мен ділмен,
жүрекпен айттым; Ағайынды көп жалындырып, жалп етек
ететін талай істері бар
(сонда) деген сияқты микротек-
стерде де бөгде тілдік
діл,
образды тіркес
жалп етек
сөздері
де – стильдік ассоциациямен келген элементтер. Мұндай мы-
салдарды қазақ прозасы тілінен, әсіресе ірі сөз шеберлерінің
қолданысынан көптеп келтіруге болады. Көркемдеудің бұл
тәсілі – қазақ көркем әдеби тілі нормасының бірі.
Лексикалық мүмкіндіктердің молдығын танытатын
элементтердің бірі –
поэтизмдер,
яғни белгілі бір экспрессивтік-
эмоциялық реңкі бар, кез келген ситуацияда қолданыла
бермейтін, көбінесе бейтарап параллелі көрініп тұратын сөздер.
Мысалы,
биік, сияқты, тәрізді, заман, жамандау
деген сөздер
– бейтарап мағыналы элементтер, ал осылармен мағыналас
асқаралы, заңғар, сынды
,
замана, ғайбаттау
деген сөздер
белгілі бір стильдік бояумен (мақсатпен) қолданылатын, жай
хабарлау үшін емес, суреттеу үшін жұмсалатын элементтер.
Лексикалық байлықты пайдалануда көркем тіл норма-
сы тұрғысынан келгенде, оның қалың көпшілікке
Достарыңызбен бөлісу: