203
сивпен көрсеткен бейнелі қолданыстар сияқты) экспрессивті
сөздер емес. Бидің негізгі айтпағы эмоциясыз-ақ айтылған,
жүйелі, дәлелді қарапайым тілмен берілген. Әрине, бұл жерде
автордың міндеті – бидің шешендігін көрсету емес, әділ билік
шешімін дәлелдеген, логикасы күшті сөзін беру. Бірақ бидің
сөзі болғандықтан, кезі келген тұстарында шешен сөздің аксес-
суарларын да көрсетіп қояды (жоғарғы микромәтінді қараңыз).
Романның 1-кітабында Төбет бидің (143-бет), Боранбай
бидің (153-бет), Шекті биі – Сырлыбайдың (185-бет), Қазыбек
бидің (188-190 және 275-276-беттер), Төле бидің (264-бет)
сөздері және шешендігі мен бейнелілігі жағынан билер сөзінен
кем түспейтін Қабанбай батырдың (150-бет), Ақтамберді
ақынның (334-бет), Абылай ханның (350-бет) салмақты,
әлеуметтік үні зор сөздерін жазушы мейлінше әсерлі етіп бер-
ген. Бұларда да: «сен
Достарыңызбен бөлісу: