Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Бiртұтас мемлекеттiң құрылуы



Pdf көрінісі
бет60/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Бiртұтас мемлекеттiң құрылуы. 
Жапонияның бiр орталыққа бағынатын 
күштi мемлекетке айналуына, фео-
далдық құрылысты нығайтуға фео-
далдар мүдделi болды. Олар мұндай 
үкiмет өзара қырқыс ты, шаруалар көтерiлiстерiн тоқтатады, өсiмқор 
буржуазияның өсiп бара жат қан беделiн шектейдi деп үмiттендi. ХVI 
ғасырдың соңы Жапонияда ка пи тализмнiң белгiсi – 
сауда буржуазиясы 
қалыптаса бастаған кез болатын.
1568–1582 жылдары елдi бi рiк тiру iсiн феодал 
Ода Нобунага бас қарды. Азғана уақыттың iшiнде 
ол орталық 
Хонсю аралы жерiн өзiне бағындырды. 
1573 жылы 
Асикага әуле тiнiң ең соңғы сегу-
нын билiктен кетiредi. Ода Нобунага 1580 жылы 
Жапонияның жартысын бiрiктiрдi. Жапонияның 
ең бай қаласы 
Сакаиды бағындырды.
Нобунаганың жолын ұстанған 
Тоётоми Хидэ-
ёси (1583–1598) елдi бiрiктiру iсiн жалғастырды. 
Хидэёси елде қатаң тәртiп орнатты. Ол шаруа-
ларды жерге бекiтетiн, басы ауған жаққа кетуiне 
тыйым салатын заңдар шығарды. Сырт елдер-
мен бас қыншылық сая сат жүргiзiп, 1592 жы- 
Сегун Минамото
Еритомо
Самурай
Токугава әулетінің Жапонияда 
ұзақ уақыт билік етуінің себеп-
терін анықтаңдар. 
7–3465
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


98
лы Корея елiне екi рет жорық ұйымдастырды. 
Оңтүстiк Корея жерiн уақытша бағындырды.
1598 жылы Хидэёси өлгеннен кейiн, Жапония-
ны бiрiк тiрумен 
Токугава (1598–1616) айна лысты. 
1603 жы лы ол елдi бiрiктiрудi аяқтап, сегун де-
ген атақ ал ды. То кугава әулетiнiң сегундары Жа-
понияны 1867–1869 жылдардағы буржуазиялық 
революцияға дейiн 265 жыл биледi.
Жапонияда бiр орталыққа бағынатын мем-
лекет орнағаннан кейiн, елге шетелдiктердiң 
келуiне тыйым салынды. Еуропалықтардың 
Жапониядағы iстерiне үзiлдi-кесiлдi шек қо-
йыл
ды. Жапонияның басқа елдермен қаты насын 
осылай жасанды түрде үзiп тастауы екi жарым ғасыр бойы сақталды. 
Бұл – феодалдық мо нар хия ның өсiп келе жатқан буржуазияға саяси 
шектеу қо йып, феодалдық қоғамды сақтап қалуы үшін жасаған шара-
лары едi. Жапонияның өзiн-өзi оқшау лау саясаты хал қының ұлт тық 
ерекшелiгiнiң дамуына жол ашты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет