Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет70/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Негізгі ұғымдар:
отарлық экспедиция
Үндістан, жаңа материк, 
отарлық басқыншылық. 
Христофор Колумб
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


112
мұхит арқылы кiп-кiшкентай кемесымақпен жүзiп өтемiн деу шынын-
да көзсiз ерлiк едi. Ұзақ жылға созыл ған қиындықтардан кейiн, ақыры 
Колумб алтын мен жаңа жер байлығына құштар испан корольдерiнiң 
назарын аударды.
Сонымен, Колумб жол бастаушы «Санта Мария» және «Нинья», 
«Пинта» деп аталатын үш кемемен 1492 жылы Испания жағалауындағы 
Палос қаласынан сапарға шы ғады. Бұлар аттанғанда ауа райы ашық 
болды. Пассат желi бiрқалыпты соғып, кемелер батысқа қарай 
еркiн сырғи жөнелдi. Бұрын мұндай ашық теңiзге шығып көрмеген 
теңiзшiлер алғаш қыда үрейлене бастады. Кенет көкжиектен жасыл 
белдеу көрiнгенде олар қатты қуанып қалады. Алайда ол жер емес, 
бетiн балдыр басқан Сорогос теңiзi болып шығады. Бұл Колумбтың
Атлантикадан ашқан бiрiншi жаңалығы едi. Күн артынан күн жылжып 
өтiп жатады. Көкжиекке ұласқан көк теңiзден бас қа көзге iлi нер ештеңе 
көрiнбейдi. Теңiзшiлердiң iшiнде торығу бай қалды. Дегенмен олар 
Колумбтың есебi бо йынша осы кезде Yндiс танға жетуге тиiс екендерiнен 
мүлде бейхабар болатын. Алайда жуық маңда көрiнетiн жер жоқ едi.
Колумб ғажайып ұстамдылық та нытып, тұнжыраған теңiзшiлердiң көңi- 
лiн көтерiп, оларға алтын мен дәмдi тағам бер гiзедi. Ақыры одан да ештеңе 
шықпай, те ңiз шiлер мұны тыңдауын қойып, «егер ендi үш күннен кейiн 
жер кө рiнбейтiн болса, кеменiң бетiн керi бұрамыз» деген шарт қояды. 
Колумб амалсыз көнедi.
Христофор Колумбтың 
теңiз саяхаты
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


113
Айтылған мерзiм бiтер күннiң түнiнде сағат екiде, кеме вахтасында 
тұр ған теңiзшiнiң «Жер! Жер көрiндi!» деген айғайы естiлдi. Бұл бiр ша-
ғын арал едi. Оны Колумб Сан-Сальвадор деп атады. Одан кей iн бұ лар 
Кариб теңi зiн дегi жұпар Куба, ғажайып Гаити аралы, тағы-тағы толып 
жат қан аралдарды басып өттi. Теңiз шi лер бұл өңiрден алғаш рет жү ге рi, 
картоп, темекi сияқ ты Еу ропада жоқ өсiмдiктердi кез дес тiр дi. Бұларды 
қай жерде болсын тобылғы өңдi, сұлу келген бойшаң адамдар қарсы 
ал ды. Дегенi қабыл болып тұр ған, өзiн Yндiстандамын деп ұйғарған 
Колумбтың айтуынша, бұ лар ды сая хатшылар үндiстер деп атап кеттi. 
Колумб ешкiм бiлмейтiн жаңа құрлық емес, Yндiстанға баратын батыс 
жолын таптым деп топшылайды.
Ұлы географиялық ашылулар
8–3465
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


114
Ақыры үшiншi, одан кейiнгi төр-
тiншi сапарында – өмiрiнiң соңғы жыл-
дарында өзiнiң «бөтен бiр дүние бөлiгiн» 
ашқандығы жа йында ойланатын болды.
Колумб Американы ашқаннан кейiн 
испандықтар жаңа жер дi жау лап ала 
бас тайды, он да өз қоныстарын салып, жергi лiк тi халқын құл етедi, 
қырып-жояды.
Колумбтың өзi көп кешiкпей король сарайында жүрiп жазаға тарты-
лады да, оның қалай өлгенiн ешкiм бiлмей қалады.
Ал тарихтың әр нәрсенi өз орнына қоятыны бел гiлi. Бiз қа зiр
Колумб есiмiн құрмет тұтып, оны жаңа жер ашқан қаһарман теңiз шi деп 
бiлемiз.
Мұхиттың арғы жағындағы қазынасы мол, жаңа жерлер испандарды 
қызықтырды. Сол жерге барып орнығам деушiлерге король 1497 жыл-
дан бастап рұқсат бердi. Бұл байлығы мол жерге көпестер, кедейленген 
дворяндар, үкiметке наразылар, айыптылар көшiп кет пекшi болды. Ко-
роль үш экспедиция ұйымдастырып, көп адам жiбердi. Солардың iшiнде 
Колумб ашқан жердi көруге 1499 жылы 
Америго Веспуччи де аттанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет