111
§24. ҰЛЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АШЫЛУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Бүгінгі сабағымызда Ұлы географиялық ашылулардың әлемді қалай
өзгерткенін білетін боламыз. «Отаршылдық саясат» ұғымының мәнін
анықтаймыз.
Христофор Колумбтың Американы ашуы.
ХV ғасырда португалдық
теңізшілер алтын
іздеп Африкаға аттанды. Олар Африканың сол-
түстік жағалауындағы маңызды сауда жолын
басып алды. Бұл жолмен алтын тасылатын еді.
Бұл Португалияның отарлық экспедициясының
бастамасы болатын. Португалдықтар 30 жыл ішінде Африканың батыс
жағалауына дейiн жетті.
ХV ғасырда ежелгi ға лым дар дың Жер шар тәрiздi деген бол жамдары
теңiз саяхатшыларының назарын аударды.
Кейбiр ғалымдар батысқа
қарай жүзу арқылы Жердi айналып өтiп, Yндiс тан ға жетуге болады де-
ген пiкiр айтты. Бұл жолды, Африканы айналып өтуге қа рағанда, қысқа
жол деп қате есептедi. Yндiс танға батыс жолмен жетуге әрекет жасаған
еуропалық тұңғыш теңiз саяхатшысы
Хрис тофор Колумб (1451–1506)
болды. Колумб Генуя қаласына жақын жердегi
тоқыма өнер кәсiбiнде
iстей тiн Доминико Колумб отба сында дүниеге келген.
Жас кезінде Колумб Жерорта теңiзiнде, Еуропа жағалауларына сая-
хат жасаған сау да кемелерiнде болып, теңiз жағдайларын жақсы бiлiп
алады. Колумб Ге нуяда тұрғанда географиялық карта сызумен шұ-
ғылданады. Ол бұл мамандықты меңгерiп алған соң, iнi сi Бартоломей
Колумбпен бiрге Лиссабонға келедi.
Бiраз iзденiстерiнiң нәтижесiнде Хрис тофор
Колумб өзiнiң Yндiс тан мен Қытайға апаратын
теңiз жолын iздеу сапарын Африканы айналып
жүретiн шығыстан емес, әлi зерттелмеген, Ат-
лант мұхитын басып өтетiн батыстан бастау ке-
рек деп шештi.
Ол Жердiң шар iспеттi екенiн бiлетiн-дi.
Егер олай болса Батысты бетке алып жүзе бер-
се, қайткен күнде де Yндiстаннан шығатынын
жорамалдады.
Оның бұл жоспары ол кезде «ақымақтың
iсi» саналатын. Әлi ешкiм сырын бiлмейтiн
Достарыңызбен бөлісу: