Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет21/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57

Әкелеріміз айтатын әңгіме


... «Жайлауда отырғанымызда қар суымен кеткен біреудің қыл құйрығы біздің үйірге қосылып, көздің құртын оятты. Бір күні екі кештің арасында жануарды ақыры алып соқтым. Басын кесіп, жәркемдеп жатқаным сол еді, тасырлаған ат тұяғының дүбірі естілді де, суыт жүрісті ақсақал қасыма келді. Сәлем беріп, атын ұстап үйге түсірдім. Ұрлығымның үстінен түскен қарияны не деп алдаусыратарымды білмей аңтарылып тұрып қалдым. Шал да жеңіл қимылдап, қонышынан кездігін суырып, көмектесуге ниет танытты. Ақыры бірге жәукемдедік жануарды. Бәйбішем де өрістен қайтқан малды жайғап болып, қазан көтерді. Тамақ піскенше шалдың жөн-жайымен таныстым. Жылқы жоғалтыпты. Бөгенайынан жаңағы өзі сойған қыл құйрық екендігін сезіп, қылпылдап отырмын. Шалым үндемейді, ештеме сезбегендей сыңай танытады. Сезбеді десем, жылқының басына, ен-таңбасына сұқтана қараған қырағы көзді қалай ұмытам. Төре табақ жал мен жая алдымызға келіп, ықылас білдіргенде де жүзінен титтей өзгешелік байқалмады. Қиялай турап, құмайдай соғады. Тас шайнағандай боп мен отырмын. Түні бойы асқазанымды түйреген мазасыздықтан арыла алмай, тұрып кеттім. Шал да оянып намазын оқып, аттануға қам жасады. Кетерінде аты-жөнін, тұратын ауылын тағы бір қайталап айтып, кете барды. Аңырып мен қалдым. Жанымды иектеген беймазалықтан арыла алмаған соң, бір жорғаны жетекке алып, шалдың ауылына тарттым. Жетекті белдеуге байлап, сәлем беріп үйге кірдім. Ақсақал ширақ қимылдап, бәйек боп жатыр. Шай ішілді, әңгіме айтылды. Бірақ сойылған жылқы туралы мен де, шал да жақкірісін ашпадық. Аттанып кеттім.
... Несін жасырайын. Нәпсіні бағындыруға, кешірімге үйренбегенбіз. Шырылдаған қазақ жанының сұлулығы өмірге келіп-кеткенін ешкім сезбейтін қарапайым жандардың кеудесінде бұлқынып жүреді екен ғой. Мен оны атағы шыққан жазушы немесе ақын, басқа да тұлғаларда ғана болатын асыл қасиет шығар деп ойлайтынмын. Оңбай қателескенімді кейде сезем. Қазақтың тоң жүрмеген даласында бір-біріне қаламдарынан қарғыс жаудырып, кісілік танытуға жүректері дауаламайтын соларды қойшы дегің келеді. Олардікі де көркем шығармада ғана өмір сүретін, ойдан жасап алған әдемі кейіпкерлермен жұртты алдайтын сауатты қулық секілді.
Шалдан тізерлеп тұрып кешірім сұрағым келеді. Кешіре алса...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет