Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет24/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57
(Вера Ляховская)
МАЗМҰНДАМА

Білім алушы жазған мазмұндама мәтініне мынадай талап қойылуы тиіс:



  1. Білім алушының өз ойы болуы;

  1. өз жанынан қосымша оқиға қосуы;

  1. өздігінен қорытынды жасауы;

  2. мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни I жақ, осы шақ формасындағы мєтінді, III жақ, өткен шақ формасында немесе керісінше мазмұндауы;

  3. қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқартуы;

  4. кеңейте мазмұндау, яғни мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз (цитата) және эпиграф келтіре отырып мазмұндауы;

  5. берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасауы.

Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда методистер Бегман Ысқақ және Эльмира Оразбаева мазмұндаманың мынандай түрлерін ұсынады:
1. Дайын мәтін бойынша мазмұндама;
2. Сурет бойынша мазмұндама;
3. Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.
Дайын мәтін бойынша мазмұндаманың өзін бірнеше түрге бөлуге болады:
1. Мәтінге жуық немесе толық мазмұндау;
2. Мәтіннің мазмұнын сақтап, бірақ баяндалу формасын өзгерту;
3. Қысқарта баяндау;
4. Толықтырып мазмұндау.


ЖАҒДАЯТТЫҚ МӘТІНДЕР ЖИНАҒЫ


Оралу

Соқылдақ пәуескеге парлап жегілген қос күреңді сар желдіріп кең далада екі жолаушы келе жатты. Жолдың екі жағы көкорай шалғын көк майса. Теңіз толқындай бүктетілген қыраттар мен шошақ төбе, шолақ етек құмға дейін гүлденіп тұр. Көз жауын ала құлпырған жазғы дала аспанда шалқая жүзген күншуағына сауырын сүйгізе маужырап жатыр. Тарихтың өзі «Ұлы дала» деп атаған осы бір ұланғайыр өлкенің перзенті болу қандай бақыт. Күнгейі мен теріскейіне, шығысы мен батысына сұңқар мен тұлпардың өзі қанаты күйіп, тұяғы талып, әзер жететін ұлы даланың табиғаты неткен бай. Кең байтақ қазақ даласының қай түкпіріне қай мезгілде барсаң да қаймағы бұзылмаған табиғаттың сұлу суретін көріп сүйсінер ең. Желісті қос күрең жеңіл тартып келе жатқан соқылдақ пәуескенің артқы жұмсақ орындығында шалқайып отырған Нұрдәулет жайнап тұрған жазғы дала көркіне тоймай, қоймай қарап келеді. Осы даланың аты белгісіз арғы заманнан бері қазақ халқының ата мекені болып келе жатқанын ойлағанда қазақы қалың бетіне қуаныштың қызғылт нұры ойнап шыға келді.


Алтын кіндік ауыл еске түскенде Оразайдың көңіліне әлдебір желік бітіп, аттарды айдай түсті. Бұлар әр ауыл сайын ат ауыстырып келе жатыр еді. Пәуескеге кеше ғана жегілген қос күрең көсіліп сала берді. Асу-асу белдермен, аса бір соққан желдермен жарысып, жол апшысын қуырған қос күрең ауылға тақап қалғанын сезді ме, сарыторғай мен қараторғай аралығындағы айдау жолға түскен соң қарқынына қарқын қосып тіптен аруақтанып кетті. Қанатты қос тұлпардың қуатты шабысымен оттай ыстық туған жердің көзден кетпес, көкіректен өшпес көркем табиғаты Нұрдәулеттің көз алдына өзінің осыдан ширек ғасыр бұрынғы қайратты да шабытты бір шағын алып келді.
– Міне өзің көріп келесің. Жүйрік атпен қанша күн жүрсең бір таусылмайтын алып даланың бар аймағы бірімен-бірі жарысқан сұлулық, бірінен-бірі асқан байлық. Жағасында сәмбі тал мен арасына жылқы кірсе жығылмайтын нар қамыс өскен арынды асау өзендердің балығы тайдай тулап, бақасы қойдай шулайды. Мың сан жылқы түскенде бір лайланбайтын айналасы ат шаптырым көлдерінде аққу мен қара қудан бастап қаз бен қасқалдаққа дейінгі құс атаулы жыртылып айырылады. Ойпаңында биіктігі атты кісінің тобығын қағатын қалың шалғын өссе, қырларында қызғалдақ, сарғалдақ бастаған сан түрлі гүлдер жайқалады. Жалпиған жазық даланың сирек кездесетін таулары мен ойдым-ойдым ормандарының жөні тіптен бөлек. Тау қойнауында таутеке бастаған алуан түрлі аң өріп жүр. Жер беті мен орман қойнауы – жеміс-жидек. Даланың төскейі толған киік. Өркеш-өркеш тау-тау болып үйілген, көрген адам сұлулығына сүйінген құм арасында үлкендігі марқадай семіз дуадақтар өріп жүр.
Алдан соққан кешкі самал екі жолаушыны елжірей аймалады. Бозторғайлар бірінен-соң бірі пәуескені жанай ұшып, бұларға жолсерік болып келеді. Туған жердің құсы менен желіне дейін бұлар алыс сапардан аман-сау оралғанына шаттанғандай. Бұлар да қуанып ата жұртын аңсап келеді.
Бір ауық әңгіме айтып, ұзақ жолды біраз қысқартып алған Нұрдәулет енді бір сәт айналаға көз тастай отырып, ой толқынын ағытты.
Нұрдәулеттің әкесі Бабихан марқұм: «Біз – ер түріктің ұрпағы, ен даланың еркесіміз» – деп отырушы еді. – Мынандай байтақ өлке, бай мекенде туу, өмір сүру бақыт» деп сосын көзін жұмып, ойланып отырып, «Өлгенде де туған жердің топырағы бұйырсын» дейтін. Әкесінің «осынау байтақ өлке, бай мекенде туу, өмір сүру бақыт» дейтін сөзінің мәнін бұл кейін ұқты. Сонау он төртінші ғасырда өмір сүрген Асан Қайғы: «...қырында киік жайлаған, суында балық ойнаған...» деп тегін айтты дейсің бе? Бұл ұлы даланың үсті толы ырыс қой. Төрт түлік мал түгел өргенде азаймайтын, азбайтын құнарлы топырағының өзі құт емес пе? Мұның жиырма мың жылқысы сол шұрайлы жайылым, құнарлы тебіннің арқасында аз еңбекпен көп өсім беріп жатқан жоқ па? Қара суының өзі қаймақ, топырағының өзі май мұндай құнарлы өлке, құт мекен қайда бар? Осынау ұлы даланың қазақтың маңдайына біткені қандай бақыт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет