Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы


Этнографпен әңгіме (Абыз-ақсақал Жағда Бабалықұлы қазақтың салт-дәсүрінен, әдет-ғұрпынан сыр шертеді)



бет29/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57
(Салтанат Минайхан)

Этнографпен әңгіме


(Абыз-ақсақал Жағда Бабалықұлы қазақтың салт-дәсүрінен, әдет-ғұрпынан сыр шертеді)





  • «Үш отау» дегеніңіз не?

  • «Үш отау» деп тұрғаным, Қытайдағы, Моңғолиядағы және Қазақстандағы қазақтар ғой.

Бұлардың бәрінің басын бір жерге тоғыстыру керек дегенді айтып тұрмын. Мұны ашық айтудағы себебім, біз үш облыс Қытайға қарсы соғысып жатқан кезіміз. Ашық айтылған соң, бұл сөздердің бәрі халықтың арасына кеңінен тарады. Жаңағы көштің бәрі осыдан тұтанып отыр. «Үш отаудың» басын бір жерден шығару идеясы Қытай коммунистеріне мүлде ұнаған жоқ. Мен қазақ автономиялық облысының басшысы болып тұрғанымда, үстімнен саяси күрес жүргізді.
«Мұның ойы түзу емес, біз үшін кереғар, Моңғолиядағы, Қытайдағы қазақтарды Қазақстанға апарып, солардың басын құрап, өзі Хан болмақшы» деп жала жапты. Сөйтіп осы жағылған күйенің кесірінен мені «еңбекпен түзеу колонниясына» қайта айдап жіберді.
Сонау 1958 жылдан 1961 жылға дейін мен сол колоннияда жаттым. Сол жерден шыққан заматта сәті түсіп, Қазақстанға өтіп кеттім. Біздің жыл санаумыздан бері қарай ол жер қазақтың атамекені ғой. 1952 жылғы есеп бойынша Шығыс Түркістанда үш жүз мыңдай қытай ұлты болса, қазір отыз бес миллионға жетті. Бұрын ол жерлердің бәрінде тек қана қазақ ауылдары отыратын. Қытайлықтар ішкі аймақтардан келді де жұтып жіберді ғой.
– Қытайда қанша қазақ қалды?
– Көп қой. Екі миллионның үстінде. Қызай дейтін ру бар, соның өзі бір миллионға жуық ел боп отыр. Бұл сонау ғасырлардан бері қазақтың жері ғой. 1856 жылдары Жоңғар мемлекеті құлағанда албан-суан, қызайлар бар бәрі өз атамекеніне қарай беттеді. Көп бөлігі осылар. Үшінші бөлігі Кеңес одағы құрылғанда, кәмпескенің кезінде, ашаршылықтан қашып барғандар, саны екі жүз мыңдай ғана. Олардың көбінің сүйегі сонда қалды. Бірен-саран қайтып келгендері де болды. Оның ішінде албандар бар, қаракерейлер көбірек. «Кәмпескенің» кезінде барғандар көбіне Тарбағатай аймағына қоныстанды.
(Жағда Бабалықұлы)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет