Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет54/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Қазақстан – тәуелсіз ғажап мекен
Шаңырақтың отанасы, ұлты башқұрт Флора Баратова бар өмірін бала тәрбиелеуге арнаған жан. Ұлты – ұйғыр. Марқұм отағасы да 25 жылдан астам ғұмырын білімге арнап, мектеп директоры болған. Қазір ұлағатты ұстаздың ұл-қыздары мен келіндері де ата-ана жолын қуып, ағарту саласында абыройлы қызмет атқарып жүр. Бір дастархан басында отырған үш қызы Гүлстан, Шатмира, Размира Баратовалар да мұғалім. Бір айта кетерлігі, олардың барлығы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің түлектері.
Өз келіндерінің арасында татар ұлтының қызы да бар және қазақ, орыс отбасыларына немере қыздарын беріп, құдандалы болып, тату-тәтті өмір сүріп жатқаны көзге сүйеніш. Немерелерінің арасында да ұстаздық жолды таңдағандары көп. Бұл Баратовтар отбасында мұғалімдіктің атадан балаға мирас дәстүрлі мамандық екенін айғақтайды. Еңбек жолын қарапайым ұстаздықтан бастаған Флора Гарайқызы түрлі басшылық қызметтерді атқарып, өмірдің небір сынынан мүдірмей өткен. 84 жастағы кейуана кездесуде Ұлы Отан соғысы сұрапылында туған жерлерінен көшіріліп келген сан мың ұлысқа ортақ шаңырақ болған қазақ еліне, қазақ жұртына үлкен алғысын білдірді. «Қиын-қыстау кезінде бізге бауырмалдық көрсеткен, жан жылуына бөлеген қазақ бауырларыма, риясыз көмегін берген қайырымды қазақ достарыма, өкінішке орай олардың көбісі бұл өмірде жоқ, құшақ жая қарсы алып, бар көмегін аямаған Қазақ еліне мың алғысымды айтқым келеді. Біз қазақтың кеңпейілдігі, бауырмалдылығының арқасында осы жерде жайлы орта, пана таптық, үйлі болдық, өсіп-өндік. Міне, 7 баламнан 20 немере, 18 шөбере көріп отырмын. Елімізге береке, бірлік, бейбіт өмір тілеймін. Біздің көрген бейнетімізді жас ұрпақ көрмесін. Тұрақтылық, татулық болған мемлекетте ғана осындай жақсылық болады», – дейді Флора Гарайқызы.
(abai.kz)


Өз елім

Қазақстан халқының татулығы мен бірлігі күні мерекесі күндері ауыл кітапханасында «Ұлттар татулығы бірлікте» атты сыр-сұхбаттық отырыс ұйымдастырылған. Бұл отырыстағы меймандардың бірі, Тассай аулының байырғы тұрғыны, еңбек ардагері – Михаилова Александра Федоровна. Кеңпейіл қазақ Шура атап кеткен кейуананы бүкіл ауыл сыйлайды. Апаның өзі де жарты ғасырдан астам уақыттың ішінде туған жұртындай болып кеткен Тассайдың кез келген тұрғынымен етене араласады. Арғы тегі – ертеде Еуропадан қоныс аударған болғар. Зайыбы марқұм Василиймен Тәшкен шаһарында оқуға барған кезінде танысып, қол ұстасып, мәңгілікке бірге болуға серттескен. Екеуінің үш баласы болды. Ері фәниден озып кетті, ал ұл-қыздары жан-жақта әр салада қызмет атқарып жүр. Ұлы Станислав Риддер қаласында қызметте. Мамандығы құрылыс инженері. Келіні орыс қызы бола тұра, қазақ тілін ана тіліндей меңгерген. Қос қызы Алена мен Светлана да қазақшаға жүйрік.


Жиналғандар жетпістің биігіндегі Шура апайдың әңгімесін рахаттана тыңдады. Тыңдай отырып, бейне бір қазақтың көнекөз қариясының шежіресін естігендей ұйып қалды. «Немерелеріме де қазақша үйреніңдер, Қазақстанның тарихын біліңдер, Қазақстанның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты мақтан тұтыңдар, оны бүкіл әлем таниды деп ұдайы айтып отырамын», – деді қария.
Адам туған халқы жайында өзге ұлттың өкілі ағынан жарыла ақтарылып отырғанда тіптен тебіреніп кетеді екен. Барлығы жымиды да құптады. Шура апай үйге қайтарында кітапханашы қызға: «Алмаш, ана «Балдырған» журналын берші. Немереме қазақша тіл сындыруға қажет. Оқып болған соң әкеп берем ғой», – деп журналды ала, қоңыр есіктен баяу шығып кетті. Кәдімгі көкірегінен дала исі аңқыған қазақтың кейуанасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет