Қр тұңғыш президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары



Дата08.03.2023
өлшемі184,43 Kb.
#72548
Байланысты:
14 сабақ. Джаманкулова Улдана


ҚР Тұңғыш президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары (Қазақстан – 2030, Қазақстан – 2050)
Тәуелсіздік тарихында 1997 жылдың да алар орны ерекше болды. Осы жылды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялаған болатын.
1997 жылдың осы ерекше оқиғасы туралы белгілі жазушы Шерхан Мұртаза Тәуелсіздік толғауы атты баспасөзде жарияланған естелігінде былай деп жазады: Мен көп нәрсені ұмытармын, бірақ бұл Жарлық естен шыға қоймас. Өйткені, сол қуғын-сүргін құрбандарының бірі - менің әкем еді. Молдадан оқығаны болмаса, сауаты да кемшін, билікке араласпаған қарапайым колхозшының бар айыбы байдың баласы екен. Тұрар Рысқұловпен рулас екен. Жазықсыз жанды жаламен соттап, қылшылдаған қырық үш жасында қыршынынан қию айуанға тән зұлымдық. Мұндай озбырлықпен, зұлымдықпен құрбан болған­дар жалғыз менің әкем бе екен, мың-миллион. Бұл зобалаң атақты, ызғарлы отыз жетінші жылды ғана қамты­майды. Ең кемі ХХ ғасырдың жартысын қамтиды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. 1918-1922 жылдардағы жыланқысыр аштық. 1930-1933 жылдардағы коллективизация, қолдан жасалған этноцид ... Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандары. 1937 жылғы Қазақстанға жер ауадарыл­ған корейлерден басталған, тұтас халықтарды зорлық-зомбылықпен көшіру науқаны. Айта берсе таусылмайды. Осының бәрінде миллиондар қырылмағанда, не болды? Обал-сауап қайда? Өлгендерді қайтып тірілте алмайсың. Тым болмаса еске алудың өзі сауап. Келешекке сабақ. Осы тұрғыдан алғанда Президент Жарлығы иманды пәрмен болды. Жаңа Астанада қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш кім-кімді де ойлантады.
Жалпы 1997 жыл - егемендіктің алғашқы бесжылдығы аяқталып қана қоймай, сонымен бірге Қазақстанның жаңа сападағы алғашқы секіріске бел буатын кезеңі. Бұның алдындағы 1996 жылы кеңес қирадысынан айтарлықтай жапа шеккен ұлттық экономика сәл-пәл қозғалыс алып, бойына қан жүгірткен, жыл соңында 0,5 пайыздық өсім білінген. Дәл осы жылы алдағы 30-40 жыл ішінде өндіруге мүмкіндік беретін еліміздегі мұнай қорының көлемі, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық бассейнінде шетелдік инвесторлар белсенділігі мұнайдан түсетін кірістің жылдан-жылға елеулі түрде өсетіні белгілі бола бастаған. Осылайша, Президент Н. Назарбаевтың сөзімен айтсақ, 1997 жылы өртті сөндіру кезеңі аяқталып, еліміздің он, жиырма және отыз жылдан кейін қандай болатынын көз алдымызға елестетерлік уақыт пайда болды. Сол кездің ресми дерегі мынаны көрсетеді: 1997 жылы Үкіметтің зейнетақы және бюджет ұйымдарына жалақы жөніндегі барлық қарызы өтелді. Республика бойынша орташа жалақы 26,8 пайызға өсті. 1997 жылдың басында елімізде 52 мыңнан астам шаруашылық кұрылымдары, оның ішінде 3960 түрлі серіктестік, 453 акционерлік қоғам, 2900 өндірістік кооператив және 44 мыңнан жоғары шаруа қожалықтары жұмыс істеді. 1997 жыл жекешелендіруді, әсіресе энергетика және өндіру салаларында жеделдете жүргізу жылы болды. 1997 жылы барлығы 5641 қозғалмайтын мүлік объектілері, 608 кәсіпорын акцияларының мемлекеттік пакеті жекешелендіріліп, денсаулық сақтау, білім беру мен мәдениет салаларының нысандары мемлекет иелігінен алынды. Жекешелендірудің сатылған және сатып алынған нысандарынан түскен қаржы сомасы 54,5 млрд. теңге болды. Сөйтіп, осы жылда экономикалық оңалудың ұшқыны байқалып, елдің жағдайы оңала бастайтыны анық сезілді. Сыртқы саясатта Қазақстан әлемнің алпауыт елдерімен байланысты жандандырып, тығыз қарым-қатынас орнатуға барын сала білді.
П
резиденттің халыққа жасаған тұңғыш Жолдауы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиясына арналып, бұның өзі ұлтымыздың болашаққа деген сенімін нығайта түсті. Қазақстан-2030 стратегиясы - шын мәнісінде тарихи оқиға, тарихи меже болып қалыптасты. Бұл өз кезегінде келешекке көз жүгірту ғана емес, елдік діттеген мақсат-мұраттарды орындауға деген үлкен құлшыныс болатын. Қазақстан-2030 стратегиясы жарияланған жылдан бері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында алғашқы бекіген міндет пен алға қойған нақтылы мақсаттарды кезең-кезеңімен іске асырудың тетіктерін бір-бірімен ұштастыра ұсынып келеді. 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясы мен оны жүзеге асырудың бірінші кезектегі шаралары 1997 жылы 10 қазанда еліміздің Парламентінде ресми түрде жарияланды

Жалпы, Қазақстан стратегиясы-2030 төрт кезеңге бөлінді: 1997-2000 жылдар - дайындық кезеңі, 2000-2010 жылдар - бірінші кезең, 2010-2020 жылдар - екінші кезең және 2020-2030 жылдар - үшінші кезең. Осы кезеңдер аяқталған кезде Қазақстан дамыған елдер санатына енуі керек.


Сондай-ақ, дәл 1997 жылы ел астанасын Алматыдан Арқа төсіндегі Астанаға көшіру туралы қаулы қабылданды. Қазақстанның Мем­лекеттік нышандары: Туы, Елтаңбасы, Президенттің штандарты жаңа астанаға жеткізілді. Бұл қазақ халқының келешек қарқынды дамуға қарай қанатын қомдаған жылдардың бірі еді.
2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау
3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік
4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет