ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
ФИЛИАЛ АО НЦПК «ӨРЛЕУ» ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ
РАБОТНИКОВ ПО АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ
«ХХІ ҒАСЫР МЕКТЕБІ: САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІ БАСҚАРУДЫҢ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ON-LINE РЕЖИМІНДЕ
ӨТІЛГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР
МАТЕРИАЛДАРЫ
МАТЕРИАЛЫ
МЕЖДУНАРОДНОГО НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОГО СЕМИНАРА В РЕЖИМЕ
ON-LINE НА ТЕМУ: «ШКОЛА ХХІ ВЕКА: ИННОВАЦИОННЫЕ МОДЕЛИ
УПРАВЛЕНИЯ КАЧЕСТВОМ ОБРАЗОВАНИЯ»
АҚТӨБЕ
2015
ӘОЖ 374 (063)
КБЖ 74р
Ж 66
Редакциялық алқа
Кубенова Ш.И., Қибатаева Н.Қ., Мендигалиева Г.Х., Биктимирова Л.Р., Төребаева
К.Ж.,Туксанбаев А.М., Қаплиева А.Қ.
Ж 66 «ХХІ ғасыр мектебі: сапалы білім беруді басқарудың инновациялық моделі»
тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары=
Материалы международной научно-практической конференции «Школа ХХІ века:
инновационные модели управления качеством образования» – Ақтөбе, 2015. – 186
бет.
ISBN 978-601-7810-06-1
Жинақта «ХХІ ғасыр мектебі: сапалы білім беруді басқарудың инновациялық
моделі» тақырыбында өтілген халықаралық ғылыми-практикалық семинарына қатысқан
ғалымдар, білім беру мекемелері басшылары, педагогтардың еңбектері енгізілген.
Жинақ білім беру мекемелері басшыларына, әдіскерлерге, жалпы педагогтар
қауымына арналады.
В сборнике представлены материалы международного научно-практического
семинара, в которых рассматриваются проблемы инновационных форм и методов
управления качеством образования.
Адресуются руководителям, методистам и работникам системы образования.
ӘОЖ 374 (063)
КБЖ 74р
ISBN 978-601-7810-06-1
©АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ КЕПІЛІ
Куканова Ж.М.,
Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының баспа бөлімі және
қоғамдық ортамен байланыс бөлімінің жетекші маманы, Қазақ-орыс халықаралық университетінің магистрі
Жаңа экономикалық және әлеуметтік - мәдени жағдайларға сәйкес Қазақстанда жоғары білімді
дамыту бойынша жүргізіп жатқан шаралар мамандар даярлау сапасын арттыруды, қарқынды ғылыми -
зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамытуды, жоғары оку орындары
зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктері мен тығыз байланысын орнатуды, білім
беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіруді, бірыңғай акпараттық білім ортасын қалыптастыруды,
білім беру процесін оку-әдістемелік және ғылыми тұрғыдан камтамасыз етуді көздейді. Мұның өзi білімнің
негізін салатын тарих пәнін оқытудағы жоғары сынып мұғалімдерінің кәсіби даярлықтарына жоғары
талаптар койып, оларды жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, оқытудың жаңа
технологияларын игерген және қазіргі заманғы технологиялық процесті басқара алатын маман ретінде
қалыптастыру мәселесін тудырады. Сондықтан мектептің таяу уақыттарға бағытталған талаптарына сәйкес
жоғары оқу орындарында инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде білім берудің жолдарын
айқындап, жоғары оқу сынып мұғалімдерінің кәсіби даярлығын үнемі жетілдіріп отыру аса қажет.
Инновациялық педагогикалық технологияларды теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт
тұрғысынан зерттеу аркауы етіп, оларды оку процесін жетілдіру бағытында колдану мәселелерімен
Б.Әбдікәрімұлы, В.П.Беспалько, Д.М.Жуабалиева, В.В.Егоров, М.В.Кларин, В.М.Монахов, Г.К.Нургалиева,
К.К.Қабдықайырұлы, Ж.А.Қараев, Г.К.Селевко, Ш.Таубаева, Л.А.Шкутина, т.б. ғалымдар айналысты.
Қазақ халкының көрнекті ағартушысы А.Байтұрсынов мұгалімнің жеке тұлғасы туралы мәселені
көтере отырып, "жақсы мұғалім мектепке жан кіргізетінін... Мұғалім нашар болса, сайлы мектепте отырып
сабақ бере алмайтынын" айтты. Сондай-ақ ол мұғалімдерге койылатын талаптарды тұжырымдады: "Бала
оқытуын жақсы білем деген адам, әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзi жақсы білуі керек, екінші
баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам болуы керек".
Ұлы ойшылдар мен педагогтардың құнды идеяларынан бастау алған тарих пәнін оқыту мұғалімдерін
кәсіби даярлау мәселесі бүгінгі күнде педагогика ғылымының теориясы мен практикасында өз алдына
дербес проблема ретінде бірнеше ғалымдардың зерттеу еңбектеріне арқау болып, әр қырынан зерттеліп келе
жатыр, мұның өзі оның үнемі дамуды, жетілдіруді қажет ететін проблема екендігін дәлелдейді.
Педагогикалық технология- мұгалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған
нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет-
оқушының оқу- танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан
педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.
Бұл міндетті нәтижені жүзеге асыру үшін қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім беру мен
тәрбиенің мазмұны жаңарту мәселесі алға қойылып, халықтың ғасырлар бойы жинактап, ipiктeп алған озық
тәжірибесі мен iзгi қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сініру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,
дүниетанымын, өмipгe деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру көзделіп
отыр.Шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан,
имандылық, инабаттылық, мейірімділік, кішіпейілділік, ата-мекеніне, еліне деген сүйіспеншілік сияқты асыл
қасиеттерді тәрбиелеу, бүгінгі күннің өзекті проблемасы болып табылады. Бұл проблеманың шешімін табу
мұгалімнің осы саладан кәсіби даярлығын жетілдіруді талап етеді.
Ғылыми зерттеулерге жасалынған талдау бүгінде педагогикалық технологияларды жинақтап,
жүйелеп, оның жіктемесін жасауға бірнеше ғалымдар әрекет жасағанын көрсетті. (Т.М.Давыденко,
В.Г.Гульчевская, Г.К.Селевко, Т.И.Шамова, В.Т.Фоменко, т.б.). Солардың ішінде педагогика ғылымы мен
практикасында белгілі барлық технологияларды неғұрлым жинақтап, жүйелеген Г.К.Селевконың жіктемесі
көңіл аударалық. Зерттеуші ғалым педагогикалық технологияларды былайша жіктейді:
- қолдану деңгейі бойынша: жалпыпедагогикалық, дербес әдістемелік (пәндік) және модульдық;
- философиялық негізі бойынша: материалистік, идеалистік, диалектикалық, метафизикалық, ғылыми
және діни, гуманистік және антигумандық, антропософиялық, және теософиялық, прагматикалық және
экзистенциалистік, тәрбие және бағындыру, т.б.;
- психикалық, дамудың жетекші факторы бойынша: биогенік, психогендік, социогендік және идеалистік;
- тәжірибе меңгерудің ғылыми тұжырымдамасы бойынша: ассоциативті-рефлекторлы, бихевиористік,
гештальт-технологиялар, интериозаторлық дамыту;
-
түлғалық құрылымға бағдарлау бойынша: ақпараттық, технологиялар, операциялық, эмоциональды-
көркем және эмоциональды-адамгершілік, өзін-өзі дамыту технологиялары, эвристикалық, және
қолданбалы;
-
мазмұны мен құрылымының сипатына қарай: оқытатын және тәрбиелейтін, жалпы білім беретін және
кәсіби бағдарланған, гуманитарлық және технократтық, әртурлі салалық, дербес пәндік, сонымен бipгe
монотехнологиялар, кешендік және кірме технологиялар;
-
ұйымдастыру формасы бойынша: сыныптық-сабақтық және альтернатив-тік, академиялық және
клубтың, жеке және топтық, оқытудың ұжымдық тәсілдері, диференциялық оқыту;
танымдық іс-әрекетті басқару типі бойынша: классикалық лекция, окытудың техникалық құралдарының
көмегімен оқыту,
-
"кеңесші" жүйесі, кітап бойынша оқыту, аз топтардың жүйесі, компьютерлік оқыту, "репетитор" жүйесі,
басқару бағдарламасы;
- балаға қатынас жасау бойынша: авторитарлық, дидактикалық-орталықтандырылған, түлғалық-
бағдарланған, ізгілікті-тұлғалық, ынтымақтастық технологиясы, еркін тәрбие, эзотериялық;
-
басым (үстемдік етуші) әдіс бойынша: догматтық-репродуктивтік, түсіндірмелі-иллюстративтік, дамыта
оқыту, проблемалық, ізденгіштік, шығармашылық, бағдарламалық оқыту, диалогтық, ойын, өзін-өз
дамытушы оқыту, акпараттық;
-
дәстурлі
әдістемені
модернизациялау
бағыты
бойынша:
қатынастарды
ізгілендіру
мен
демократияландыру негізінде, іс-әрекетті белсендіру мен интенсификациялау негізінде, ұйымдастыру
мен басқарудың тиімділігі негізінде, әдістемелік және дидактикалық негізде, табиғатқа сәйкестік,
альтернативті, авторлық тұтас технологиялары;
- оқушылардың категориялары бойынша: бұқаралық технологиялар, озат оқыту, орнын толтыру,
виктимологиялық, қиын балалармен жұмыс icтey технологиялары, дарынды балалармен жұмыс icтey
технологиялары.
Бұл жіктеме педагогикалық, технологиялардың мақсатын, мазмұнын және түрлерін ажыратуға
көмектеседі және оларды атқаратын қызметіне сай пайдалануға негіз болады.
Педагогикалық технологиялар қолданылу сипатына қарай дәстурі және инновациялық болып
бөлнеді.
Инновация ("новация" - жаңа, жаңашылдық; "ин" "қайталанатын" процесс, құбылыс, оқиға, т.с.с.
білдіретін жұрнақ) бар, әрекет етуші нәрсенің ішінде жаңаның пайда болуын, дамуын білдіреді. Бұл ұғым
кейде "жаңалықты енгізу", "жаңашылдық", "жаңаны жасау", "реформалау" ұғымдарымен теңестіріледі, ал
кең тұрғыдан алғанда жүйедегі кез келген өзгерісті білдіреді. Инновация теориясының алғашқы
ұғымдарының негізін қалаушылар неміс ғалымдары В.Зомбарт, В.Метчерлих және австриялық экономист
Й.Шумпетер болып табылады, олар бұл қағидаларды әлеуметтік-экономикалық және технологиялық
процестерге байланысты қолданған.
«Педагогикалық инновация» (жаңаны енгізу) ұғымына педагогикалық сөздікте мынадай анықтама
беріледі; 1) тұтас білім беру жүйесінің және оның жекелеген бөліктерінің, компоненттерінің сипатын
жаксартатын тұракгы элементтерді (жаңашылдықты) білім беру ортасына енгізуден мақсатқа бағытталған
өзгерістер; 2) жаңашылдықты (жаңа құралдарды, әдістерді, әдістемелерді, технологияларды,
бағдарламаларды және т.с.с) меңгеру процесі; 3) ерекше әдістемелер мен бағдарламаларды іздестіру, оларды
білім беру процесіне енгізу және оларды шығармашылықпен ой елегінен өткізу. Сонымен бipгe
педагогикалық инновация педагогикалық ic-әрекетке жаңаны енгізу, оқыту мен тәрбиелеуің тиімділігін
арттыру мақсатында, олардың мазмұны мен технологиясын өзгерту болып табылады .Әртүрлі
анықтамаларды талдау инновацияға мазмұнды өзгерістер тән деген қорытындыға әкеледі, ал инновациялық
өзгерістің басты функциясы өзгерту функциясы болып табылады.
Инновация мамандар даярлау міндеттерін дәстурлі формалар (мазмұн) арқылы шешу мүмкін
болмаған жағдайда пайда болып, жаңа мақсат пен міндеттерге сәйкес жаңа технологияларды пайдалану
қажеттілігін тудырады.
Жоғ ары оқу орындарындағы оқу процесі ізгілендіру мен тұлғалық бағдардың қазіргі кезден
тұжырымдамаларына негізделеді. Жоғары педагогикалық, білім беру мазмұнын құрайтын әлеуметтік-
ізгілендіру,
жаратылыстану-ғылыми,
педагогикалық,
және
арнайы
пәндердің
интеграциясы
тұжырымдамалық интеграция деңгейіне жатады.
Пәнаралық интеграцияның негізгі принципі бойынша жалпыпедагогикалық және арнайы пәндерден
білім элементтер фундаментальдык пәндер білім элементтерімен оларды ірілендіру арқылы құрастырылуы
керек. Студенттердің оку-танымдық ic-әрекетін осылайша ұйымдастыру пәнді оқытудың бірізділігі мен
сабақтастығын қамтамасыз етіп, материалдың қайталануына жол бермейді.
Арнайы пәндерді оқытуда интеграциялык технологияларды пайдалану кәсіптік ic-әрекетте білімді
көкейкестендіре отырып, теория мен практиканың байланысы принципін іске асруға мүмкіндік береді.
Оқытудың әдістері, формалары және құралдарының пәнішілік интеграциясы лекциялық, практикалық
және семинар сабақтарын жаңа деңгейде ұйымдастыруды қамтамсыз етеді, ол үшін мына мәселелер іске
асырылуы қажет:
-
жеке тапсырмаларды жасау мен қарым-қатынас формаларын тандап алуда тұлгалық сапаларды есепке
ала отырып, студенттердің танымдық ic-әрекетін, ұжымдық формаларын кеңінен пайдалану;
-
студенттердің ұжымдық және жеке оқу ic-әрекетін басқаруды ұйымдастыру үшін сәйкес дағдыларды
қалыптастыру;
-
интерактивті, проблемалық оқытудың әртурлі формалары мен элементтерін қолдану, қазіргі
аудиовизуальды құралдарды, оқытудың техникалық, ақпараттық құралдарын қолдану;
-
кәсіби даярлық мазмұнын жетілдіру. Интеграциялық технологияларды пайдалану болашақ жоғары
сынып мұгалімдерінің тұлгалық және кәсіптік сапаларының қалыптасуына септігін тигізеді.
Ойын технологиялары педагогикалық процесті ұйымдастыру формаларының бipi болып табылады.
Ойынның тәрбиелік, дамытушылық және эвристикалық мүмкіндіктері жоғары сынып мұгалімдерінің
даярлығын жетілдіруге игі әсерін тигізеді.
Ойын технологиялары белсенді тұлға аралық қарым-қатынас пен өзін-өзі анықтау үшін өте қажет.
Әpбip пәнді оқыту барысында ойындарды пайдалану болашақ мұғлімдерге өздерінің іскерлік сапалары мен
тұлғалық қасиеттерін жақсы түсінуге мүмкіндік береді, ceбeбi ойын арқылы өзара ic-әрекетке түсу кезеңде
олар ертурлі келісімдерді, қатынастарды талқылайды, іскерлік құжаттарға қол қояды, келіссөздер мен
кеңестер, мәжілістер мен конференциялар жургізеді, т.с.с.
Ойын технологиялары оқу процесін белсеңділендіру және жетілдіру құралы ретінде мына
жағдайларда қолданылады:
- оқу пәннің ұғымдарын, тақырыптарын және тұтас бөлімін меңгеру үшін дербес технология ретінде;
-
жалпы технологияның бip бөлігі ретінде;
-
сабақ немесе оның бip бөлігі ретінде;
- аудиториядан тыс жұмыс үшін дербес технология ретінде.
Ойын технологиялары педагогикалық процесс, педагогикалық ойындар турінде ұйымдастыру әдістері
мен тәсілдері тобын құрайды.
Педагогикалық ойындардың басқа ойындардан айырмашылығы — онда нақты оқыту мақсаты
қойылып, соған сәйкес педагогикалық нәтиже болады және олар нақты түрде негізделіп, бөлініп көрсетіледі
де, оқу танымдық бағыттылығымен сипатталады. Ойын технологиялары мына негізгі бағыттар бойынша
іске асырылады:
- студенттердің алдына дидактикалық мақсат ойын міндеттері формасында қойылады;
-
оқу танымдык ic-әрекет ойын ережелеріне бағынады;
-
оқу материалы, оның құралы ретінде пайдаланылады;
-
оқу ic-әрекетіне дидактикалық міндетте ойынға айналдыратын жарыс элементі енгізіледі;
-
дидактикалық тапсырмаларды табысты орындау ойын нәтижесімен байланыстырылады.
Жоғары оқу орындарының оқу процесінде ойын технологияларының алатын орны мен атқаратын рөлі
зор.
Бұл жөнінде Қазақстан Ркспубликасы «Білім туралы» Занының 8-бабына «Білім беру жүйесінің
басты міндеттерінің бірі- оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіллерге шығу» деп атап көрсеткен.
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе- білім беру,
ғылымды дамыту. Өркениет өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Мұғалімдердің басты
міндеті- өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі
рухани құндылықтарға ұшатастыра білетін тұлға тәрбиелеу.
Жалғасбаев Р.Х.
Ғылым мен білімдегі инновациялар-адами капиталды дамыту факторы.......................................................
Жанболатова Н.С
Жаңа ақпараттық технологияны математика сабағында пайдалану.............................................................
Жантурина М.С.
Оқу пәндерін ғылыми – технологиялық негізде оқыту.................................................................................
Жолмағамбетова З.А., Сарбасова Ы.О.
Жаратылыстану пәндерінен сапалы білім беруді басқару..........................................................................
Жумакешова А.Ш.
Проектная технология – один из эффективных путей и средство развития потенциальных
возможностей школьников.............................................................................................................................
Жусипов И.Т.
Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі...........................................
Жусупова Б.У.
Пути повышения мотивации учебно-познавательной деятельности учащихся при
обучении иностранному языку..................................................................................................................
Жұмағалиева А.А.
Білім беру жүйесіндегі менеджменттің дамуы.................................................................................................
Ізтлеуова Д.С.
Инновациялық оқыту – заман талабы..............................................................................................................................................................
Исказиева А.М.
Инновациялық оқыту технологиясының оқыту процесінде қолданылу ерекшеліктері.................................
Искакова Ш.А.
ХХІ ғасыр - мұғалім моделі...........................................................................................................................
Каллибекова Г.У.
Білім беру жүйесін тиімді басқарудағы жаңа технологиялар.........................................................................
Каймакбаева Г.Б.
Шет тілін оқытудағы инновация нәтижесі......................................................................................................
Каримова А.Т.
Түлектер – жарқын болашағымыздың кепілі................................................................................................
Кенжегалиева Д.К., Сибагатов Н.У.
Виды стратегий инновационной деятельности, их характеристика и опыт применения...............................
Кубенова Г.А.
Современные информационные технологии в образовании.............................................................................
Карауылбекова Г.А.
Қалыптан тыс сабақ формалары – жаңаша білім беру кепілі...........................................................................
Китаманова А.А.
Тұлға – адамның келешек өмірінің келбеті........................................................................................................
Кушекова Е.Н.
Инновациялық орта – сапалы білім кепілі..........................................................................................................
Кадырова М.К.
Инновациялық ізденіс – тұлғаны дамыту негізі................................................................................................
Куканова Ж.М.
Инновациялық технология - білім сапасын арттыру кепілі...............................................................................
Куканова С.М
Инновационный менеджмент технологической основы образовательного процесса....................................
Қонкабаева Г.Қ.
Инновациялық педагогикалық технологияны басқару – сапалы білім беру негізі.........................................
Кулшанбаева Г.М.
Бала тәрбиесіндегі ойынның ролі........................................................................................................................
Куспаева Р.Б., Ергалиева З.Н.
Школа XXI века: инновационные модели управления качеством образования.............................................
Куспаева Р.Б., Ергалиева Р.Т.
Новые подходы в обучении или «Чему я хочу научить своих учеников?»
.......................................................
« ХХІ ҒАСЫР МЕКТЕБІ: САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІ БАСҚАРУДЫҢ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ON-LINE РЕЖИМІНДЕ
ӨТІЛГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР
МАТЕРИАЛДАРЫ
МАТЕРИАЛЫ
МЕЖДУНАРОДНОГО НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОГО СЕМИНАРА В
РЕЖИМЕ ON-LINE НА ТЕМУ: «ШКОЛА ХХІ ВЕКА:
ИННОВАЦИОННЫЕ МОДЕЛИ УПРАВЛЕНИЯ КАЧЕСТВОМ
ОБРАЗОВАНИЯ»
Баспаға 05.05.2015 қол қойылды.
Пішімі 210 х 297 1/8. Қағазы офсеттік.
Шартты баспа табағы 12
Таралымы 200 дана. Тапсырыс №16
₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪
Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институтының баспа қызметі және қоғамдық ортамен байланыс
бөлімі - Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 86 үй. Тел: 56-05-37
Достарыңызбен бөлісу: |