Радиациялық бақылау және дозиметриялық қадағалау құралдары. Радиациялық ортаны бағалау Жұмыстың мазмұны



бет3/4
Дата26.11.2023
өлшемі0,53 Mb.
#128261
1   2   3   4
Рс - ауру жұқтыру қаупі бар аймақтарында болудың соңындағы радиацияның деңгейi (tс=tб+tр уақытына), Р/с;
, (1.4)
және - 4 қосымша бойынша анықталатын, tб және tс уақытша қайта есептеу коэффициенттерi.
Қарапайым формула ядролық жарылыстан кейін алғашқы тәуліктер кезінде сәулелену мөлшерін есептеу кезінде үлкен қателіктер беретінін есте сақтаған дұрыс, радиация деңгейінің интенсивті төмендеуі кезінде есептеу мөлшері сәл жоғарылатылған болып шығады.
Сәулелену мөлшерлерін есептеу үшiн өте дәл формула болып табылады:
, (1.5)
Бұл формула есептеулерді өткізудің жайлырақ (дәрежеге келтірмей) басқа түрінде де келтірілуі мүмкін, алымында кейбір өзгерістер келтіру арқылы. Ол келесі түрде болады:
. (1.6)

ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ


1. РАДИОАКТИВТІ ЖҰҚТЫРУ АЙМАҚТАРЫНДА БОЛУ КЕЗІНДЕ СӘУЛЕЛЕНУДІҢ МҮМКІН МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ. Мұндай есепті шығару адамдардың жұғу аймағында болуы кезіндегі қауіп дәрежесін бағалауға және мақсатқа сай іс-әрекеттердің жолдарын жоспарлау. Бұл үшін сәулеленудің мүмкін мөлшерінің табылған мәнін ұйғарымды (белгіленген) Дбелг мөлшермен салыстырады. Егер адамдар ұйғарымды мөлшерден көп сәулелену мөлшерін алатын болса, онда жұғу аймағындағы адамдардың жұмыс тәртібін өзгерту қажет: тұрғылықты уақытын қысқарту, тұрғылықты шарттарды өзгерту (жоғары дәрежеде қорғалған ғимараттарға, құрылыстарға көшу) немесе жұмысты кештеу, радиация деңгейі төмендегенде бастау.


1 МЫСАЛ. Егер жұмысты жарылыстан кейін 1 сағаттан соң, сол уақыттағы радиация деңгейі Р1 = 80 Р/с кезінде бастаса, цех ғимаратында Косл=10 кезінде жұмысшылар алатын сәулелену мөлшерін анықтау қажет. Жұмыс ұзақтығы tр=3 с.
ШЕШІМІ: Есептеу үшін 1.1 қысқартылған формуласын қолданамыз.
1. Жұмыс басындағы радиация деңгейін анықтаймыз:
Рб1=80 Р/с.
2. Жарылысқа байланысты жұмысты бітіру уақытын есептеп шығарамыз:
Tс=tб+tр=1+3=4 с.
3. Жұмыс соңындағы радиация деңгейін анықтаймыз:
Р/с.,
мұндағы = 5,28 tс = 4 с уақытында қайта істеу коэффициенті.
4. Радиацияның орташа деңгейін табамыз:
.Р
5. Жұмыс уакытында сәулеленудің мөлшерін анықтаймыз:
Р.
ҚОРЫТЫНДЫ. Цехте белгіленген уақытта жұмысшылар алатын сәулелену мөлшері, бір реттік сәулеленудің шектік ұйғарымды мәнінен аз (50 Р). Осындай шарттарда жұмыс жалғастырыла алады, жұмыскерлердің жұмыс қабілеті сақталады.
Дәлме-дәл формуланы қолданып, келесіні аламыз:
Р.
Бұл қарапайымдалған формуламен есептегеннен 4 Р-ге аз.

2. СӘУЛЕЛЕНУДІҢ БЕРІЛГЕН МӨЛШЕРІ БОЙЫНША ЗАЛАЛДАНУ АЙМАҚТАРЫНДА БОЛУДЫҢ МҮМКIН ҰЗАҚТЫҚТЫҒЫН АНЫҚТАУ. Радиоактивтi зат көп кездесетін жерлерде жұмыс істегенде, белгіленген мөлшері есепке алынған залалдану аймақтарында болудың мүмкiн уақытын анықтаудың қажеттiлiгі пайда болады (осы дозаны адамдардың алу уақыты). Мұндай есептiң шешiмi залалдану аймағындағы адамдардың орынды әрекеттерін анықтау үшiн керек. Iс жүзiнде бұл есептi графика арқылы шешу ыңғайлырақ (1.5 - сурет).


2 МЫСАЛ. Косл =10 кезінде цех ғимараты ішінде жұмысшылардың болуының ұйғарымды ұзақтығын анықтау, егер жұмыстар ядролық жарылыстан кейін tб = 2 с соң басталса, ал 1 сағатына радиация деңгейі жарылыстан кейін Р1 = 250 Р/с. Жұмысшылар үшін сәулелену мөлшері Дбелг = 25 Р.
ШЕШІМІ: 1. Қатынасын табамыз:
.
2. (1.5 - сурет) графигі бойынша, тік сызығының 1-ге тең қатынас мәні үшін көлденең сызығының tб =2 с оқуды бастау уақытынан жұмыстың ұйғарымды ұзақтығын tр=6 с табамыз.
ҚОРЫТЫНДЫ. Белгіленген шарттарда адамдар 6 сағаттан артық емес уақыт жұмыс істей алады. Сонымен қатар сәулелену мөлшері белгіленген 25 Р-ден аспауы тиіс.
3. ЗАЛАЛДАНУ АЙМАҚТАРЫНДА ЖҰМЫС АТҚАРУ ҮШІН АУЫСЫМДАРДЫҢ ҚАЖЕТТІК САНЫН АНЫҚТАУ. Аймақтың радиоактивті жұғу шарттарында берілген жұмыс көлемін орындау кезінде адамдардың шамадан тыс сәулеленуін болдырмау үшін ауысымдық жұмыс атқару ұйымдастырылады. Ауысымдар бойынша күш пен тәсілдерді дұрыс бөлу үшін, орындалуы қажет жұмыс пен уақыттың көлемін есептей отырып, талап етілген ауысымдар санын есептеу қажеттігі пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет