Радиоактивті ыдырау. Ядролық реакциялар



бет3/4
Дата22.09.2023
өлшемі1,06 Mb.
#109760
1   2   3   4
1.5 Сәулену түрлері

Иондаушы сәулелену – қоршаған ортамен байланысы әр түрлі ионды таңбалардың пайда болуына әкелетін сәулелену.


Зарядталған бөлшектерден тұратын иондаушы сәулелену, мысалы: электрондар, протондар, альфа-бөлшек, бұлар соқтығысқанда кинетикалық энергиясы жеткілікті болса, онда ол иондаушы сәулелену деп аталады. Зарядталмаған бөлшектерден тұратын иондаушы сәулелену, мысалы: нейтрондар немесе фотондар, иондаушы сәулеленуді тұдыратын немесе ядролық өзгеруі болатын болса, онда бұл тікелей иондаушы сәулелену деп аталады. «Иондаушы сәулелену» түсінігіне көрінетін сәуле мен ультракүлгін сәулелер кірмейтінін ескеруіміз керек.
Иондаушы сәулелену корпускулалық және электромагниттік болып бөлінеді. Электромагниттік сәулелену электромагниттік толқындарды меңзесе, корпускулалық сәулелену деп – массасы 0-ге тең тыныштық күйдегі бөлшектерді айтады. Төменде келтірілген иондаушы сәулелену түрлерінің іс – тәжірибелік көп маңызы бар.
Альфа-сәулелену – бұл α- бөлшегінің ағыны (гели атомдарының ядросы), онда оң зарядталған +2 және массасы 4- ке тең. Альфа - бөлшектердің ортада таралуы тікелей, өз жолында иондалудың үлкен тығыздығын қалыптастырады. Сәулеленудің бұл түрі көбінесе табиғи радиактивтік элементтерде байқалады, мысалы: радий, торий, уран, және т.б. α-бөлшекті энергияның әдеттегі шегі – 1-ден 10-ға дейінгі мегаэлектронвольт (МэВ). α-бөлшек пен энергия қашықтығының үлкендігі 10 МэВ ауадағы мөлшері – 11 см, суда ( немесе биологиялық тканьдерде) – 110 мкм, алюминиде – 70 мкм.
Бета-сәулелену – бұл β-бөлшегінің ағыны (электрондар мен позитрондар), (– 1) теріс зарядты және (+1) оң зарядты, тыныштық күйдегі массасы 5,48*10-4 тең а.е.м. β-бөлшекті энергияның әдеттегі шегі – 10 килоэлектронвольдтан 3 МэВ-ға дейін. β-бөлшек пен энергия қашықтығының үлкендігі 1 МэВ ауадағы мөлшері – 11 см, суда ( немесе биологиялық тканьдерде) – шамамен 5 мм, алюминиде -2 мм.
Нейтронды-сәулелену – бұл нейтрон-бөлшегінің ағыны, онда электр қуаты болмайды, және оның массасы 1В-қа жуық болып келеді. Кинетикалық энергиясына қарай нейтрондар жылулық ( ≈ 0,25 эВ), баяу (‹ 0,1 кэВ), аралық энергия (0,1 - 20 кэВ), жылдам (0,02- 10 МэВ) және өте жылдам (› 10 МэВ) болып бөлінеді. Нейтрондық сәулеленудің өту қабілеті өте жоғары дамыған ( ауада – жүздеген мың метрге дейін барады). Баяу және жылулық нейтрондар ядролық реакцияға түскенде тұрақты немесе радиоактивті изотоптарды түзе алады, соның салдарынан сәулеленуші затта «радиоактиатің кіріп-шығуын» тудыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет