Радиоактивтілік



бет2/3
Дата11.12.2023
өлшемі29,33 Kb.
#137628
1   2   3
ДОЗИМЕТРИЯ НЕГІЗДЕРІ


Жұтылу дозасы деп дене элементі жұтқан иондаушы сәуле энергиясының dE сол дене массасына dm қатынасына тең шаманы атайды: D= dE/dm. Жұтылу дозасы СИ өлшеу жүйесінде грей (Гр) деген шамамен өлшенеді, сонымен қатар рад деген өлшеу бірлігі де қолданылады 1 рад= 10-2 Гр тең.
Жұтылу дозасы иондаушы сәулелердің денеге тигізетін түрлі радиациялық әсерлерін толық сипаттай алмайды. Осы олқылықты жою үшін иондаушы сәуленің әсерін сапа коэффициенті деген шамамен сипаттайды. Сапа коэффициенті сан жағынан дозалары бірдей, иондаушы сәуленің биологиялық әсерін рентген немесе гамма сәулесіне салыстырғанда қаншалықты жоғары немесе кем екендігін көрсететін шамаға тең. Иондаушы сәуленің биологиялық әсері ретінде сәуленің әсерінен денеде орын алатын құбылысты атайды. Мысалы, иондаушы сәуленің әсерінен зақымдалған жасуша саны, немесе денеде пайда болған зарядталған бөлшектердің саны және т.б. мәліметтерді атауға болады.
№1 кесте

Иондаушы сәуле түрі

Сапа коэффициенті, К

Гамма немесе рентген сәулесі

1

Бета сәулесі

1

Энергиясы 2 МэВ протондар

5

Альфа сәулесі

20

Кестеден α сәулесі үшін сапа коэффициенті 20 тең. Мұны қалай түсіну керек, бұл α сәулесінің биологиялық әсері рентген сәулесіне салыстырғанда 20 есе көп дегенді білдіреді.


Сапа коэффицентін ескере отырып анықталған дозаны эквиваленті доза деп атайды, ол мына өрнекпен анықталынады: H =KD. Эквиваленті доза зиберт (Зв) деген шамамен өлшенеді, сонымен қатар бэр(биологический эквивалент рентгена) деген өлшеу бірлігі де қолданылады 1 бэр= 10-2 Эв тең.
Иондаушы сәулелердің ауаны иондау қабілетін ескеріп, экспозициялық доза деген шама енгізілген. Ол сан жағынан ауаның бірлік массасы көлемінде пайда болған барлық оң иондардың шамысына X =Q/m тең. Экспозициялық доза Кулон/кг өлшенеді, бірақ бұл өте үлкен шама болғандықтан, практикада одан көп кіші рентген-Р деген шама қолданылады 1Р = 2,58 10-4 Кл/кг.
Жұтылу және экспозициялық доза арасында мына түрде өз ара байланыс бар: D=fX, мұндағы f-өтпелі коэфициент деп аталады. Жұмсақ ұлпалар үшін f=1 тең, сондықтан «рад» анықталған жұтылу дозасы «рентегнмен» анықталған экспозициялық дозаға сан жағынан тең болады.
Доза қуаты деп доза шамасының сол дозаны қабылдаған уақытқа қатынасымен анықталынатын шаманы атайды: ND = D/t NX=X/t NH=H/t.
Жұтылу дозасының қуаты Гр/ мин; Гр/сағ экспозициялық доза қуаты микрР/сағ; милР/сағ; Р/сағ және т.б. өлшенеді. Эквивалентті доза Зв/мин; Зв/сағ; Зв/жыл; бэр/ мин; бэр/сағ. өлшенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет