гендерлік ерекшелік байқалды: қыздар 553 балл жинаған (орташа көрсеткіш), ол ұлдардың жинаған көрсеткіштерінен орташа нәтижесінен жоғары (545 балл).
3
Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларының оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық зерттеуінде 2007 жылмен салыстырғанда қандай өзгешіліктер болды?
Әлемнің 63 елінің бастауыш және негізгі мектебінен 600 мыңнан астам оқушы TIMSS-2011 зерттеулеріне қатысты. 34 ел, соның ішінде Қазақстан зерттеудің бірден екі бағытына қатысты – 4-8 сынып оқушыларының математика және жаратылыстану білім беру сапасын бағалау.
TIMSS-2011 зерттеуінде 154 орта білім беру мекемесінен 4-сынып және 8-сыныптың 8775 оқушысы Қазақстанды ұсынды. Екінші кезеңге қатысқан қалалық мектеп оқушыларының саны TIMSS—2007-ге қарағанда анағұрлым аз (89 қалалық және 52 ауылдық мектептер)
4
2011 жылы "Барлығына арналған Білім" атты дүниежүзілік ақпарат бойынша Қазақстан білім беруді дамытуда қандай жетістіктерге жетті?
4-сынып оқушыларының елден тәуелсіз математикадан білім сапасын анықтау мониторингіне қатысу қорытындысы бойынша статистикалық тұрғыдан орта халықаралық балда деңгейінен жоғары әлемнің 27 елдің қатарында. Нәтижелері Қазақстандық төртінші сынып оқушыларының TIMSS-2011 тест тапсырмаларын орындаудың жалпы көрсеткіші 501 балды құрады
Қазақстанның негізгі мектептерінің 8-сынып оқушылары математикадан дайындықтың осы іспеттес нәтижелерін көрсетті. Пайдалану және Ойлау бөлімі бойынша төмен пайыздық көрсеткіш оқушылардың күнделікті өмірде математикалық білімдерін Пайдалануға қажетті деңгейде дайындықтарының болмауын растайды
Халықаралық көлемде IEA сарапшылары мектепте оқушылардың жетістігіне үй ортасының әсер етудің басты маңыздылығына көңіл бөледі. Ата-ананың білімділік деңгейіне қатысты сұрақ негізгі мектеп оқушыларына ғана қойылды. Зерттеу мәліметтері бойынша қазақстанның 8 сынып оқушыларының 26% ата-анасы жоғары білімге, 30% - техникалық және кәсіби, 24% - жалпы орта және 11 % негізгі білімге ие. Алынған мәліметтердің талдауы сегізінші сынып оқушыларының ата-аналарының білім деңгейі төмен болса, олардың балалары да төмен көрсеткіш көрсететіндігін байқатты. Осылай, ең жоғары нәтижені ата-аналарының біреуінің жоғары білімі бар оқушылар көрсетті - орта 507 ұпай жаратылыстанудан және 506 ұпай математикадан
Қазақстандық сегізінші сынып оқушыларының тек 8% ғана олардың отбасылық кітапханасында 200 артық кітаптың бар екендігін көрсеткен. Ал, сингапур және корей мектеп оқушыларының отбасыларындағы әдебиеттер санының көптігі аса жоғары оқу жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік берді