"ХИКМЕТ"
баспа үйі
кенмін, Аллаh та бұл ісім үшін дүйсенбінің кештерінде
азабымды жеңілдетіп, ілтипат жасайды.
Ибн Жәзәри:
- Әбу Ләһаб сияқты кәпір, Пайғамбардың туған
күнінде тек қана рушылдықпен істеген ісі арқылы
тозақтың ішінде де пайдасын көріп отырғанда, біз
мүмин-мұсылмандар ол түнге құрмет көрсетіп әлемнің
мәңгі мақтанышы болған Пайғамбарға деген көңіл ма-
хаббатымызды ашсақ Хақ Тағала тарапынан қандай
жақсы ілтипаттарға жетеміз. Мұсылман үшін лайық
болғаны, Пайғамбардың туылған айында қайта-қайта
(мұсылмандар бір-бірімен) сұхбаттар жасап көңіл
нұрын тазалау, мүбәрәк айдың руханиатынан пайдала-
ну үшін үмбетке той жасап, қонақ күту, пақыр, ғаріп,
жетім, бейшара және ешкімі жоқ адамдарға әр түрлі
жақсылық жасап жабырқаған көңілдерді көтеріп, шат-
тандыру, оларды қайыр-садақалармен қуандыру және
Құран оқу, - деп айтады.
Ол жетім және үммі (оқу-жазуы болмаған),
басқалардан сабақ алмаған, бүкіл адамзатқа құтқарушы
және ғайб әлемін әңгімелеуші және Хақ мектебінің
ұстазы болды.
Хазіреті Мұса бірталай өкімдер алып келген. Хазіре-
ті Дәуіт Аллаhқа дұға ету және жалбарынуды әндетіп,
мақамдатып айтқанымен ерекшеленген. Хазіреті Иса
адамзатқа жақсы мінез-құлықты және дүниеге көңіл
аудармай өте аз, жеткілікті нәрселермен өмір сүруді
үйрету үшін жіберілген. Ал Ислам Пайғамбары Хазі-
реті Мұхаммед Мұстафа (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
осылардың бәрін алып келген. Өкімдер шығарған.
Нәпсісін ағартып, тап-таза жүрекпен Аллаhқа дұға етуді
үйреткен. Ең жақсы мінез-құлықты баяндап қана қоймай,
өз өмірінде іске асырумен үлгі-өнеге болған. Дүниенің
алдамшы сұлулығына сеніп қалмауды насихаттаған.
- 29 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Қысқасы, бүкіл пайғамбардың билік және міндеттерінің
баршасы өзінде және еңбектерінде жиналған. Ата тегін-
дегі және тәрбиесіндегі асылдығы, жемаль(сыртқы кел-
беті) мен кемаль (ішкі жан-дүниесінің кәмілдігі) бақыты
барлығы соған тән еді.
Күмәнсіз, Оның қырқыншы жасы адамзат тарихы
үшін айналым нүктелерінің бірі болды.
Қырық жыл надан, қараңғы қоғамның ішінде өмір
сүрді. Кейін пайда болатын кәмілдіктерінің көбі,
халқына әлі белгісіз еді. Не мемлекет адамы, не уағызшы,
не сөйлеуші болатыны білінбеді. Ұлы бір қолбасшы бо-
лып сөз айту былай тұрсын, жай әскер ретінде де білін-
ген емес еді.
Өткен ұлттардың және пайғамбарлардың тари-
хын, қиямет күнін, жәннәт пен тозақты мүбәрәк аузы-
на алғаны көрінбеген. Тек қана өзінің жақсы мінезі-
мен сәулетті бір өмір сүріп жатқан еді. Бірақ, Құдайы
нұсқаумен Хира үңгірінен қайтқанда толығымен
өзгерген еді.
Тәблиғ (дін таратып, жаю) басталғанда бүкіл Араб-
стан қорқып, састы. Оның таңғажайып шешендігі және
сөздері олардың басын айналдырды. Өлең, әдебиет, ше-
шендік және айтыс жарыстары дереу тоқтап қалды.
Енді ешбір адам жарыста ұтып алған өлеңін Қағбаның
қабырғасына ілмейтін болды. Осыменен ғасырлар бойы
келе жатқан бір әдет тарихтан жоғалып кетті. Атақты
Имриүл-Қайыстың қызы Құран Кәрімнен қысқа бір
мәтін тыңдайды да, таң қала тосылып, үрейлі түрде:
«-Бұл, Адам баласының сөзі бола алмайды. Дүниеде
осындай сөз бола тұра, әкемнің өлеңі Қағбаның
қабырғасында ілініп тұра алмайды. Барып оны алып,
орнына бұл аяттарды іліп қойыңдар!» - деп айтуға
мәжбүр болған.
- 30 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бүкіл Әлем Құранның сүрелеріне ұқсас бір сүре ой-
лап табуға шақырылды. Бірақ Аллаhтан басқа күш-
қуатына сенген кімі болса да жәрдемге шақырып, Құран
сүрелеріне ұқсас бір сөзді ойлап шығару жөніндегі
Құрани талап осы күнге дейін жауапсыз қалды.
Аллаh Тағала айтады:
«Егер, Құлымызға (Пайғамбар саллаллаһу аләйһи уә
сәлләмға) түсіргенімізден күдіктенсең-дер, онда сендер
де осыған ұқсас бір сүре келтірің-дер. Аллаhтан басқа
көмекшілеріңді шақырың-дар, егер сөздерің рас болса».
(Бақара сүресі 23-аят)
Мәдениеттен алыс, надан, қараңғы бір қоғамның
ішінен шыққан бұл оқымаған адам, ортаға қойған ілі-
мі мен даналығының мазмұнымен өз дәуірінің адамда-
рын дәрменсіз бейшара халде қалдырған сияқты болып,
қиямет-қайымға дейін өзгермейтін және ешкім жете ал-
майтын бір мұғжиза дариясымен ортаға шықты. Құран
Кәрім көне тарихи оқиғалардан бастап келешектегі
жағдайларға дейінгі бірталай ғылыми және техникалық
мәселелерді әңгіме етті және 1400 жылдан бері еш-
бір ғылыми зерттеулер мен табыстардың оны өтірікке
шығара алмағаны анық. Және де бүгінгі әлемнің ең
атақты энциклопедиялары да жыл сайын қосымша том-
дармен толықтырылып, түзетулер енгізіліп, өзгертілуге
мәжбүр болғандықтары, Құран құдіретінің шындығын
және қиямет-қайымға дейін өзгермейтін тұрақтылығын
дәлелдейді.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бүкіл адамзатқа өзінің Хақ Тағаланың жер жүзіндегі
өкілі екенін іс-әрекетімен дәлелдеп білдірді.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қоғамдық, мәдени және экономикалық ұйымдар,
көпшілікті басқару және халықаралық қатынастардың
ең толық, ең күшті қағидаларын келістіріп ортаға
- 31 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
шығарған. Ең күшті оқымыстылар да өмір бойы жүргізген
зерттеулерінен, адам және зат тұрғысында жасаған кең
тәжірибелерінен кейін осы қағидалардың ақиқатқа сай
даналығын түсіне білген. Әрине, адамзаттың теориялық
білімі және практикалық тәжірибесі дами берсе,
Мұхаммеди ақиқат одан да жақсы аңғарыла түседі.
Бұрын қылыш ұстамаған, әскери тәлім-тәрбие
көрмеген, бір рет қана көрермен ретінде соғысқа
қатысқан ұлы Пайғамбар бүкіл адамзатты қоршаған
шексіз мейіріміне қарамастан, қоғамдық бейбітшілік
үшін қажет болған теухид (Аллаhты бірлеу) күресінде де
қаймықпай ауыр соғыстардың ортасында жүрді. Тоғыз
жыл ішінде дұшпаннан саны аз болған әскери күшімен
бүкіл Арабстанды алып алды. Сол уақыттағы бет-бе-
тімен, жөн-жосықсыз жүрген тәртіпсіз адамдардың
көңіліне құйған рухани күшпен және әскери тәлім-
тәрбие беруімен мемлекеттерді Исламға бағындыруда
ғаламат табысқа жетті де, ізінен жүрген сахабалары сол
дәуірдің ең күшті екі мемлекеті болған Рим және Парсы
империяларын ойсырата жеңді.
Осыменен, Оның бұрыннан:
«Лә иләһә иллаллаһ деп айтыңдар, Иран және Рим
сендердікі болсын», - деген қуанышты хабары және
уәдесі жүзеге асты.
Осы табыстарымен теріс шарттарға қарамастан адам-
зат тарихындағы ең үлкен төңкерісті жасап, басқарған
Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) за-
лымдарды құртып, зұлымдық көріп езілгендердің
көз жасын тоқтатты. Оның мүбәрәк қолы жетімдерге
мейірбандылық пен жылулыққа толы күннің шуағындай
әсер етті. Оның көңіл көтеретін сөздерінің арқасында
көңілдер қайғы-қасіреттен алыстады.
Мехмед Акиф мұны қандай әсем түрде баяндайды:
- 32 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Қырқына жеткенде ол жетім
Бастарды езген қанды аяқтар суға түсті
Бір мезетте адамзатты құтқарды Ол күнәсіз,
Бір шабуылда қайсарлар мен кисраларды жеңді.
Ылғида езілген әлсіздер жанданды,
Зауалды есіне алмаған зұлымдық мүлдем құрып
кетті
Әрине әлемге рахмет еді, алып келген шариғаты
Қанатын әділет іздеген жұртына жайды.
Дүниеде не болса, бәрі Оның салығы
Қарызды Оған қоғам, қарызды Оған мүшесі...
Уа Аллаh, бізді махшарда осы мойындаумен ті-
рілт!
Егер, бүкіл ерекшеліктер өз басынан табылатын Ха-
зіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүниеге
келмесе, адамзат қиямет-қайымға дейін залым және
жабайы болып, әлсіздер күштілердің құлы болып қалар
еді. Тұрақтылық (жақсы мен жаманның) бұзылып
зұлымдық үстемдік құрар еді. Ақын бұны былайша
әдемілеп баяндайды:
«Ей, Аллаhтың Елшісі, егер Сен әлемге келмесең,
Гүлдер ашпай, бұлбұлдар сайрамай, Есімдер Адамға
белгісіз болар еді,* Жаратылғандар мағынасыздықтан
аза тұтар еді!»
Оның басшылығымен жиырма жеті соғыс, қырық
төрт-елудей «серие» деп аталатын кішігірім әскери ша-
буылдар жасалды. Мекке қаласының алынуымен тегі
бекіген Исламият.
«Бүгін діндеріңді толықтырдым. Және сендерге де-
ген сыйымды тамамдадым. Сондай-ақ сендер үшін дін
қылып Ислам дінін таңдап, разы болдым!»
(Мәйда, 3)
ая-
тымен кәмелетке жетті.
* Бұл жерде Аллаh Тағала Адам(Аләйһиссәләм)ды жаратқаннан
кейін оған барша затардың атын үйреткені меңзеліп тұр
- 33 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Енді ең үлкен қоштасып-айырылысу (адамдармен)
және қауышып- кездесу (Аллаhпен) уақыты келген еді.
Ауырып сырқаттанғанынан бір күн бұрын Мәдина
қаласындағы Женнетул-Бақи деп аталатын қабірcтанға
барып, өліктер үшін:
«-Уа, Ұлы Аллаhым! Осы жерде жатқандардан
мейіріміңді аямай, кешіре көр!» - деп дұға оқыды.
Осыменен аруақтармен де қоштасқандай болды.
Қабірстаннан қайтқаннан кейін кезек сахабалармен
қоштасуға келді. Оларға ең соңғы рет насихат айтты
және:
«Атағы ұлы Аллаh бір құлына дүние мен оның зейне-
ті және өзінің (Аллаhтың) қасындағы нығметтерінің
арасында таңдауды бұйырды. Ол құл Аллаhтың
қасындағыларды таңдап ұнатты!» - дегенде, бұл Хазі-
реті Пайғамбардың қоштасу сөздері екенін cезімтал Ха-
зіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) сезіп қойды. Қатты
қайғы жүрегін басып, мұңайып кетті. Көңілі түсіп,
көздерінен жастар төгіле бастады. Өксіп-өксіп:
«-Әке-шешем саған құрбан болсын. Ей, Аллаhтың
Елшісі, әкелерімізді, шешелерімізді, бала-шағамызды
және мал-мүліктерімізді саған құрбан етеміз»- деп айт-
ты.
Жамағаттың ішінде Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) терең сезімін одан басқа ешкім
аңғарып, сезе алмаған. Өйткені, көркем аятта сөз етіл-
ген Сәур үңгіріндегі «екеудің екіншісі» осы Әбу Бәкір
еді. Аллаһтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ол
туралы:
«Көңілімдегінің бәрін Әбу Бәкірге бердім», - деп
айтқан.
- 34 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Сахабалар Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) қадірменді досының жылағанын көргенде, таң
қалып бір-біріне:
«-Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Раббы-
сына қауышып, кездесуді таңдаған салиқалы адам ту-
ралы айтып жатқанда, осы қарияның жылауына таң
қалмайсыз ба?» - деп айтып жатты.
Алайда, Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) ның
сезімтал жүрегі, құдайы және үлкен қоштасуды сезіп,
айырылысуға қайғырып, сыбызғыға ұқсап зарлаған.
(М.
Асим. Көксал, Ислам Тарихы XІ 35-36)
Жәннәттағы ханымдардың мырзасы Фатима анамыз,
мүбәрәк әкесі Рахмет Пайғамбарынан уақытша айыры-
луынан өте қатты мұңайып кетті де:
«Әлемнің мақтанышы болған Пайғамбар-ымыздың
о-дүниеге қайтуы маған ұшыраған сондай бір бәле бол-
ды, егер осы бәле қараңғылықтың үстіне түссе оның
түсін өзгертіп жіберер еді» - деп айтты.
Ол бізге Құран Кәрім мен сүннеттен құралған екі жол
көрсетуші шырақ қалдырды.
Құран Кәрім мен сүннет осы дүние мен ақыреттің
бақыт кілті, «Жаратылыс нұрының» мәңгі естелігі.
Мәдина қаласына қайтқанынан кейін он үш күндей
қатты ауырады да 632 жылы Маусымның 8-і, Хижра
күнтізбегінің 11-жылы 12-Рәбиул Әууәл, дүйсенбі күні
жамал есігі ашылып, «Рефиқ-и ағласына» (Ұлы дос Ал-
лаhпен) қауышады.
«Жаратылыс нұрының» екі жауырынының ортасын-
да Пайғамбарлығының дәлелі ретінде Құдайы белгі бар
еді. Бірталай сахаба сол белгіні сүюді армандап өмір
сүрген. Имам Бейхақи айтады:
«Мырзамыз Хазіреті Пайғамбар мәңгі әлемге көшкен
уақытта мүбәрәк жүзінде ешбір өзгеріс болмағандықтан
- 35 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
сахабалар Оның ахиретке көшкенінен күмәнданды.
Сондықтан Әсмә (радиаллаһу анһу) арқасындағы
мүбәрәк пайғамбарлық мөрін іздеді. Жоғалып кеткенін
көргенде, мәңгі әлемге қайтып кеткені айқын болды».
(Тирмизи)
Дін толығып, сахабалардан тәблиғ болғанына ти-
істі тіркеу алынып, Хақ Тағалаға да куәлігі үшін
ұсынылғаннан кейін «Жаратылыс нұры» мәңгілік
әлемге шақырылды.
Енді Ол махшарда, «қыл көпір» деп аталатын жерде
және кәусәр суының басында үмбетін күтіп отыр,
Шапағат Уа, Расулаллаһ!
Медет Уа, Расулаллаһ!
Дахилек (есігіңді аш) Уа, Расулаллаһ!
12-Рәбиул Әууәл, дүйсенбі күні туып, дүниеге
шапағат әкелген еді.
Тағы сол 12-Рәбиул Әууәл дүйсенбі күні Аллаhтан
Пайғамбарлық міндетін алған еді. Хазіреті Әбу Катаде
нақылында былай айтылған:
«(Хазіреті Пайғамбардан) дүйсенбі күні тұтылатын
ораза туралы сұралды. Ол да:
«-Бұл менің туған күнім және пайғамбарлық мінде-
ті берілген күн...» - деп жауап берді.»
(Муслим)
Тағы бір 12-Рәбиул Әууәл айының дүйсенбі күні
таңертең Мадинаға кіріп жаңа құрылған және қиямет-
қайымға дейін құламайтын Ислам Дәулетінің негізін
қалаған.
Ақыры, 12-Рәбиул Әууәл дүйсенбі күні ақырет
әлеміне өтіп кетті.
Оның туылуы, пайғамбарлығы, хижраты және
қайтыс болуы, жалғыз Аллаһқа ғана белгілі бір сыр бо-
лып ылғи 12-Рәбиул Әууәл дүйсенбі күндеріне кез келуі,
- 36 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
бұл айдың қасиеті мен маңызының белгісі. Сүйініштің
тебіренуі мен жабырқаулы күйдің бір өмірде болып
жатқаны жамал* мен жалалдың бір көрінісі. Көңілдің
ауа-райында мейрам шаттығы мен қайтыс шері қарама-
қайшы бір сезім бірлестігінің ішінде. Және Ол ақыретте
мейірімділік пен шапағат ету үшін үмбетін күтуде.
Пайғамбардың дүниеден «бақыт әлеміне» қайтуымен
Одан айрылып қалған дүниенің опасыздығын, Хазіреті
Азйз Махмуд Һүдәиі өлең жолымен былай деп суреттей-
ді:
«Кім күтеді сенен опаны
Жалған дүние емеспісің?
Мұхаммед Мұстафаны,
Алған дүние емеспісің?»
* Аллаһтың сипаттары. Жамал - мейірім, Жалал - ұлылық
- 37 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ӨНЕГЕ СИРЕТІ* ЖӘНЕ БАСҚА
ПАЙҒАМБАРЛАР АРАСЫНДАҒЫ ОРНЫ
Аллаһтың Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Сиреті, барлығымызға ұлағатты өнеге.
Діни көсемдігімен өнеге. Мемлекетті басқару
ісімен өнеге. Құдайы махаббат бақшасына кіргендерге
өнеге. Раббысының нығметтерімен толық қамтамасыз
етілгендігіне қарамастан шүкіршілігі және қарапайым-
дылығымен үлгі-өнеге.
Өте қиын кездердегі және жерлердегі сабырымен
және жан тәсілім ететіндей болып көңілден Аллаhқа
берілуімен өнеге. Соғыс олжасы жөнінде жомарттығы
және қанағатшылдығымен өнеге. Жанұяларға деген
мейірімімен өнеге. Әлсіз, ешкімі жоқ, құлдарға
рақымдылығымен өнеге. Қылмыскерлерге кешірімділігі
және кеңшілігімен өнеге.
Егер мал-мүлкің көп бай болсаң, бүкіл Арабстанға
әкім болған, барша Араб ұлыларын өзіне сүйіспеншілікпен
байлаған Ұлы Пайғамбардың қарапайымдылығы мен
жомарттығын ойла!..
Егер
күшсіз,
әлсіздерден
болсаң
Меккедегі
залымдар мен «тартып алушылардың» тәртібі мен
басшылығында өмір сүруге мәжбүр болған Пайғамбардың
өмірін өзіңе өнеге қыл!
Егер жеңістерге жеткен қолбасшы болсаң, Бәдір
және Хүнейн соғыстарында дұшпандарын жеңген ерлік
пен тәслімият Пайғамбарының өмірінен ғибрат ал!
* Жаратылысы
- 38 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Аллаh көрсетпесін, бірақ, егер жеңіліп жатсаң, сол
кезде Ұхуд соғысында шейіт болған немесе жараланып
жерде жатқан сахабаларының арасында ерлікпен,
батырлықпен аралап жүрген, тәуекелшіл Пайғамбар-
ды есіңе ал!
Егер ұстаз болсаң нәзік, сергек және сезімтал көңілінің
нұрын мешітте Суффа Асхабының* көңілдеріне құйып,
құдайы әмірлерді үйреткен Пайғамбарды ойла!
Егер, шәкірт болсаң, өзіне уаhи алып келген
Жәбірейілдің алдында тізерлеп отырған Пайғамбарды
есіңе ал!
Егер, насихаттайтын үгітші болсаң, уағыз
айтатын сенімді бір мүршид (жол көрсетуші әулие)
болсаң, мешітінде сахабаларына парасатты үйреткен
Пайғамбарды тыңда! Оның әдемі даусына құлақ салып,
көңіл аудар!
Егер Хақ үшін күресем, Хақты жайып таратамын,
Хақты ұстап көтеремін десең және бұл салада саған
көмек беретін жәрдемшің болмаса, Меккеде ешқандай
жәрдемсіз, сүйенішсіз жағдайларда да залымдарға
Хақты жариялап оларды һидайетке (тура жол)
шақырған Пайғамбардың өміріне қара!
Дұшпанды
жеңіп,
оның
белін
сындырсаң,
алдыңдағының қырсығын қиратып оған үстем
болсаң, теріс жолдағыны масқара етіп Хақты
жариялаған болсаң, Меккенің алынуы күні қасиетті
қалаға, жеңімпаз бір қолбасшы бола тұра, үлкен
қарапайымдылықпен түйенің үстінде сәжде қылғандай
күйде кірген, шүкіршілік жағдайындағы Пайғамбарды
көз алдыңа елестет!
Егер ауыл шаруашылығының иесі болсаң және
жұмыстарыңның оңға басқанын қаласаң, Бәни Надр,
* Суффа: Мешіттің ішіндегі кішірек бөлме, Суффа Асхабы: осы бөлмеде
білім үйреніп, Аллаһқа құлшылық ететін сахабалар.
- 39 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Хайбар және Федек деген ауылдың жеріне ие болғаннан
кейін оларды түзетіп, жақсы жолмен басқара алатын
кісілерге тапсырған Пайғамбардан өнеге ал!
Егер ешкімі жоқ, жалғыз адам болсаң, Абдуллаһ пен
Әминаның жетімі, бауыр еті болған күнәсіз, Нұрдан
пайда болған жетімді ойла!
Егер, ер жеткен біреу болсаң, Меккеде ағасы Әбу
Тәліптің табыны мен отарында шопан болған,
келешекте пайғамбар болатын жігіттің өміріне қара!
Егер, сауда керуендерімен жолға шыққан саудагер
болсаң, Сириядан Бусраға (қала) баратын керуендердің
ұлысы болған кісі жайына қара!
Егер, қазы не әкім болсаң, Меккенің ақсақалдары бір-
бірімен ұрсысатын кезде Хәжәрул Әсуедті Қағбадағы
орнына қоюда Оның әділ және ақылды әрекетін ойла!
Және көзіңді тарих беттеріне аударып Мәдинадағы
Месжид Нәбәуйде отырып жоқшылық көрген кедей мен
барлық иесі байды, өз алдында бір деңгейде ұстап, кісілер
арасында ең әділетті түрде өкім айтқан Пайғамбарға
қара!
Егер күйеу болсаң, Хазіреті Хадиша мен Хазіреті
Айшаның күйеуі болған Ол мүбәрәк адамның таза
сипатын, терең сезімталдығын және мейірімділігін
байқа!
Егер әке болсаң, Фатиматүз Зеһраның әкесі және
Хазіреті Хасан мен Хазіреті Хусейннің атасы болған
бұл адамның соларға көрсеткен сүйкімді әрекеттерінен
ғибрат ал!
Cенің сипатың қандай болса да, қандай жағдайда
болсаң да, қай мезгілде не сәтте болмасын Хазіреті
Мұхаммедті (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзің
үшін ең кәмелетті бір үйретуші және ең жақсы жол
көрсетуші деп табасың…
- 40 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Оның сүннеттері арқылы әрбір қатеңді түзетесің.
Қате болған жұмыстарыңды қалпына келтіріп
жақсартасың. Оның нұры мен жол көрсетуінің
арқасында әр түрлі қиыншылықтардан құтылып, шын
бақытты табасың!.. Ол осындай ұстаз.
Шын мәнінде де Оның сипаты сирек және әсем
гүлдерден құралған гүл шоғырына ұқсайды.
Жер жүзіндегі адамзат арасында әділеттің үстем
болғаны
көзіңізге
ілінсе,
адамдардың
жүрегін
жақындастыратын мейірбандық және рақым бар болса
немесе көпшілік ішінде байлар рақыммен кедейлердің
қолынан
ұстаса,
күш-қуаты
тасыған
үстемдер
езілгендерді қорғаса, дені саулар мүгедектерге медет
етсе, тұрмысы жақсылар жетім-жесірлердің қарнын
тойғызып жатса, шындығында бұл ерекшеліктердің тек
қана Пайғамбарлар мен олардың ізінен жүргендерден
қалғанын күмәнсіз білу керек. Бұл ақиқат Хазіреті
Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмірінен
анық көрінеді. Өйткені Ол Пайғамбарлықтың кәміл
нүктесі. Оның бұл кәмілдігін, мұсылман болмаған
ынсаптылар да ұнатып, бекітуге мәжбүр болған.
Ағылшын ғалымы және қазы (судья) болған Мр. Карлайл
«Қаһармандар» атты кітап жазған. Бұл кітапта адамзат
тарихындағы әр саланың ең үстемін, ең жақсысын
көрсетіп, олардың өмірі мен еңбегін зерттеген. Мысалы
ақындардың ішінде кім ең үздік, қолбасшылар ішінде
кім ең үздік және т.б. Христиан дініне сенетінін осы
шығармасында да мойындап отырған Мр. Карлайл,
пайғамбарлар ішінде Хазіреті Пайғамбарымызды ең
кәмілі деп танып, оны сипаттаған және зерттеген.
Жиырмасыншы ғасыр ортасында Голландияның
Лахей қаласында жиналған ғалымдар мен ойшылдардың
кеңесі дүниенің жүз ұлы (атақты) адамын белгілеген.
Кеңестегі сайлаушылардың бәрі Христиан болғандарына
- 41 -
Достарыңызбен бөлісу: |