Рамазанға дұға чек-листі (30 күнге – 30 дұға)


Пайғамбарлардың (а.с.) Құранда келген дұғалары



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата19.05.2023
өлшемі237,92 Kb.
#94786
1   2
Пайғамбарлардың (а.с.) Құранда келген дұғалары 

16. «Уа, Раббым! Мені һәм ұрпағымның ішінен (қаныпезер еместерді) 
намазды кемеліне жеткізіп, үзбей оқитын құлдарың ете гөр! Уа, 
Раббымыз! Дұға-тілегімді қабыл ете гөр!» Ибрахим (а.с.) 
дұғасы («Ибраһим» сүресі, 40-аят)

17. «Уа, Раббымыз! (Алдыңда тұрып) есеп беретін күні ата-анамды 
және күллі мүміндерді кешіре гөр!» Ибрахим (а.с.) дұғасы («Ибраһим» 
сүресі, 41-аят)

18. «Уа, Раббымыз! Біз өз-өзімізге қиянат жасадық. Егер бізді кешпесең 
әрі есіркеп рақымыңа бөлемесең, сөзсіз, зиянға ұшырағандардың 
қатарында боламыз». Адам (а.с.) дұғасы («Ағраф» сүресі, 23-аят)

19. «Уа, Раббым, мені, ата-анамды, мүмін ретінде табалдырығымнан 
аттаған әрбір жанды һәм күллі мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді кешіре 
гөр! Ал залымдарды одан бетер құрдымға батырғайсың!» Нұх (а.с.) 
дұғасы
(«Нұх» сүресі, 28-аят) 

20. «Уа, Раббым! Өзім нақты білмейтін мәселені қозғап, Саған өтініш 
айтудан мені сақтай гөр! Егер мені кешіріп, мейіріміңе бөлемесең, мен 
де зиянға ұшырағандардың бірі боламын». Нұх (а.с.) дұғасы («Һуд» 
сүресі, 47-аят) 



21. «Уа, Раббым! Мына елді-мекенді бейбіт (қауіпсіз) мекен еткейсің! 
Мені де, бала-шағамды да пұттарға табынудан аулақ қылғайсың!» 
Ибрахим (а.с.) дұғасы
(«Ибраһим» сүресі, 35-аят)

22. «Уа, Раббым! Бұл жерді қауіпсіз, бейбіт шаһар қылғайсың! Бұл 
жердің халқына, араларындағы Аллаға һәм ақирет күніне иман 
еткендерге түрлі жеміс-жидек, көкөністерден ризық бергейсің!» 
Ибрахим (а.с.) дұғасы («Бақара» сүресі, 126-аят) 

23. «Уа, Раббым! Шүбәсіз, маған берер қандай жақсылығыңа, нендей 
нығметіңе болса да зәрумін!» 
Мұса 
(а.с.) дұғасы 
(«Қасас» сүресі, 24-
аят)

24. «Уа, Раббым! Көкірегімді кең қылып, иман нұрына, ілімге толтыра 
гөр! Ісімді жеңілдете гөр! Тілімдегі түйінді шеше гөр! Олар менің 
сөзімді жақсы түсінетін (ұғатын) болсын». 
Мұса 
(а.с.) дұғасы 
(«Таһа» 
сүресі, 25-28-аяттар)

25. «Уа, Раббым! Маған һәм ата-анама нәсіп еткен нығметтеріңе 
лайықты түрде шүкіршілік етуді және үнемі Өзіңді разы ететін игілікті 
істер істеуді көңіліме ұялатқайсың. Сондай-ақ, мені шексіз 
рақымыңмен игі құлдарыңның қатарына қосқайсың!» 
Сүлеймен 
(а.с.) 
дұғасы
(«Нәміл» сүресі, 19-аят)

26. «Уа, Раббым! Мені мирасқорсыз қу бас етіп, жалғыз қалдыра гөрме! 
(Өзіңнен басқаның бәрі пәни, бәрі өліп, өшкеннен кейін мәңгі-бақи 
қалатын бір Өзіңсің, сондықтан да) мұрагерлердің ең қайырлысы – 
Өзіңсің!» Зәкәрия (а.с.) дұғасы («Әнбия» сүресі, 89-аят)

27. «Уа, Раббымыз! Бізге көктен дастархан түсіре гөр! Осы күн біз үшін 
һәм бізден кейінгілер үшін мейрам, әрі Өзіңнен келген айқын белгі, 
ғаламат мұғжиза болсын. Бізге сол арқылы ризық бере гөр! Шүбәсіз, 
Сен – құлдарыңа ең қайырлы ризықты беруші һәм ризық беруге 
келгенде, алдыңа жан салмайтын жомартсың». Иса (а.с.) дұғасы 
(«Мәида» сүресі, 114-аят)

28. «Уа, Раббым! Мына дерт маған ауыр тиді (әбден кесірін тигізді
Өзіңе құлшылық етуден де қалып барамын). Сен рақымдылардың ең 
рақымдысысың!» Аюб (а.с.) дұғасы («Әнбия» сүресі, 83-аят)

29. «Сенен басқа тәңір жоқ! Сен мінсіз пәксің! Мен расында да, өз-өзіне 
қиянат жасаған залымдардың бірі болыппын!» Юнус (а.с.) дұғасы 
(«Әнбия» сүресі, 87-аят)

30. «Уа, Раббымыз! Түсірген (кітабыңа) иман келтірдік және елшіңнің 
соңынан ердік. Бізді (Өзің түсірген кітаптың, жіберген елшіңнің хақ 
екендігіне) куә болушылардың қатарына жазғайсың». 
Иса 
(а.с.) дұғасы
(«Әли Имран» сүресі, 53-аят)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет