Қолданутәсілі және дозалары Препарат ішу арқылы қабылдауға арналған.
Дозалау үшін көлемі 5,0 мл 2,5 мл белгісі бар өлшеуіш қасықты пайдаланған жөн.
Қолданар алдында суспензияны қатты сілку керек.
Жасы 1-ден 6 айға дейінгі балаларға: 100 мг-ден (2,5 мл) тәулігіне 2 немесе 3 рет (қабылдау 8-12 сағат аралықпен).
Жасы 6 айдан 2 жасқа дейінгі балаларға: 100 мг-ден (2,5 мл) тәулігіне 3 рет (қабылдау 8 сағат аралықпен).
2 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға және ересектерге: 200 мг (5,0 мл) тәулігіне 3 рет (қабылдау 6-8 сағат аралықпен).
Емдеу курсының ұзақтығы 5-7 күн, бірақ 7 күннен аспауы тиіс.
Егер қабылдаудың алғашқы 3 күнінде жағдайы жақсармаса, онда дәрігерге қаралу керек. Препаратты тек қолдану тәсіліне сай және нұсқаулықта көрсетілген дозаны ғана қолдану керек. Қажет болған жағдайда, препаратты қолданар алдында дәрігерден кеңес алыңыз.
Жағымсыз әсерлері Препараттың жағымсыз әсерлерінің пайда болу жиілігін анықтау үшін мынадай жіктеулер қолданылады: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 және < 1/10), жиі емес (≥ 1/1000 және < 1/100), сирек (≥ 1/10 000 және <1/10 000), өте сирек (< 1/10 000).
Жиі
- іштің ауыруы, жүрек айнуы, диарея
Сирек
- гранулоцитопения
- тері бөртпесі, аллергиялық реакциялар, есекжем, Квинке ісінуі.
Жекелей жағдайларда нифуроксазидке аса жоғары сезімталдықта іш ауыруы, жүрек айнуы және диареяның асқынуы пайды болады. Осындай аздаған қарқындылықтағы симптомдар пайда болған жағдайда арнайы ем қолданудың немесе нифуроксазидті қолдануды тоқтатудың қажеті жоқ. Егер симптомдары айқын болса, оны қабылдауды тоқтату керек. Олай болса, пациенттерге нитрофуран туындыларын тағайындауға жол бермеу керек.
Егер нұсқаулықта көрсетілген кез келген жағымсыз әсерлер күшейе түссе, немесе Сіз нұсқаулықта көрсетілмеген басқа да кез келген жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, бұл жайлы дәрігерге хабарлаңыз.