Тәжірибе №6-зертханалық жұмыс
Жұмыс барысы.
Тұрғыға құрғақ стаканның аузын төмен қаратып бекітіп астына жанған балауызды орналастырамыз.Cтаканның қабырғалары буланады.Енді жанып тұрған балауызды алдын ала әк суымен шайылған стаканның астына орналастырамыз.Стаканның қабырғаларында лайланған су тамшылары пайда болады. Байқалған құбылыстардан тиісті қорытынды жасаймыз.
Тәжірибе реті
|
Жұмыстың орындалуы
|
Байқалған құбылыс
|
Қорытын-ды
|
|
|
|
|
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Дескриптор Білім алушы
− лабораториялық тәжірибе жасап, физикалық
Құбылысты түсіндіреді;
− лабораториялық тәжірибе негізінде химиялық
Құбылысты түсіндіреді;
- жану өнімдерінатайды;
-кестені толтырады;
|
Видеоролик
|
Топтық жұмыс
6 мин
|
1- тапсырма «түртіп алу әдісі»
Ауаның сапалық құрамын кестеге толтырыңыз:
Құрамдық бөлігі
|
Газдардың мөлшері % есебімен
|
Көлемі бойынша
|
|
|
|
|
Кестені толтырады
|
Дескриптор Білім алушы
-ауаның құрамын кестеге толтырады;
-ауаның құрамын көлемі бойынша кестеге толтырады;
|
ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Жеке жұмыс
5 мин
|
2- тапсырма «көрсетілім-тәжірибе» әдісі
Заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын оқушылар кітаппен оқып үйренді, оқушылардың жауаптарына сәйкес тәжірибені өзім көрнекі көрсетемін
А-сурет Ә-сурет
Фосфорды шыны қалпақ астында жағу:
А- фосфордың жануы; Ә - су деңгейінің
1/5 көлемге көтерілуі
Work in pairs:
Сөздерді кестеден тауып, сөйлемдерді толықтыр
Жердің айналасын (1)______________________қоршап тұр. Ауаның құрамы мен оның қасиеттерін (2) ________________________ зерттеді. Ауаның құрамында (3)___ % азот, (4)___ % көмірқышқыл газы, (5) ___ % оттек болады. Біздің ғаламшарымызды қоршап тұрған ауа қабатын (6)_______________ деп атайды. Адам ауасыз (7)______________________ қана өмір сүре алады. Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын сіңіре отырып, (8)______________ газын бөледі.
Cабақ бойынша қорытынды тест тапсырмасы беріледі.
1.Ауа ...
А) Түссіз,дәмі бар газдар қоспасы
В) Түсі мен дәмі жоқ, газдар қоспасы
С) Түсі мен дәмі бар газдар қоспасы
D) Көмірқышқыл газы
E) Мұнаймен бірге шығатын газ
2. Ауаны тазалаудың ең тиімді жолын көрсет
А) Қалдықтарды жағу
В) Ауаны желдету
С) Көшелерді тазалау
D) Зауыт-фабрикалар салу
E) Көгалдандыру
3. Жану процесінде қандай газ жұмсалады
А) Аргон В) Су буы
С) Оттек D) Азот
E) Көмірқышқыл газы
4. Тұжырымдамалардың қайсысы шындыққа жанасады
Оттектің артық мөлшерінде жану процесі кезінде көмірқышқыл газының түзілуіне алып келеді
Стақан астындағы балауыз шамы жанып, өшкенде судың деңгейі 1/5 бөлікке көтеріледі
Жану процесі азот пен оттексіз жүзеге аспайды
А) 1 және 2 В) 2 және 3
С) тек 1 D) 1 және 3
E) 1,2 және 3
5. Егер атмосферада көмірқышқыл газы шоғырлануы артса, ол қандай зардапқа әкеледі
А) Ол Жердің орташа температурасының төмендеуіне әкеледі
В) Ол ауада оттек шоғырлануының артуына әкелуі мүмкін
С) Ол озон қабатының жұқаруына әкеледі
D) Ол атмосферада кремний қышқылының артуына әкелуі мүмкін
E) Ол Жердің орташа температурасының бірнеше Цельсий градусқа көтерілуіне әкеледі
Үй тапсырмасы беріледі: Ауаның ластану салдарын,онымен күресу жолдарын көрсетіп эссе жазу
Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»
|
Бейне роликті көреді
Тестті орындайды
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Зертханалық жұмысты орындайды
Дескриптор: Білім алушы
- атмосфераның ластану көздерін атайды;
- атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсінеді;
|
ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
«Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
|
Жеке жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.
|
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін
«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.
|
|