17. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға қандай нысанда
құрылады?
А) мемлекеттiк кәсiпорын; шаруашылық серiктестiк; акционерлiк қоғам
В) мемлекеттiк кәсiпорын; шаруашылық серiктестiк; акционерлiк қоғам;
өндiрiстiк кооператив
С) коммерциялық ұйым; коммерциялық емес ұйым
D) мекеме; қоғамдық бірлестік; акционерлік қоғам
Е) мекеме; қоғамдық бірлестік; акционерлік қоғам; тұтыну кооперативі; қор; діни
бірлестік
18. Заңды тұлға дегеніміз не?
А) жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз
мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес
жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта
талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады
В) шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар,
сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады
С) шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар
ұйым заңды тұлға деп танылады
D) меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау
мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан
мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды
жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды
тұлға деп танылады
Е) өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн ұйым заңды
тұлға деп танылады
Достарыңызбен бөлісу: