6. Мас күйде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам қылмыстық
жауаптылықтан босатылады ма?
A) жауаптылықтан босатылады
B) әкімшілік жауапкершілікке тартылады
C) тәртіптік
жауапкершілікке тартылады
D) ауыр қылмыс жасаған кезде ғана босатылмайды
E) жауаптылықтан босатылмайды
7. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу дегеніміз не?
A) бірнеше адамның қасақана қылмыстық құқық
бұзушылық жасауға қасақана
бiрлесе қатысуы
B) екi немесе одан да көп адамның абайсызда
қылмыстық құқық бұзушылық
жасауға
абайсызда бiрлесе қатысуы
C) бір адамның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауы
D) екi немесе одан да көп адамның ауыр қылмыс жасауға қасақана бiрлесе
қатысуы
E) екi немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық
жасауға қасақана бiрлесе қатысуы
8. Әкiмшiлiк жауаптылыққа жататын тұлғалар:
A) 14 жасқа толған, ақыл-есi дұрыс
жеке тұлға; заңды тұлға
B) 16 жасқа толған, ақыл-есi дұрыс жеке тұлға; заңды тұлға
C) 18 жасқа толған, ақыл-есi дұрыс жеке тұлға; заңды тұлға
D) 16 жасқа толған, ақыл-есi дұрыс жеке тұлға
E) заңды тұлға
9. Кәмелетке толмаған адамға мынадай тәрбиелiк ықпал ету шаралары
тағайындалуы мүмкiн:
A) заңды түсiндiру; кәмелетке толмаған адамдардың бос уақытын шектеу және
мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу
B) заңды түсiндiру; келтiрiлген зиянның орнын толтыру мiндетiн жүктеу
C) заңды түсiндiру; келтiрiлген зиянның орнын толтыру мiндетiн жүктеу;
кәмелетке толмаған адамдардың бос уақытын шектеу және мiнез-құлқына ерекше
талаптар белгiлеу
D) заңды түсiндiру; ескерту;
әкімшілік қамаққа алу
E)
ескерту жасау; әкiмшiлiк айыппұл; арнайы құқықтан айыру
Достарыңызбен бөлісу: