«ҚҰҚЫҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ» пәні бойынша олимпиаданың республикалық
кезеңін өткізу шарттары
«Құқықтану негіздері» пәні бойынша Республикалық олимпиаданың
қорытынды кезеңін өткізудің негізгі мақсаты оған қатысушылар арасында
конкурстық іріктеу арқылы олимпиада жеңімпаздарын анықтау болып табылады.
Тапсырмалар
мазмұны 11 сынып оқушыларының білімдері мен
қабілеттеріне қойылатын бағдарламалық талаптарға сай келеді, алайда,
Республикалық олимпиаданың пәндік қазылар алқасы жеңімпаз-қатысушылардың
жұмысын бағалауда жоғарыда аталған жалпы критерийлерге сәйкес тек мектептік
материалдарды ғана емес, сонымен қатар факультативтік бағдарламаларды
меңгеру деңгейіне барынша жоғары талап қолданатын болады.
***
ІІ тур. Олимпиаданың екінші күні ІІ тур – тестілеу (25 тест) өткізіледі.
Әрбір дұрыс жауап 2 (екі) балмен бағаланады. Дұрыс жауаптар 100% болғанда ең
жоғарғы балл 50 бірлікті құрайды.
Тест парағында түзетулер мен өзгертулерге жол берілмейді (дұрыс немесе
бұрыс жауапты белгілеу), бұлай болған жағдайда жауап дұрыс деп танылмайды.
Тестілеу үшін қатысушы ең көп дегенде 50 балл ала алады.
Достарыңызбен бөлісу: