Құрамы Қан сарғылттау келген сұйық зат плазмадан және оның ішінде жүзіп


Атмосфералық, альвеолалық және дем шығарғандағы ауаның



Pdf көрінісі
бет24/27
Дата02.12.2023
өлшемі360,59 Kb.
#132067
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
2-рк физиология

31.Атмосфералық, альвеолалық және дем шығарғандағы ауаның 
құрамы.
Альвеолаларэластикалық қасиеті бар қабырғалары 
өте 
жіңішке 
құрылымдар. Оларға ауа тыныс алу бронхиолдардың альвеола жолдары 
арқылы жетеді. Альвеолалардың ішкі беткейінде қанның ақ жасушалары 
болады. Оларды макрофагтар деп атайды. Олар бактерияларды, химиялық 
заттарды, шаңды жойып, заласыздандырады. Атмосфералық ауа – О2, 


СО2, N2 газдарының қоспасы Альвеолалық ауа - альвеолаларды толтырып 
тұрған ауа қоспасы, ол организмнің ішкі газ ортасы болып табылады. 
Шығарылатын ауа – атмосфералық және альвеолалық ауалырдың қоспасы. 
Өкпедегі газдар алмасуы сол газдардың альвеола ауасындағы меншікті 
қысымы мен олардың қандағы кернеуінің айырмашылығы нәтижесінде 
диффузия жолымен жүзеге асады. 
32.Өкпедегі газдардың алмасуы. Газдардың (О
2
, СО
2
) альвеолалық 
ауадағы парциалдық қысымы, қандағы газдардың кернеу күші. 
. Өкпе мен ұлпалардағы газдар алмасуы Атмосфералық ауа – О 2, СО 2, N 2 
газдарының қоспасы Альвеолалық ауа - альвеолаларды толтырып тұрған 
ауа қоспасы, ол организмнің ішкі газ ортасы болып табылады. 
Шығарылатын ауа – атмосфералық және альвеолалық ауалырдың қоспасы. 
О 2 Ауа құрамы СО 2 N 2 Атмосфералық 20, 93% 0. 03% 79. 04% 
Шығарылатын 16 -16. 5% 3. 5 -4% 79. 5% Альвеолалық 14 -14, 5% 5, 5 -6% 
80, 5% Өкпедегі газдар алмасуы сол газдардың альвеола ауасындағы 
меншікті қысымы мен олардың қандағы кернеуінің айырмашылығы 
нәтижесінде диффузия жолымен жүзеге асады. Газдардың меншікті 
қысымы мен кернеуі (мм с. б. ) Газдар Альвеол. ауа Веналық қан Артериалық 
қан Ұлпааралық сұйықтық О 2 СО 2 100 -110 40 40 46 ~100 40 20 -40 60 Өкпе 
мен тіндегі газ алмасу.Дем алғанда өкпеге кіретін атмосфералық ауа мен 
деммен бірге шығатын немесе альвеолалық ауаның құрамындағы әр газдың 
мөлшерін жеке салыстырып өкпе альвеоласындағы газдар мен қан 
құрамындағы газдардың өту бағытын байқауға болады. 
 
Негізгі газдар атмосферада, оның жеке қабаттарында ұдайы бір мөлшерде 
болады. Адам дем алғанда осы атмосфералық ауа өкпеге енеді, ал өкпедегі 
альвеолалық ауа мен дем шығарғанда шығатын ауада оттегі мен көмір 
қышқыл газ мөлшері ұдайы өзгеріп отырады: оттегі азайып, көмір қышқыл 
газ көбейді 
 
Өкпеде газ алмасуының негізгі көрсеткіші - альвеолалық ауадағы газдардың 
құрамы мен мөлшері. Атмосфералық ауамен альвеолалық ауа құрамындағы 
газдардың мөлшерін салыстырсақ, оттегінің атмосферадан қанға, ал көмір 
қышқыл газдың қаннан альвеолаға өтетінін байқауға болады. 
 
Жалпы әсер ететін себептер: 
 
 
 
1. Газ атаулының диффузиялық қасиеті. Мәселен, көмір қышқыл газдың бұл 
қасиеті оттегінікінен 24 есе жоғары. Сондықтан көмір қышқыл газдың 
меншікті қысымы аз болса да мембрана арқылы өте алады. 
 
2. Мембрананың өткізгіштік қасиеті. Бұл қасиет неғұрлым жоғары болса, 
газ диффузиясы да соғұрлым шапшаң болады. 


 
3. Минут сайыи қанға өтетін газ мөлшері қан айналысының жыл-
дамдығына байланысты. 
 
4. Артерия мен вена арасындағы көпіршелер қан айналысына қаты-сады да 
капиллярдағы қанның ағысын, оның шапшаңдығын өзгертеді, демек бұл да 
газ диффузиясына әсер етеді. 
 
Өкпеде газ алмасуына арнайы әсер ететін себептер: 
 
1. Өкпедегі ауаның көлемі. Бір минут ішінде өкпеге кіріп шығатын ауаның 
көлемі өсіп қан ағысына сәйкес келсе, өкпе мен қан арасында газ алмасуы 
шапшаңдайды. 
 
2. Өкпе капиллярындағы қан мен альвеоладағы ауаның ортасындағы бөгет 
эндотелий мен альвеола эпителиінің жұқалығы (4 мкм), қандағы газдар мен 
альвеоладағы ауаның өзара жанасу дәрежесі. Егер адамның екі өкпесіндегі 
альвеолаларды жазып жіберсе, олар 100 м2 орын алар еді. Газдардың 
осындай аудан арқылы альвеолалармен беттесуі нәтижесінде диффузия да 
жеңілдейді. Ал ауру адамда өкпенің газдармен беттесу көлемі азайып 
кетеді, бұл газ алмасуына кедергі жасайды. 
 
3. Оксигемоглобиннің тін капиллярында ыдырау дәрежесі мен қанда еріген 
газ көлемінің өсуі - бұлар жоғары болса, тінде газ алмасу жеңілдей түседі. 
 
4. Белгілі бір тіннің оттегіне мұқтаждығы - мембрана арқылы тек еріген 
газ ғана өте алады, оксигемоглобин тез ыдырап, оттегі неғұрлым көп 
бөлінсе, оттегі тінге соғұрлым тез өтеді дедік. Осы жағдайда тін 
оттегіне неғұрлым мұқтаж болса, ол оттегін соғұрлым тез сіңіреді. 
 
Денеде газ алмасуы негізінен физикалық заңға бағынады, бірақ оған көптеген 
биологиялық үрдістер әсер ете алады. Мәселен, орталық жүйке жүйесі 
биологиялық үрдістерді (жоғарыда көрсетілген мембрана өтімділігі, қан 
айналысының жылдамдығы) өзгерте отырып физикалық үрдістерді де 
реттейді. 
 
Газдардың қан арқылы тасымалдануы .Тірі организмде тіршілікке қажет 
газдар өкпеден тінге, тіннен өкпеге қанмен жеткізіледі (тасылады). Оттегі 
мен көмір қышқыл газ, сондай-ақ азот қанға атмосфералық ауадан енеді. 
Алғашқы аталған екі газдың мөлшері артерия мен венада бірдей емес, 
артерияда оттегі, ал венада көмір қышқыл газ көбірек. Өкпеде оттегі 
ауадан қанға қарай, көмір қышқыл газ қаннан альвеолаға өтеді. Ал тінде 
керісінше, оттегі қаннан тінге, көмір қышқыл газ тіннен қанға көшеді 
(ауысады). Азот - газ алмасуына қатыспайтын бейтарап газ. Оның көлемі 
(1%) артерия мен вена қанында бірдей болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет