Құрамы Дәріс мақсаты: зат айнылымымен танысу Топырақ құралу үрдістерін қарастыру Топырақтың химиялық құрамымен танысу


Топырақтың минералды бөлігінің өзгерістерге ұшырауына қатысты үрдістер



бет7/10
Дата27.09.2023
өлшемі34,31 Kb.
#110378
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дәріс 2

Топырақтың минералды бөлігінің өзгерістерге ұшырауына қатысты үрдістер қатарына бастапқы топырақ құралу, шымдану, балшықтану, глейлену ж.т.б. жатады.
Бастапқы топырақ құралу аналық тау жыныстары үстінде өтеді. Бұл күрделі, кешенді бір уақытта жүріп жататын биологиялық, физикалық және химиялық үрдістер жиынтығы. Тау жыныстарына қарапайым организмдер қоныстануынан басталады және олар тау жыныстарының минералдарының ыдырауына, үгілуіне әсер етеді. Кейінірек бірте-бірте майда үгінділер, биогенді элементтер мен қарашіріндінің жиналуы байқалады. Бұл құбылыс әсерінен өте жұқа қабатты, әлсіз дамыған топырақтар түзіледі.
Шымдану үрдісі–шөптесін өсімдіктер қалдықтары ыдырау әсерінен қарашіріндінің, азоттың және күлді элементтердің топырақтың үстіңгі қабатына шоғырлануымен, топырақтың дәнше-кесекті құрылым қалыптасуымен сипатталады. Шымдану үрдісі әсерінен топырақтың потенциалды құнарлығы қалыптасып, өсімдіктердің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туады.
Балшықтану үрдісі – топырақта туынды балшықтыминералдар: монтмориллонит, гидрослюдалар, каолин, вермикулит т.б. түзілуі құбылыстармен сипатталады. Олар бастапқы, кейде туынды минералдардың үгілуімен, ыдырауынан пайда болады. Бұл құбылыс биогеохимиялық үрдістер қатарына жатады. Балшықты минералдардың түзілуіне биологиялық үгілудің үлкен әсері бар.
Глейлену үрдісі (қопалану) топырақта шала темір тотығы (FeO), темір және марганецтің тұздары FeCO3 сидерит, Fe3 (PO)4•8H2O вивианит қосылыстары бар балшықты минералдардың артық ылғалдылық және оттегі тапшылығы қалыптасқан анаэробты жағдайда түзілуімен айқындалады. Жоғарыда көрсетілген қосылыстар топырақта глейленген (қопа) қабатын немесе глей дақтарын түзейді. Бұл дақтар ақшылт-жасыл, көкшіл-жасыл, көкшіл-қара түсті болып келеді. Қопа түзілу үрдісі батпақты, артық ылғалдылығы бар аймақтар топырақтары құралуы құбылыстарына тән болып келеді.
Аллиттену(ферралиттену) үрдістері үгілу және топырақ түзілуі кезінде топырақта темірдің және алюминийдің тотықтары минералдарының (гетит, гидрогетит, лимонит, гидрогелит, гиббосит), туынды каолиниттің жиналуы, ал басқа тотықтардың, кремнеземнің кемуі байқалатын құбылыс. Бұл үрдіс тропикалық және субтропикалық ылғалды аймақтарда байқалады. Қызыл және сары топырақтар түзілуі құбылыстарына қатысады. Аллиттену (ферранлиттену) үрдістер әсерінен қалыптасқан топырақтар қызыл немесе сары түс болады, берік темірленген микроқұрылымды, аз сіңіру қабілеті бар, біріккіштігі нашар, иленгіштігі жақсы және ылғалданғанда өте ісінетін болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет