Дәріс 2 Тақырып: Топырақтүзілудің жалпы үрдісі. Топырақтың химиялық құрамы
Дәріс мақсаты: 1 Зат айнылымымен танысу
2 Топырақ құралу үрдістерін қарастыру
3 Топырақтың химиялық құрамымен танысу
1 Зат айнылымы Топырақ түзілу процесінің теориялық негізін қалаушы орыс және шет ел ғалымдары В.В. Докучаев, П.А. Костычев, Н .М. Сибирцев, В. Р. Вильямс, К.Д, Глинка, Г. Йенни, Ф.Дюшофур болды. Кейінгі жылдары осы бағытта топырақтану ғылымына үлкен үлес қосқан ғалымдар И.П. Герасимов., В.А. Ковда., Б.Б. Полынов., И.В. Тюрин., А.А. Роде т.б. Табиғатта топырақтың құралуы-өте ұзаққа созылатын құбылыс. Ол биологиялық, физикалық, химиялық процестердің қатысуымен жүреді. А.А.Роденің анықтамасы бойынша топырақ түзілуі процесі дегеніміз оның қабатында өтіп жататын заттармен энергияның өзгеру және жылжу құбылыстарының жиынтығы. Топырақ тау жыныстарының ұзақ геологиялық мерзім ішінде физикалық, химиялық жолдармен үгілген, мүжілген және табиғи күштер арқылы жылжып шөккен тау жыныстарына тірі ағзалардың қоныстанып, олардың биологиялық мүжілуі байқалған уақыттан бастап дами бастайды. Осы топырақ құралудың бастапқы кезеңінде оның құралуына бактериялар, балдырлар одан кейін қоныстанған саңырауқұлақтар және төменгі сатыда дамыған өсімдіктер әсер етеді. Тау жынысы құрамына осы ағзалардың қалдықтары түсіп, оның құрамында органикалық заттар пайда болған. Осылай дайындалған ортада жоғары дәрежедегі дамыған өсімдіктер қоныстанып, олардың жақсы дамыған тамыр жүйесінің және көп мөлшері органикалық қалдықтарының әсерінен топырақ құралу процесі үдей түскен. Осы кезеңде топырақ қабатында жәндіктер мен жануарлардыңда әрекеті молайған. Өсімдіктер мен ағзалардың әрекетінің әсерінен топырақта органикалық заттар қоры және қарашірінді жиналған. Олардың құрамында қоректік заттар қоры шоғырланған. Осыған байланысты топырақтың физикалық және басқада қасиеттері жақсара түскен. Сөйтіп, құнарсыз тау жынысынан бірте-бірте топырақ пайда болады.
Топырақтың құралу және даму құбылыстары жер шарында өтіп жататын әр түрлі күрделі заттар және энергия айналымдарына араласып, қатынасады. Ол айналымдардың бастылары геологиялық, биологиялық және биогеохимиялық.