Құрамы Дәріс мақсаты: зат айнылымымен танысу Топырақ құралу үрдістерін қарастыру Топырақтың химиялық құрамымен танысу



бет8/10
Дата27.09.2023
өлшемі34,31 Kb.
#110378
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дәріс 2

Латериттену үрдісіне топырақта темірлі, темірлі-кварцты тас болып қатқан түйіршіктермен қабаттардың (жабындының) пайда болуы құбылыстары жатады. Бұл үрдіс топыраққа темір және алюминий қосылтары бар сулардың әсері арқылы жүреді. Латериттену заттар айналымынан көп мөлшерде темір қосылыстарын ығыстырады. Осы үрдіс мерзімді ылғалды тропикалық аймақтар топырақтарында жиі байқалады.
Топырақта пайда болған өнімдердің өзгерістерге ұшырауы үрдістеріне келесідей құбылыстар жатады:
Шайылу-сілтілі және жер сілтілі металлдардың, қарапайым тұздардың топырақ қабаттарынан аластатылуы (шайылуы). Тұздардың топырақтың қабаттарынан біржола шайылуы жауын-шашын мол түсетін, топырақта шайылмалы су режімі қалыптасқан аймақтарда байқалады. Топырақ құралуы кезінде түзілген немесе аналық тау жынысында болған натрийдің, калийдің, кальцийдің және магнийдің тұздары шайылу әрекетіне жиі ұшырайды. Шайылуға төзімді тұздар қатарына кальций карбонаты (Са,СО3) жатады, ал бикарбонатқа (Са НСО3)2)айналған тұз тез шайылады.
Сортаңдану – топырақтың үстіңгі қабаттарында ерігіш тұздар жиналуы үрдісі. Бұл үрдіс жауын-шашын мөлшерінен ылғалдың булануы артық болған жағдай да, топырақтың бусану су режимі бар аумақтарда қалыптасады. Ыза судың деңгейі биік болғанда (0,5-3м тереңдікте) ол ыстық ауа райы әсерінен буланып, топырақтың беткі қабаттарына тұзы бар ащы су көтеріліп, тұздар үстіңгі топырақ қабаттарына шоғырланады. Сортаңданған топырақтардың физикалық-химиялық қасиеттері нашар және оның құнарлылығы өте төмен болады.
Кебірлену- топырақтың қабатында алмаспалы натрий иондарының шоғырлану үрдісі. Топырақ құралуы кезінде пайда болған немесе аналық тау жыныстарымен ыза су құрамында болған натрий тұздарының иондарының бір бөлігі топырақтың сіңіру кешенінің құрамына көшіп жиналады. Бұл үрдіс нәтижесінде кебір және кебірленген топырақтар түзеледі. Бұл топырақтардың физикалық, химиялық және басқа қасиеттері нашар болады, топырақ ортасы реакциясы сілтілі болып қалыптасады, өсімдіктердің өнімділігі күрт төмендейді.
Күлгіндену-тайгалы орман ішінде ағаш жапырақтары ыдырап қышқылды өнімдер қалыптасып, топырақтың минералдарын ыдыратып, мол жауын-шашын суымен еріген заттардың үстіңгі қабаттардан астынғы қабаттарға шайылуы нәтижесінде топырақта қоректік заттарға кедей, құрамында қышқылдарға төзімді кремний тотығы жиналған, қышқыл реакциясы бар қабаттың пайда болу үрдісі.
Лессиваж–топырақ түзілуі кезіндебалшықты бөлшектердің құрамын өзгертпей су ағысымен топырақтың астынғы қабаттарына көшуі. Нәтижесінде топырақтың үстіңгі қабаттарында балшықты–тозаңды бөлшектер кемиді, ал астынғы иллювиалды қабатта осы бөлшектер мөлшері молаяды, яғни топырақтың үстіңгі қабаттарында құнарлылықты арттыратын маңызды бөлшектер мөлшері кемиді.
Қорыта айтқанда, топырақ құралуы кезінде оның бойында әр түрлі үрдістер қалыптасады және олардың қарқындылығы, қосарлана жүруі топырақтың түрлі қасиеттерін, морфологиялық белгілерін қалыптастырады. Топырақтың белгілі бір түрінің түзілуіне ықпал жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет