Құрамы жағынан атаулы сөйлем жеке бір сөзден де, екі немесе одан да көп сөздердің тіркесінен де бола береді. Жазық дала. Ызғырық жел бар. Түн орталаған шақ Шығыста бүк түсіп Қарағайлы тауы жатыр
Кейбір жай сөйлемдерде іс-оқиғаны баяндамайды, тек зат-құбылыстың, мезгілдің, мекеннің, атауын ғана білдіреді.
Мысалы: Түн. Қыс. Боран. Ышқынған долы дауыл. Қопарып үшырғандай Кавказ тауын.
Іс-оқиға жайында баяндамай, тек соған байланысты жағдайды (мезгіл, мекен т. б) атап көрсететін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз.
Атаулы сөйлем негізінен зат есімнен болады.Мысалы: Күз. Сіркіреп жаңбыр жауып тұр.
Сәрсен Аманжолов қазақтың көрнекті лингвисті, тілші, ойшылы, түрколог ғалым. Атаулы сөйлем терминін қазақ тіл біліміне алғаш енгізді. 1940 жылы жарыққа шыққан «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» деп аталатын еңбегінде С.Аманжолов атаулы сөйлемдерді енгізіп, оларға анықтамалар береді, жасалу жолдары мен түрлерін белгілейді.
Қазақ тілінде атаулы сөйлем бастауыштан ғана жасалып, заттың құбылыстың атын білдіреді. Атаулы сөйлемде ешқашан да баяндауыш болмайды. Егер атаулы сөйлемге баяндауышты қосып айтсақ, ол атаулы сөйлем болудан қалады.
Атаулы сөйлемде тұрлаусыз мүшелер, оның ішінде, әсіресе, анықтауыш кездесіп отырады.
Құрамы жағынан атаулы сөйлем жеке бір сөзден де, екі немесе одан да көп сөздердің тіркесінен де бола береді. Жазық дала. Ызғырық жел бар. Түн орталаған шақ... Шығыста бүк түсіп Қарағайлы тауы жатыр.
Мағынасы жағынан атаулы сөйлем мезгілді, мекенді, жағдайды және басқа да әр-түрлі заттың атын білдіреді. Маусым. Құлпыраған дала гүлдерінің жұпар иісі мұрын жарып, кеудені ашады. Құба жол. Мұнара. Мұнара бойы тұтасқан бұрғылау ісі қызып жатыр.
Атау септігі атаулы сөйлемнің формальді белгісі болып табылады, алайда бұл атаулы сөйлемді қалыптастырудың шешуші факторы болып саналмау керек, өйткені көпшілік, аралық, ауытқу т.с.с.
Атау септігінің тұлғасындағы зат есімдер атаулы сөйлем құрай алмайды. Атаулы сөйлемдерді қалыптастыруда негізгі ролді атаудың семантикалық табиғаты атқарады. Яғни деректі, сезім арқылы қабылдауға көнетін əр түрлі құбылыстарды, заттарды атайтын сөздер болу керек. Мəселен, табиғат құбылыстары (қыс, жаз, көктем, күз, тұман, жаңбыр), мезгіл атаулары (кеш, түн, ымырт). Ай, жылға байланысты сөздер атаулы сөйлем құрағанда нақтылана түседі: жиырма бірінші ғасыр; Жаңа жыл; сəуір айы; мекен атаулары (Көкшетау, вокзал, ас үй). Айтайын деп отырғанымыз, атаулы сөйлемді анықтауда тек грамматикалық қана емес, сонымен бірге лексикалық белгілерге де назар аудару керек.
Осы белгілердің негізінде атаулы сөйлемдерді өз ішінде мынандай топтарға саралауға болады: бұрыннан сөйлем ретінде танылып жүрген қалыпты атаулы сөйлемдер; сөйлем ретінде танылмай жүрген атауыштық мағынадағы сөздер мен сөз тіркестерінен жасалған сөйлемдер. Соңғысының өзін «түсінік атаулы», «тақырып атаулы» деп екіге жіктеген жөн деп ойлаймыз.
1. Мекен атаулылар: 1. Астана. Есіл. Мəдени-демалыс паркі. Бірін-бірі мерекемен құттықтаған халықтан ине шаншар жер көрінбейді.
2. Алматы-1 вокзалының алды. Жазғы демалысқа кетіп бара жатқан көңілді студенттердің шат күлкісі вокзал ішіндегі əдеттегі айғай-шудан да басым естіледі.
2. Мезгіл атаулылар: 1919 жыл. Қалаларда отын, тас көмір, мұнай жоқ, суықта тоқтап жұмыссыз завод, фабрикалар тұрады.
Түн. Қараңғылық. Алып шахты құрылысына қарай Рақмет келе жатыр.
3. Құбылыс (зат) атаулылар: Боран. Далада тірі пенде жоқ.
Ысқырып соққан жел. Жүргіншілер қанша қамшыласа да, əбден титықтаған аттар көнер емес, ілбіп келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. аманжолов С.а. «қазақ тілінің грамматикасы» 2 бөлім “Синтаксис” Алматы.- 1997 2. Сауранбаев н.Т. «Қазақ тілінің синтаксис мәселелері» Алматы.-1953 3. Балақаев М.Б. «Қазақ тілі грамматикасы» 2 том “Синтаксис” Алматы.-1967