Кемпірсай кенді алқабы– Ақтөбе облысыОрал тауының оңтүстігінденде Орталық Орал көтерілімі ауқымында орналасқан аса ірі хромит, никель, кобальт кен орындары шоғырланған алап. Хромит кен қоры жағынан дүние жүзі бойынша 2-орында. 1920 – 36 ж. ашылған. Алап меридиан бағытында 88 км-ге созылған, кенді бөлігінің ені солт-ндегі 1 км-ден оңт-ндегі 50 км-ге дейін өзгереді, ауданы 1200 км². Кемпірсай ультрабазит алабында барлығы 160 кен орындары, кен білінімдері мен минералданған нүктелер анықталған. Кемпірсай кенді алқабында палеозой және прекембрий тау жыныстары созылыңқы көтерілім түзеді, ол Орал тауы антиклинорийінің оңт-тегі жалғасы болып табылады. Кен орындары осы антиклинорийдің шығыс қапталында, аймақтық терең жарылым маңында орналасқан. Жарылымға шығыс жағынан девон және одан да жас түзілімдермен толған ойыс жанасады. Интрузивтің солт. бөлігі антиклиналь қатпарының флексурасымен күрделенген, оңт. үш антиклинальді қамтиды. Кейінгі девонда жер бетіне көтерілген интрузив қатты үгілуге ұшыраған.
Дөң Кен Байыту Комбинаты– хром кентастарын өндірумен және оны байытумен айналысатын кәсіпорын. Ақтөбе облысыныңХромтау ауданындағыХромтау қаласында орналасқан. Донской (Дөң) хромит кен басқармасы Кемпірсай хромит кендерін 1938 жылдан пайдаланып келеді. 1973 жылы қуаты 1 млн. т кен байыту фабрикакасы іске қосылып, хром кентастарын күрделі ортада байыту технологиясы енгізілді. 1975 жылдан кен басқармасы Дөң Кен Байыту Комбинаты болып аталады, ал 1993 жылдың 29 желтоқсанында Дөң Кен Байыту Комбинаты акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. 1995 жылдың мамыр айынан Қазақстан Үкіметінің шешімімен Дөң Кен Байыту Комбинаты Japan Chrome Corporatіon (JCC) фирмасына басқаруға берілді. Дөң Кен Байыту Комбинаты ТМД елдерінде өндірілетін хром кентастары көлемінің 95%-ке жуығын өндіреді, ал хром кентастарының қоры мен оны өндіруде дүние жүзі бойынша екінші орында (Оңтүстік Африка Республикасынан кейін). Негізінен, Кемпірсай ультрабазиттік массивінде шоғырланған хром кентастарының қоры 325 млн. т болып саналады (1995). Дөң Кен Байыту Комбинаты құрамында ашық әдіспен кен өндіретін үш карьер бар. Сондай-ақ, оның құрамына Дөң кен орны, екі жер асты кеніші, екі ұсақтағыш-іріктеуіш фабрика және кен-байыту фабрикасы енеді. Дөң Кен Байыту Комбинаты өнімінің жылдық орташа мөлшері 2,0 млн. т (2000).
Титанды айта кететін болсақ-