Титан кентастары – құрамында өндірісте бөліп алу экономикалық жағынан тиімді болатындай мөлшерде титаны бар минералды шикізат. Басты минералдары: ильменит (43,7 – 52,8% ТіО2), рутил, анатаз және буркит (94,2 – 99,5%), лейкоксен (61,9 – 97,6%), лопарит (38,3 – 41%), сфен (33,7 – 40,8%), перовскит (38,7 – 57,8%). Титан кентастары алынатын кен орындарының көпшілігі кешенді болып келеді.
Қазақстандағы титан кенорындары: Обуховское, Қараөткел, Шоқаш, Ащысай кенорындары
Обухов титан-цирконий кен орны 1958 жылы ашылды. Кен орнының бірегейлігі онда өндірілетін шикізаттың ұсақ бөлігімен байланысты, бұл өңдеуді айтарлықтай жеңілдетеді. Үш аймақпен ұсынылған: Обуховский, Северный және Горький. Бұл учаскелер жағалаулық-теңіздік, ішінара лагуналық жағдайларда түзілген және палеогендегі Чеган формациясының қиыршық-құмды-сазды түзілімдеріне жатады.
Шоқаш титан кен орны - Ақтөбе қаласынан солтүстік-батысқа қарай 100 км, Мортық (Мартөк) темір жол стансасының оңтүстік-батысынан 40 км жерде орналасқан.
Кен орнының кентасты алабы триас-палеоген кезеңінде жаралған моноклинальдық шұңқыр түзетін құрлықтық және теңіздік олигомиктік шөгінді тұнба тау жыныстарынан тұрады.