ҚАН ТҮЗУШІ ЖҮЙЕ ФИЗИОЛОГИЯСЫНАН
№ 1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Тақырыбы: Қанның құрамы және қасиеттері: Қызыл қанның анатомия және физиологиясы. Гемолиз.Қан топтары. Резус фактор.
Хаттама құрастыру:
№ 1. Тапсырма . Төмендегі сызбанұсқаны толтыру «Қанның көлемі және құрамы»
№ 2. Тапсырма Кестені толтыру «Қанның физико химиялық қасиеттері».
Қасиеттері
|
Қалыпты көрсеткіштері
|
Түсі
|
эритроциттер iшiндегi гемоглобиннің
әртүрлі газдармен, басқа заттармен реакцияга түсіп, тиiстi қосындылар түзуіне байланысты.
|
Дәмі
|
тұзды, құрамында NaCI көп болуына
байланысты.
|
Иісі
|
кұрамында тез буланатын май қышқылдарына байланысты.
|
Қанның меншікті салмағы қан құрамындагы эритроциттердiң аз-көптiгiне байланысты (физиологиялық және патологиялық).
|
Қанның меншiктi салмагы - 1,050-1,064 плазманың меншікті салмағы - 1,024-1,032 формалық элементтердің меншікті салмағы- 1,089-1,098
|
Қанның тұтқырлығы
|
4-5 (қан жасушалары мен плазмадағы ірі молекулалық заттардың деңгейіне
байланысты).
|
Осмостық қысымы
|
290-310 мосм/л
Қанның құрамындағы тұздар (электролиттер) мөлшерiне байланысты туындайтын қысым.Қанның осмостық қысымы негiзiнен NaCl иондарына байланысты.
|
Онкотикалық қысымы
|
3,0-4,0 мосм/л
Қанның құрамындағы белок молекулары тудыратын кысым.Қанның онкотикалық кысымы аз, бiрак оның қан мен тін арасындағы су алмасу үрдістерін реттеуде маңызы зор.
|
Қан реакциясы (pH)
|
вена қанында -7,36
артерия қанында - 7,42
Қан құрамындағы сутегі (Н) мен гидроксил (ОН) иондарының ара-қатынасына байланысты. Өте тұрақты көрсеткiштердiң бiрi, 0,1-0,2 мөлшерге өзгерсе қауiптi.
|
№ 3 Тапсырма .Кестені толтыру «Қан плазмасынның құрамы»
Достарыңызбен бөлісу: |