Құрамы мен құрылымы



бет4/4
Дата25.05.2023
өлшемі22,93 Kb.
#97601
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
2 дәріс. Автомобиль көлігі кәсіпорындарының негізгі қорлары

Кинт = КЭКИ.
Еңбек құралын экстенсивті пайдалану көрсеткіштері арасында құрылғы жұмыстарын ауыстыратын коэффициент маңызды рөлді алады, ол әрбір құрылғы бірлігінің орта есеппен бір тәулікте қанша ауысым жұмыс істегенін көрсетеді, және барлық ауысымда жұмыс істелген ауысым-машиналарын Мс орнатылған құрылғы санына М бөлу арқылы анықталады:
Ксм= MС/M.
Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту автокөлік қызметкерлерінің бірінші мақсаты болып табылады және ол автомобиль паркінің сағат (тәулік, ай, жыл) ішіндегі өнімділігін көтеру, жылжымалы құрамның амортизациялық және жөндеу аралық жүгірісін көбейту, сонымен қатар басқа негізгі қорлардың қызмет көрсету мерзімін көбейту нәтижесінде қол жеткізіле алады.
Автомобильдік парктің сағаттық өнімділігін жоғарылату техникалық пайдалану көрсеткіштерін жақсарту қажет: жүк көтергішті пайдалану коэффициенті, жүгірісті пайдалану коэффициенті, қозғалыстың техникалық жылдамдығы, жылжымалы құрамның тиеу-түсіру жұмыстарындағы уақыты. Бұл көрсеткіштердің жақсаруы тек орталықтандырылған тәртіпте жүк тасуды жүзеге асыратын үлкен автокөлік кәсіпорындарында ғана мүмкін.
Жылжымалы құрамның өнімділігін тәулігіне жоғарылату оның тәулік бойы осы бағытта жұмыс істеу уақытын (автомобильдік парктің ауысымдық жұмысын көбейту) көбейткенде ғана қол жеткізіле алады. Мұнымен қоса, автомобильдік парктің бір айда, тоқсанда, жылдағы өнімділігін өсіру, шығарылым бағыты бойынша жұмысты ұйымдастыру және автокөліктердің техникалық дайындық коэффициентіне байланысты болатын автомобильдерді шығару коэффициентін жоғарылату нәтижесінде мүмкін болады. Өнімділікті жоғарылатуға тиегіштерді қолдану әсер береді.
Жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімі (жөндеу аралық және амортизациялық жүгіріс) техникалық қызмет көрсетуге және автомобильдерді ағымдағы жөндеуге, техникалық пайдалану мәдениетіне байланысты болады.
Негізгі қорлардың дұрыс пайдаланылуына жұмыскерлердің материалдық қызығушылықтары ықпал етеді. Ол үшін сәйкес еңбекақыны төлеу жүйесі, автомобильдердің жүгірісі үшін бекітілген нормадан бөлек сыйақы, шиналарды үнемдеу және т.б. жүйелер қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет