Өкпедегі газдар алмасуы сол газдардың альвеола ауасындағы меншікті қысымы мен олардың қандағы кернеуінің айырмашылығы нәтижесінде диффузия жолымен жүзеге асады. Толық емес
Физикалық еріген жағдайда оттегінің ~1%-ы тасымалданады.
О2 негізгі бөлігі эритроцит Hb-імен қосылыс түрінде тасымалданады.
1г Hb 1,34-1,36 мл О2-ні байланыстыра алады. Hb-нің оксигемоглобинге айналуы еріген оттегінің кернеуімен анықталады және HbО2 диссоциациасының қисығымен көрсетіледі, оны Баркфот зерттеген.
Қанның оттегіге сыйымдылығы О2-нің 100 қанмен байланыса алатын ең үлкен мөлшері, 18-20 мл немесе 180-200 мл/л.
Тыныс орталығының орналасуын 1812 ж. Легалуа, кейін Флуренс, 1885 ж. Миславский зерттеген. Олар кесу және тітіркендіру әдісімен тыныс орталығының сопақша мида орналасатындағын дәлелдеді. Тыныс орталығы туралы қазіргі түсініктер соңғы жылдары қалыптасты. Тыныс орталығы – ОЖЖ-нің түрлі бөлімдерінде орналасқан жүйкелік құрылымдардың жиынтығы, орталықтар үркері. Жұмысшы орталық булбарлық болып табылады.
1. Сопақша ми – инспираторлық және экспираторлық жүйкелер, дорсалдық және вентралдық ядроларда орналасады, орталықтың автоматиялық қасиеті бар.
2. Вароли көпірі – пневмотаксия және апнейстикалық орталықтар.
Пневмотаксия орталығы тыныс циклы фазаларының ауысуына қатысады. Бұл ортаықты істен шығарса тыныс баяулайды.
Апнейстикалық орталық – ол булбарлық орталықтағы заттар алмасуы мен оның тонусын реттейді деп есептеледі.
Гипоталамус аймағы да тыныстың реттелуіне қатысады.