Артериялық пульсті пальпация әдісінің көмегімен самай, білезік, ұйқы, шап артерияларын үш саусақпен басып анықтайды (пальпация).
Тыныс алу. Тыныс алу, оның негізгі кезеңдері. Сыртқы тыныс алу. Дем алу мен дем шығарудыңбиомеханикасы. Плевралық қуыстағы қысым, оның негізі мен сыртқы дем алудағыролі.
Тыныс алу – оттегіні ағзалар мен ұлпаларға жеткізу, оның жасушалардағы тотығу үрдістерінде пайдаланылуы, сондай-ақ организмнен көмір қышқыл газын шығару үрдістерінің жиынтығы. Тыныс алу 5 кезеңнен тұрады: 1.Сыртқы тыныс алу – өкпенің желденуі, атмосфералық ауа газдарының өкпе альвеолаларына және өкпеден сыртқы ортаға тасымалдануы.
2.Өкпедегі газдар алмасуы – альвеола ауасы мен қан арасындағы газдар алмасуы.
3. Газдардың қан арқылы тасымалдануы – оттегінің өкпеден ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан өкпеге тасылуы.
4. Ұлпалардағы газдар алмасуы –оттегінің капиллярлар қанынан ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан қанға диффузиясы.
5. Ұлпалық тыныс алу –жасушалардағы тотығу-тотықсыздану үрдістері.
Сыртқы тыныс алу– демалу мен демшығару механизмі. Сыртқы тыныс алу, газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: демалу (инспирация) және демшығарудан (экспирация) тұрады.
Негізгі инспирация еттері:Көкет. Сыртқы қабырғааралық еттер. Шеміршек аралық еттер.
Қосымша: Тіс тәрізді еттер. Көкірек-бұғана-емізік еттері. Трапеция тәрізді еттер. Үлкен және кіші көкірек еттері.
Негізгі инспирация еттерінің жиырылуы нәтижесінде көкірек қуысының көлемі фронталдық, сагиталдық және вертикал бағытта ұлғаяды. Осылайша, дем алу – белсенді үрдіс.
Жай дем шығару пассивті жүреді, инспирация еттері босаңсиды, көкірек қуысы тарылады. Белсенді дем шығаруда экспирация еттері қатысады:
Құрсақ еттері (ішкі және сыртқы қиғаш, тік және көлденең құрсақ еттері).
Ішкі қабырға аралық еттер.
Өкпе дем алу мен дем шығаруға пассивті қатысады, бұл Дондерстің физикалық-физиологиялық моделінен көрінеді.
Өкпе плеврамен қапталған, плевраның висцералдық және париеталдық жапырақшалары арасында саңылау болады, ондағы қысым теріс. Плевралық қуыс қысымы:Плевралық қуыс қысымын өлшеу үшін қатар орналасқан қа-бырға аралығына жуан имек ине тығып, оның сыртқы ұшын «И» тәрізді манометрмен жалғастырады. Плевралық қуыстағы қысьш сырттағы ауа кысымынан төмен болады, сондықтан онымен жал-ғасқан сынап бағанасы жоғары қарай көтеріледі, ал атмосфсра-лык ауамен жалғасқан сынап бағанасы темен түседі. плевралык қуыс қысымы әр уақытта атмосфера қысымынан төмен және өкпе неғұрлым қатты созылса, соғұрлым төмен болады. Демек, плев-ралық қуыс қысымын теріс қысым деп тану керек. Тыныс терең-деген сайын плевра қуысында теріс қысым мөлшері арта түседі. Теріс қысым ауаның өкпеге кіруін, яғни дем алуды жеңілдетеді, венадағы қанның журекке қайтып оралуын қамтамасыз етеді-ллевра жапырақшалары аралығындағы кысымның төмендеуіне байланысты көкірек қуысындағы үлкен веналар мен жүрекше кенейіп қанды жүрекке қарай тартады.
Жай дем алғанда ол –6 мм с.б., терең дем алғанда –20 мм с.б. дейін төмендейді.
Жай дем шығарғанда –3 мм с.б.
Плевра қуысындағы теріс қысым өкпенің серпімділігіне байланысты.
Плевра жапырақшалары аралығында әдетте газ (ауа) бол-.майды. Плевралық қуысқа аздап болса да ауа кіре қалса ол 'бір-тіндеп канға сіңеді. Плевралық қуысқа ауа кіруі пневмоторакс пен аталады. Оған ауа көп кірсе тыныс тарылады.