Құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау



бет1/3
Дата27.03.2023
өлшемі0,93 Mb.
#76538
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
kp-tabaly-sandardy-osu-zhne-azajtu-tsideri


Қысқа мерзімді жоспар



Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту
8 сабақ.Тақырыбы:Көп таңбалы сандарды қосу және азайту тәсідері

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.5 – үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық
құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау
3.1.2.8 – үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту
алгоритмдерін қолдану

Сабақтың
мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады:

сызбалар мен графикалық модельдерге сүйеніп, үш таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайту тәсілдерін түсіндіреді.



Оқушылардың көпшілігі: үш таңбалы сандардың ондық құрамы
негізінде үш таңбалы сандарды қосу мен азайту тәсілдеріндегі
жазуларды толықтыра алады.

Оқушылардың кейбіреулері: сандардың модельдеріне сүйенбей-ақ, үш таңбалы сандарды ауызша қоса және азайта алады.

Ғылыми тіл

Оқушылар үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдерін
түсіндіре алады.

Талқылауға арналған сұрақтар:
Үш таңбалы сандарды қалай қосамыз?
Ол үшін біз не істедік?
Бізге қандай білім қажет болды?
Үш таңбалы сандарды азайту тәсілдерін түсіндіріңдер.
500+200, 30+50, 3+4 өрнектері нені білдіреді?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Қосу және азайту амалдарын орындай алады, компаненттерін атайды.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар



Сабақтың басы
5 мин



Психологиялық дайындық
Математика сабағын.
Жақсылап ұғып аламыз.
Сәулесі деп сананың,
Мәнінен ой табамыз.


Оқушыларды топқа бірігуі Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу
«Бірлік», «Ондық », «Жүздік»
Кіріспе тапсырма. « Кір жаятын жіп» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру. Кір жаятын жіпке үш таңбалы сандар жазылған тапсырма ілінеді. Оқушылар үш таңбалы санды атайды. Сандардың қандай заңдылықпен орналасқанын еске түсіреді.Сандардың орналасу заңдылығы бұзылғанын анықтайды. Санда неше жүздік, ондық, бірлік барын айтады. Сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктейді.
Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»

Слайд №2

Топқа бөлуге арналған қима қағаздар
«Бірлік», «Ондық », «Жүздік»

Слайд №3,4





Сабақтың ортасы

30 мин




(Ұ.Ж.) Құрастырып көр. Тақтаға 5,0,8 және 4,2,7 цифрлары жазылады. Оқушылар осы цифрлардан бірнеше үш таңбалы сандарды құрастырады. Сандарды құрастырғанда цифрлар қайталанбау керек.
Тапсырма

  • Сандарда қанша жүздік, ондық, бірлік бар?

  • Қанша ондық, бірлік бар?

  • Осы сандарды разрядтық қосылғыштарға қалай жіктеуге болады?

Оқушыларды ондық құрамы негізінде үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдерін түсінуге бағыттау.
«Басбармақ» арқылы бағалау.


Амалдарды орындап көр.
(Д.Ж.)Оқушыларға ондық құрамы негізінде үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдерін түсіндіру. Нөлмен аяқталатын үш таңбалы сандарды қосу мен азайту үшін,
әрқашанда оларды ондық түрінде жазып, амалдарды орындауға болады.
Мысалы
630 + 200 = 63 онд. +20 онд. = 83 онд.= 830
Әрі қарай оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды. Бұл тапсырмаларды орындау арқылы алған білімдерін бекіту. Қате жіберген оқушыларға жеке көмек көрсету. Қабілеті жоғары оқушылардан тағы қандай тәсілмен есептеуге болатының сұрау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет