Есеп 12.9. Келтірілген мәліметтерге сәйкес әкімшілік қызметкер- леріне ақпан айы үшін еңбекақы есептеу қажет.
Бастапқы мәліметтер:
Аталған санаттағы қызметкерлерге еңбекақы төлемі үшін мерзімді формасы қолданылады. Бухгалтерияның анықтама-есебі және жұмыс уақытын пайдалану есебінің табелі бойынша:
Ахметов Б.К.-директор, тұрақты еңбекақысы (оклад) 125 000 теңге, 16 күн жұмыс атқарады,айдағы жұмыс күннің саны-21.
Маханова Н.Н.-бас бухгалтер, тұрақты еңбекақысы- 120 000теңге, 21 күн жұмыс атқарады.
Қуанышева Б.А.-кассир, тұрақты еңбекақысы 90 000 теңге, 18 жұмыс күнін атқарады.
Сманов Е.К.-жабдықтау бөлімі бастығы,тұрақты айлық ақысы 100 000 теңге, 20 күн жұмыс атқарады.
Есеп12.10. Мәліметтер негізінде:
Кесімді жұмысшының еңбекақысын есептеңдер;
Шаруашылық операциялардың шоттар корреспанденциясын құрыңдар.
Бастапқы мәліметтер:
Кесімді жұмысшы Жандаров О.С. шілде айында 18 жұмыс күнін атқарды және осы уақытта 280 бұйым жасады. Бір бұйымды жасауға берілген жұмыс уақытының ұзақтығы 40 минут, бір бұйымды жасаудың кесімді бағасы 210,50 теңге. Өнімді 10% дейін бекітілген нормадан артық өндіргені үшін бағасы 15 %-ға өседі, ал өнімді өндіру нормасын 10% жоғары асыра орындау кезінде өндіру бағасы 25%-ға өседі.
Есептеуді келесі (12.3-кесте) кестеде жүргізу қажет.
Кесте 12.3
Еңбек көлемінің кесімді-прогрессивтік жүйесі кезінде еңбекақы есептеу
Норма бойынша өндірім
Нормадан асыра өндіру
Асыра орындау пайызы
Тұрақты баға бойынша
еңбекақы
Норманы асыра орындағаны үшін прогрессивтік
қосымша
Еңбекаы жиыны (4б+5б)
1
2
3
4
5
6
Есеп 12.11.Кесімді жұмысшы Оспанов К.К. шілде айында 20 күн жұмыс атқарды және осы уақытта 260 бұйым жасады. Жұмыс күнінің ұзақтығы 7 сағат. Бір бұйымды дайындауға берілген уақыт нормасы
50 минут, кесімді баға 260 теңге. Өнімді 10% дейін бекітілген нормадан артық өндіргені үшін бағасы 15 %-ға өседі, ал өнімді өндіру нормасын 10% жоғары асыра орындау кезінде өндіру бағасы 25%-ға өседі.
Еңбекақыдан шегерімдер жүргізіледі:
Міндетті зейнетақы жарнасы 10%?
Жеке табыс салығы?
Есеп беретін сома – 10500 теңге.
Талап етіледі:
Кесімді жұмысшының еңбекақысын есептеңдер.
Шаруашылық операциялардың шоттар корреспанденциясын құрыңдар.