Құрамы Р/с № Көрсеткіштердің атауы Сомасы, мың тенге 1



бет15/17
Дата16.05.2023
өлшемі169,25 Kb.
#93576
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
БЕ есептер жинағы

Есеп 13.1. Есепті кезең соңында компания активі 23000000 тенге, ал міндеттемелері 16500000 тенгені құрады.
Табу керек:

    1. Компанияның меншікті капиталы көлемін.

Есеп 13.2. «Инвест» ЖШС-нің 01.01.20 ж. жарияланған
капиталы ақша қаражаты түрінде салынған 3 құрылтайшының үлесінен тұрады:

  1. Айдаров А. – 120000 тенге.

  2. Әлиева К. – 150000 тенге.

  3. Ерасылов Н. –130000 тенге.

Есепті кезеңде құрылтайшылар арасында бөлінуге тиіс таза табыс 600000 тенге болды.
Табу керек:

  1. Жарияланған капиталдағы әрбір құрылтайшының үлесін;

  2. Серіктестік құрылтайшыларының табысы сомасын.

Есеп 13.3. Үш құрылтайшы Арман, Берік және Сәбит капиталдарын біріктіріп, жиһаз дайындау және сату бойынша
«Сервис» ЖШС құруға шешім қабылдады. Құрылтай құжаттары негізінде үлестері:

  1. Арман – 20000 тг. ақшалай және 15000 тг. жабдық түрінде.

  2. Берік – 18000 тг. ақшалай және 10000 тг. жабдық түрінде.

  3. Сәбит – 19000 тг. ақшалай және 12000 тг. тауар түрінде. Талап етіледі:

  1. «Сервис» ЖШС-нің жарияланған капиталының көлемін анықтау.

  2. Әрбір құрылтайшының үлесін табу.

  3. Шаруашылық операцияларға бухгалтерлік жазу беріңдер.

Есеп 13.4. Серіктестік 2012 ж. қыркүйекте 5 дана су құятын ыдыс сатып алды. Бастапқы құны - әрқайсысы 28900 тенге. Пайдалы пайдалану мерзімі – 13 жыл, әр ыдыстың пайдалану мерзімі соңындағы жойылу құны - 290 тенге.
Серіктестік құрылтайшыларының жиналысы шешімімен 2013 ж. маусым айында балалар демалыс орнына бір ыдысты (көлемі 50 м3) өтеусіз беру ұйғарылды.
Тапсырма:
1. Серіктестікің бухгалтерлік есебінде қандай жазулар көрсетіледі?
Есеп 13.5. Ұйым балансында баланстық құны 3500000 теңге өнеркәсіптік ғимарат бар. Сатып алынған уақыты - 2009 жылдың қаңтар айы, пайдалы қызмет мерзімі -10 жыл, амортизация құнды біркелкі есептеп шығару әдісімен есептеледі.
2013 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша ғимараттарды жылжымайтын мүлікті бағалауға лицензиясы бар ұйым бағалады.
Қайта бағалау нәтижесінде ғимарат құны 4200000 теңге болды. Тапсырма:

  1. Компания қайта бағалау нәтижесін бухгалтерлік есепте қалай көрсетеді?

  2. Операцияға бухгалтерлік жазу беріндер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет