Сөз құрамы туралы зерттеулер
Сөз құрамын зерттеу 1913 жылы шыққан А.Байтұрсынұлының «Тіл құралдарында» орыс тілі грамматикаларына еліктеп, сөздерді тұлғасына қарай беске бөлгенін көреміз: «Түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосымша сөз, қсымшалар».А.Байтұрсынұлы үшеуіне ғана дұрыс аударма берген. Соңғы екеуіне дұрыс термин таба алмаған.
1930 жылдардан бастап сөздің құрамы жеке ғылыми мақалалар түбірінде әр жақты зерттелген, атақты ғалым Құдайберген Жұбанов морфологияға мынадай анықтама берген: «Морфология-сөздің қалай құралатынын зерттейтін ғылым». Сөз тұлғасы жайында Қ. Жұбанов, А. Ысжқақов және Ә. Қайдаровтың еңбектерінде кездестіреміз. Қазақтың көрнекті тілші-педагог ғалымы Қ. Басымов өзінің «Қазақ тілінің жалғау-жұрнақтары» атты мақаласында жұрнақтарды сөз аяғына қосылып, өзге сөз тудырып, түбірден сөз жасап отыратын буындарды жұрнақтар деп атайды.Ал жалғаулар жайында алғашқы ғылыми анықтаманы профессор Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі граматикасы» еңбегінен көреміз. Онда: «Бір сөзді басқа бір сөзбен қиындастыру үшін жалғанатын қосымшаны жалғау», -дейді. Бұл ванықтама кейінне жарық көрген түрлі грамматикалық ғылыми зерттеулерге, жеке мақалаларға негізгі өзек болғаны мәлім.
Бірақ Жұбановта да термин жүйесінен жұрнақты үстеу деп атау дағдысы кездеседі. Бершін келе жұрнақ-жалғаулар жалпылама сөз болудан гөрі жеке-жеке алып талдану объектісіне айналып, арнайы зерттеулер жүргізілген ғылыми мақала жазу дәстүрі туған. Осы кезде Қазақстанда біраз журналдар мен жеке жинақтарда С.Аманжоловтың, М. Балақаевтың, Ш.Сарыбаевтың жалғаулардың қызметі мен мағыналары, жасалу жолдары туралы және топтастыру пинциптері жайында біраз мақалалары шыққан. Ал 1950 жылдан бастап жалғау –жұрнақтар диссертациялық тақырыптарға айналып, олардың тарихы мен жасалу жолдары және сөз тудыру қызметтері кеңінен зерттеліне бастайды. Жұрнақ арқылы сөз тудырылуына арналған зерттеулер қазақ тілі білімінде Қалыбаев, Телеуов, Құлманбетова, Қаямова еңбектерінде бар.
Тағы да Қ. Жұбановтың пікірлеріне, еңбек, зерттеулеріне тоқталсақ: қосымшаларды «тілге туа біткен нәрсе емес, түбір сөздердің біразы басқа түбірлерімен қосақталып жүре-жүре азып-барып, қосымша болып кеткен» делінеді. Мысалы: оқушы –мын, оқушы – сың, осында –мын қосымшасы мен жіктеу есімдігінен, -сыз қосымшасы сіз жіктеу есімдігінен өзгеріп барып жасалған. Олар қосымша болғаннан кейін түрі бұдан да гөрі өзгеріп, танымастай болып кете берген. Мысалы: ата-м,
ана-м дегендегі –м қосымшасы да мен деген түбірден жасалған. Кітаб-ы, бала-сы дегендегі ы, сы қосымшалары ол, сол сілтеу есімдіктерінен пйда болған.Сөз тұлғаларының ең бір күрделі және қиын да қызықты түрі-күрделі сөздер мәселесі, күрделі сөздердің жеке тараулары қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер.
Бұл мәселеге Қ. Жұбановта көңіл аударған: сөздің сыртқы көрінісін сөздің тұлғасы дейміз, -деген анықтама бергенде. Оларды алты топқа бөлген:
Түбір сөз
Қосымшалы сөз
Кіріккен сөз
Қиюлы сөз
Қосарлы сөз
Қосалқы сөз
Бұл терминдердің біразы қазір басқаша да айтылады: қосымшалы-туынды сөз, кіріккен-біріккен сөз, қосарлы қос сөз, қосалқы – оңаша жұмсала алмайтын үстеулі сөз. Қосалқы сөздерге шейін, сайын, менен, да, қой, ақ, тым, әрең, өте, ең сөздері жатады. Ғалым Жұбановтың қос сөздер туралы пікірі: Қос сөздің ертеден белгілі екі түрі бар. Үстеме буынды, күшейтпе буынды; бір сыңары ықшамдалып қайталанған қос сөздер қатарына жатады да, үстеме буындары сын есім сөздердің әуелі толық түрін қысқартып, соңынан п дыбысы арқылы бұның бітеу буынға айналудан пайда болған.
Мысалы: қара қап- қара , таза тап-таза, қызыл қып- қызыл.
Басқа тілдер сияқты қазақ тілінің де қалыптасуы, дамуы, жетілуі, оның грамматикалық құрылысы мен сөздің құрамындағы дыбыстың өзгерістерге түсіп, жаңа сөз жасайтын не сөзді түрлендіретін, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалардың әр алуан тұлғалық құбылыстарға ұшырауына, сөз мағыналарының әр түрлі реттерден көркемдегіштік қасиеттеріне ие болуына байланысты.
Қорыта айтқанда , бұндай өзгерістердің сипатын үнемі тіліміздің даму, баю, жаңа стильдік мүмкіндіктерге ие болу бағытында болған. Бұл мәселе кейінгі кезде жаңарып, толықтырылып, нәтижесінде жаңа объектіге айналып, «сөз жасам» деп аталып жүр. Сөз жасам объектісінің негізгі зерттеу объетісі, міндеті- сөздің жасалу процесін емес, сол процестің нәтижесін, яғни туынды сөздің құрылымын, жасалу жолын зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |