жұқтыру қаупі жоғары тұлғаларда құтырма вирусының профилактикасында (мал дәрігерлері, жануарларды күтіп-бағушы, аңшылар, дәрігерлер, құтырма вирусын зерттейтін зертхана мамандары, өндіріс мамандары, әскери қызметкерлер, құтырманы жұқтыру қаупі жоғары пошташылар және балалар)
құтырмамен ауыратын, құтырмаға күдікті, жабайы немесе белгісіз жануарлармен жанасудан және олардың тістеп алуынан кейін тұлғаларды құтырмадан емдеуде және оның профилактикасында
Қолдану тәсілі және дозалары ИНДИРАБ вакцинасын вена ішіне енгізуге болмайды!
ИНДИРАБ вакцинасын дайындау және енгізу әдістері Еріткіші бар ампулаларды және ИНДИРАБ вакцинасы бар құтыны ашуды, вакцинация емшарасын асептика ережелерінің қатаң қадағалануымен жүзеге асырады. Еріткіші бар ампуланың ішіндегісін лиофилизацияланған вакцинасы бар құтыға аударып, абайлап сілкиді және вакцина толық ерігенше күте тұрады. Еріту уақыты 5 минуттан аспауға тиіс. Вакцина ерітіндісі гомогенді, бөгде бөлшектерсіз мөлдір болуға тиіс. Бүтіндігіне, таңбалануына нұқсан келген құтыдағы, сондай-ақ ерігеннен кейін түсі мен мөлдірлігі өзгерген, жарамдылық мерзімі өткен немесе дұрыс сақталмаған препарат қолдануға жарамайды.
Вакцина ерітілгеннен кейін дереу енгізілуге тиісті. Ерітілген вакцинаны сақтауға жол берілмейді. Еріген вакцинаны ересектердің иығының дельта пішінді бұлшықетінің ішіне, 5 жасқа дейінгі балаларға – санының алдыңғы бүйір жақ бетінің жоғарғы бөлігіне баяу енгізеді.
Вакцинаны бөксе аймағына енгізуге рұқсат етілмейді! Иммунизациядан кейін шприцтер мен инелер жойылуға тиіс.
Вакцина алушы кемі 30 минут медициналық қадағалауда болуға тиіс.
Иммунизация дозалары мен сызбалары балалар мен ересектер үшін бірдей - 0,5 мл-ден.
Құтырманы жұқтыру қаупі жоғары тұлғаларды профилактикалық иммунизациялау сызбасы
Бастапқы иммунизация
1 дозадан (0,5 мл) - 3 инъекция 0; 7 және 30-шы күні
Құтырманы жұқтыру қаупі жоғары контингент өкілдерін профилактикалық иммунизациялау емдеу-профилактикалық мекемелерінің егу бөлмелерінде атқарылады, онда барлық қажетті мәліметтер (препараттардың атауы, сериялары, дозалары, дүркінділігі және күні) енгізілетін «Профилактикалық егулер туралы сертификат» толтырылады және беріледі.
Антирабиялық жәрдем көрсету Емдеу- профилактикалық иммунизациясын құтырманы жұқтыру қаупіне ұшыраған барлық тұлғалар алады. Құтыру күдігі бар жануарлар тістеп алғаннан кейін вакцинация дереу басталуға тиіс. Вакцинация сызбасы жараның түріне, жануардың статусына қарай жүргізіледі.
Антирабиялық жәрдем жараларды, тырналған, сырылған, сілекейленген орындарды жергілікті өңдеуден және әріқарай немесе антирабиялық иммуноглобулинді (АИГ) және антирабиялық вакцинаны біріктіріп енгізуге көрсетілімдер болғанда ИНДИРАБ антирабиялық вакцинасын енгізуден тұрады. АИГ және антирабиялық вакцинаны енгізу арасындағы аралық – 30 минуттан артық емес.
Жараны жергілікті өңдеу Жараларды (тістелген, тырналған, сырылған жерлерді) және сілекейленген орындарды жергілікті өңдеу шұғыл немесе тістеуден әлде зақымдалудан кейін барынша ертерек басталуға тиіс. Ол жаралы қабатты бірнеше минут бойы (15 минутқа дейін) мол мөлшерлі сабынды сумен немесе басқа жуғыш затпен (детергентпен) жуу арқылы атқарылады, сабын немесе детергент болмаған жағдайда зақымдалған жер ағынды сумен жуылады. Бұдан кейін жараның шеттерін 70% спиртпен немесе 5% сулы-спиртті йод ерітіндісімен өңдеу керек.
Мүмкіндігінше жараны тікпеген дұрыс.
Тігу тек мына жағдайларда ғана көрсетілген:
ауқымды жараларда – жараны алдын ала өңдегеннен кейін бірнеше тері тігістерін жүргізеді;
косметикалық көрсетілімдер бойынша (бет жарақатына тері тігісін салу);
сыртқы қан кетуді тоқтату мақсатында қансыраған тамырларды тігу. Жараны (зақымдарды) жергілікті өңдегеннен кейін дереу емдеу- профилактикалық иммунизациясын бастайды. Емдеу-профилактикалық иммунизациясының курсын зардап шегушінің тіпті құтырған жануармен, құтырма ауруына күдікті жануармен, жабайы немесе белгісіз жануармен жанасуынан кейін бірнеше ай өтіп кетсе де, антирабиялық жәрдемге жүгіну мерзіміне қарамастан тағайындайды.
Құтырмаға қарсы бұрын иммунизацияланған тұлғаларды вакцинациялау Бұрын емдеу-профилактикалық немесе профилактикалық егулердің толық курсын алып, оның аяқталғанына кемі 1 жыл өткен тұлғалар үшін 0, 3, 7 күні 0,5 мл ИНДИРАБ антирабиялық вакцинасының үш инъекциясын тағайындайды.
Құтырмаға қарсы иммунизацияланбаған тұлғаларды вакцинациялау Соңғы профилактикалық ревакцинациядан кейін жыл немесе одан артық уақыт өтсе, немесе иммунизация курсы толық өткізілмеген болса, онда егулерді төменде келтірілген сызба бойынша жүргізеді.
ИНДИРАБ антирабиялық вакцинасымен емдеу-профилактикалық егулерінің сызбасы
Зақымдалу санаты
Жанасу сипаты
Жануар жөніндегі деректер
Емдеу
1
Тері жабындарының зақымдануы жоқ, тері жабындарының сілекейленуі жоқ, шырышты қабықтардың сілекейленуі жоқ.
Зақымдалмаған тері жабындарының сілекейленуі, үй және ауыл шаруашылығы жануарларының денені, аяқ пен қолды (бастан, беттен, мойыннан, қол мен аяқтың ұштары, саусақтарынан басқа) сыруы, тырнауы, беткі қабаттарын тістеуі
Егер жануарды бақылауға алған 10 тәулік бойы ол сау қалыпта қала берсе, емдеуді тоқтатады (яғни, 3-ші инъекциядан кейін)
Егер жануарда құтырманың жоқ екені зертханалық тұрғыда дәлелденсе, онда құтырманың жоқтығы анықталған сәттен бастап емдеуді тоқтатады
Жануарды 10 күндік бақылау мүмкін болмайтын басқа жағдайлардың бәрінде (өлтірілсе, өліп қалса, қашып кетсе, жоғалып кетсе және басқалар), емдеуді көрсетілген сызба бойынша жалғастырады
Емдеуді дереу бастау:
0,5 мл-лік вакцина
0, 3, 7, 14, 30 және 90 күні
Шырышты қабықтардың кез келген сілекейленуі, бас, бет, мойын, аяқ пен қолдың ұштарын, саусақтарын, жыныс мүшелерін кез-келген тістеу; үй немесе ауыл шаруашылығы жануарларының жекелеген немесе көптеген терең жыртқан жарақаттары;
Кез келген сілекейлену және жабайы етпен қоректенетін жануарлардың, жарқанаттар мен кеміргіштердің жасаған зақымдары
Егер жануарды бақылау мүмкіндігі болса және ол 10 тәулік бойы сау болып қала берсе, онда емді тоқтатады (яғни 3 инъекциядан кейін).
Егер жануарда құтырманың жоқ екені зертханалық тұрғыда дәлелденсе, онда құтырманың жоқтығы анықталған сәттен бастап емдеуді тоқтатады.
Жануарды бақылау мүмкіндігі жоқ басқа барлық жағдайларда емдеуді көрсетілген сызба бойынша жалғастырады
Антирабиялық иммуноглобулинмен біріктірілген емді шұғыл бастау:
20 ME/кг гомологиялық (адамдық) антирабиялық иммуноглобулин
немесе 40 ХБ/кг гетерологиялық (жылқының) антирабиялық иммуноглобулин
0 күні
және
антирабиялық вакцинамен:
0,5 мл-ден
0, 3, 7, 14, 30 және 90 күні
Антирабиялық иммуноглобулин енгізу сызбасы Гетерологиялық антирабиялық иммуноглобулинді енгізудің алдында емделушінің жылқының ақуызына жеке сезімталдығын тексеру қажет. Екі препарат та бір мезгілде (әртүрлі орындарға әуелі антирабиялық иммуноглобулин, сосын антирабиялық вакцина) енгізіледі.
Антирабиялық иммуноглобулинді құтырмасы бар, құтырмаға күдігі бар немесе белгісіз жануармен жанасудан кейін мүмкіндігінше ертерек тағайындайды.
Гетерологиялық антирабиялық иммуноглобулинді тістегеннен кейінгі 3 тәуліктен кешікпей 40 ХБ/кг-ден енгізеді, гомологиялық антирабиялық иммуноглобулинді тістегеннен кейінгі 7 тәуліктен кешікпей 20 ХБ/кг-ден енгізеді. Антирабиялық иммуноглобулиннің есептелген дозасының мүмкіндігінше үлкен бөлігі жарақат айналасындағы тінге және жарақат ішіне терең енгізілуге тиіс. Егер зақымның анатомиялық орналасуы (саусақтардың ұштары және т.б.) антирабиялық иммуноглобулиннің барлық дозасын жарақат айналасындағы тінге енгізуге мүмкіндік бермесе, қалдығын б/і (бөксе бұлшықетіне, санның жоғары бөлігіне, иыққа) енгізеді.
Иммуноглобулин енгізуге белгіленген орын вакцина енгізілетін жерден ерекшеленуі тиіс.