Құрамы Вакцинаның бір құтысының ішінде



бет4/5
Дата09.06.2023
өлшемі56,88 Kb.
#100199
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Айрықша нұсқаулар
Құтырма соңы өлімге апарып соғатын жазылмайтын ауру болғандықтан құтырмаға қарсы иммунизациялау үшін қарсы көрсетілімдер жоқ.
ИНДИРАБ антирабиялық вакцинасы арнайы мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерінде қолданылады.
Егулер жүргізілетін орындар шокқа қарсы емдік дәрілермен жабдықталуға тиіс.
Егілуші білуге тиісті: оған бүкіл егу курсы және ол аяқталғаннан кейінгі 6 ай бойына қандай да бір спирттік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынады. Сондай-ақ, бүкіл егу курсы бойына қатты шаршаудан, қатты салқындаудан, қатты қызудан аулақ болған дұрыс.
ИНДИРАБ вакцинасын вена ішіне енгізуге тыйым салынған.
Иммуноглобулин мен ИНДИРАБ вакцинасын бір шприцте араластыруға немесе бір жерге енгізуге болмайды.
Асқынған немесе қалпына келмейтін сатыдағы созылмалы ауруларда, жедел инфекциялық және инфекциялық емес ауруларда егудерді сауыққаннан соң (ремиссиядан) 1 ай өтуінен ерте жүргізбейді.
Жалпы және аллергиялық реакциялар өршігенде белгісіне қарай ем, гипосенсибилизациялаушы және антигистаминдік препараттар тағайындалады.
Кортикостероидтар мен иммунодепрессанттарды қабылдау аясында вакцинациялар жүргізілген жағдайларда вирусты бейтараптандыратын антиденелер деңгейін анықтау міндетті болып табылады, өйткені кортикостероидтар мен иммунодепрессанттар вакциналық емнің сәтсіздіктеріне әкелуі мүмкін. Вирусты бейтараптандыратын антиденелер болмаған кезде қосымша емдеу курсы жүргізіледі.
Тістеу нәтижесінде алынған жарақатқа 7 күн бойына тігіс салу ұсынылмайды, бірақ кез келген жағдайда антирабиялық иммуноглобулин тігістер салынғанша енгізілуге тиіс. Антибиотиктер мен құрысуға қарсы ем тағайындауға болады. Елеулі тістеп алулар жағдайында (III санат) антирабиялық иммуноглобулин дозасының жартысы бөксе аймағына бұлшықетішілік енгізілуге тиіс, ал қалған бөлігі жараның ішіне терең және жарақаттың айналасына салынуға тиіс. Иммуноглобулинге асқын сезімталдықты енгізуге дейін тексеруге болады.
Антирабиялық иммуноглобулинді 1 реттен артық енгізуге немесе ұсынылғаннан асып кететін дозаларда тағайындауға болмайды, өйткені ол вакцинациядан кейін өзіндік антиденелердің өндірілуін бәсеңдетуі мүмкін.
Емдеу-профилактикалық иммунизациясының курсынан кейін егілушіге препараттардың түрі мен сериялары, егулер курсы және вакцинадан кейін болған реакциялар көрсетілген анықтама (профилактика мақсатындағыегулер туралы сертификат) беріледі.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік кезінде адамда қолдану жөнінде жеткілікті клиникалық деректер, сондай-ақ жануарларға жүргізілген сәйкес репродуктивті зерттеулер жоқ.
Жүктілік және емшекпен қоректендіру кезінде предэкспозициялық профилактика жүргізуді кейінге қалдыру керек.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Постэкспозициялық вакцинация жүргізген жағдайда құтырма өліммен аяқталатын ауру болғандықтан, жүктілік қарсы көрсетілім болып табылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бас айналуы, әлсіздік және басқа жағымсыз әсерлердің болуы мүмкін екенін ескере отырып, иммунизация кезеңінде көлік және қозғалмалы механизмдерді сақтықпен басқаруға кеңес беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет