Жағымсыз әсерлері Жағымсыз құбылыстар жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000).
Жиі емес
ісік, ауыру, қызару, терінің қышынуы және инъекция орнының тітіркенуі
Қолдануға болмайтын жағдайлар Құтырманың профилактикасы мақсатында
вакцинаның кез-келген компонентіне аса жоғары сезімталдық
асқынған немесе қалпына келмейтін сатыдағы созылмалы аурулар, жедел инфекциялық және инфекциялық емес аурулар
алдыңғы вакцинаны немесе иммуноглобулинді енгізуге жүйелі аллергиялық реакциялар (жайылған бөртпе, Квинке ісінуі және т.б.)
дене температурасының 37оС-ден аса көтерілуі
жүктілікте
Құтырманы емдеу мақсатында
жоқ
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Емдеу-профилактикалық вакцинациясы курсын өткізу кезінде басқа препараттармен вакцинация жасауға тыйым салынады. Құтырмаға қарсы вакцинация аяқталған соң басқа вакциналармен егулер жүргізуге 2 ай өтуінен ерте рұқсат етілмейді.
Профилактикалық вакцинацияны басқа инфекциялық ауруларға қарсы вакцинациядан кейін 1 ай өтуінен ерте жүргізбейді.
Кортикостероидтар және иммуносупрессивтік ем вакцинацияға иммундық жауапты төмендетуі мүмкін.